17-жаттығу. (МК; Т; Қ) Оқулықта берілген суретпен жұмыс жасап, пікір білдіру.
Оқушылардың назары оқулықта берілген суреттерге аударылады. Оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жағымды, жағымсыз, даулы» əдісі арқылы топпен жұмыс ұйымдастырылады.
Сипаттамасы: Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Мұғалім оқушылармен «Балалардың əрекеті дұрыс па? Олардың орнында сен болсаң не істер едің»? сұрақтарын топта талқылып, неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? деген пікір білдіруге бағытталған жетекші сұрақтарды қою арқылы басшылық жасайды.
Олар сурет бойынша балалардың əрекеттерін
«жағымды, жағымсыз, даулы» мəселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын (идеяларын) айтады. Содан кейін əр топқа тек бір мəселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.
|