Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 76-сабақ



бет206/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 76-сабақ.

Жатыс септік



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тəуелденген сөздердің септелуін білу.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Жатыс септік жалғауларын біледі.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Сөйлемдерден жатыс септіктегі сөздерді табады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Жатыс септігінің жалғаулары мен сұрағын біледі. Жатыс септігін сөйлем арасынан таба алады.

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Жатыс септігінің жалғаулары мен сұрақтарын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану

АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Табыс септігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут


(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Көңілді əуен қосып қою




Сəттілік біздер тілейік: Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік: Мен саған, сен маған.




3 минут

(Ұ) Топқа бірігу. «Мен септіктерді білемін!» ойыны арқылы оқушыларды септіктерге байланысты топтарға біріктіру. Қима қағаздарда атау, ілік, барыс, табыс септіктерінің сұрақтары жазылады. Олар сұрақтары бойынша қай септік екенін тауып, топтарға бірігеді. Топ ережесін құрастырады.

Септіктердің сұрақтары жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы

3 минут



56-жаттығу. (Т) Жұмбақ шешу. Шешуі: қар.

Қарамен жазылған сөзге сұрақ қойып, оның жалғауын табу. Бұл сөз қай септікте тұрғанын анықтау.



Оқулықпен жұмыс

3 минут

57-жаттығу. (Ө; Қ) Мақалдарды жатқа жазу.

Жатыс септіктегі сөздерді тауып, астын сызу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.



№3 дəптермен жұмыс

3 минут

Жаңа ақпарат.

Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді.

Жатыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді,

-ты, -ті жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды жатыс септік жалғаулары деп атайды.





4 минут

58-жаттығу. (Ө) Мəтінді көшіріп жазу.

Оқулықта берілген мəтінді оқып, көшіріп жазады. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырады.

Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.


№3 дəптермен жұмыс

3 минут

(Ж) Жұптық жұмыс. Жатыс септіктегі сөздер

сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып,

түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.





3 минут

  1. жаттығу. (Ө) Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстыру.

Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын салыстыруда оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болатыны туралы қорытынды жасау. Жетекші сұрақтар:

    • Септіктерді бір-бірінен қалай ажыратады?

    • Септіктердің сұрақтары арқылы нені анықтауға болады?

Оқулықпен жұмыс

4 минут

60-жаттығу. (Ж; Қ) Сөздерді оқу.

Берілген сөздерге жатыс септігінің тиісті жалғауын жалғап, əрқайсысымен сөйлем құрап жазу.

Жұппен жұмыс. Берілген сөздерге жатыс септік жалғауының əртүрлі жалғану себебін талқылау.


№3 дəптермен жұмыс




Кесте бойынша жатыс септігі туралы ой қорыту.




1 минут

Ой сергек!

Мен саған сенемін. Əуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …, өйткені сен жақсы адамсың».

http://balapan. aztrk.kz

4 минут

61-жаттығу. (Т) Сурет бойынша əңгіме құрау.

Сурет бойынша əңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті əңгімеле» стратегиясы қолданылады. Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Сурет бойынша əңгіме құрайды. Қажет болған

жағдайда əңгіменің жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет əңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сəттің алдында не болғаны жəне кейін не болатыны болжатылады.

Оқушыларға əңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.



Оқулықпен жұмыс

2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет