Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн болсын. Бүгінгі күн біз үшін Сəттілікке толсын!
Топқа бірігу.
«Түстер ассоциациясы» стратегиясы бойынша топқа бірігу.
топ – көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоциация болады? (мөлдір су).
топ – сары түс (күн, жарық, шөл дала).
топ – ақ түс (тазалықтың белгісі, адалдық).
Оқушылар топ болып орындарына отырып, топ ережелерін құрастырады.
Көңілді əуен
қосып қою
Бағдаршам түстерінің қималары
Сабақтың ортасы
5 минут
жаттығу. (Ұ) Мəтінді тыңдау.
Тыңдалған мəтін бойынша кейіпкердің əрекетіне өз пікірін білдіру. Сұрақтар:
Мəтін не туралы?
Мəтіннің бірінші бөлігінде не айтылған?
Қармаққа не ілініп қалды?
Аққу қармақтан қалай босады?
Мəтіннің авторы кім?
Мəтіндегі кейіпкердің əрекеті дұрыс болды ма? Неге?
Оқулықпен жұмыс
5 минут
52-жаттығу. (Ө) Сөйлемдерді көшіріп жазу.Табыс септіктегі сөздерді табу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.
№3 дəптермен жұмыс
№3 дəптермен жұмыс
http://balapan.
aztrk.kz
№3 дəптермен жұмыс
3 минут
Жаңа ақпарат.
Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.
Табыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді,
-ты, -тіжалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.
4 минут
53-жаттығу. (Т; Ұ) Сөздерді топтау.
Сөздерді белгісіне қарай топтау. Топтардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру. Бұл тапсырмада оқушылардың жиынға байланысты білімдері қолданылады.
4 минут
54-жаттығу. (Ө; Қ) Сөйлем құрап жазу.
Берілген сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлемдер құрап жазу. Табыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту.
1 минут
Ой сергек!
Бейнежазба əуенімен қимылдау.
4 минут
55-жаттығу. (Ж; Қ) Мақалдарды оқып, табыс септіктегі сөздерді жазу.
Табыс септігіндегі сөз сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын жұптасып анықтау.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
4 минут
(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, оқушылардың топтық жұмысы туралы өз көзқарасын білдіреді.
Тақырыптың ашылуы, тірек сөздерді орынды қолдана алуына талдау жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
Сабақтың соңы
3 минут
(Ө; Қ) Шығармашылық тапсырма.
Дұрыс жауапты белгілеу. Тест сұрақтарын шешу.
№3 дəптермен жұмыс
2 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.
№3 дəптермен жұмыс
Түрлі түсті қарындаштар
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?