жаттығу. (МК; Ө; Қ) Сөйлемдердісөйлем мүшесіне талдау. Пікір білдіріп,дəлелдеу.
«Кім келіспейді?» ойыны арқылы оқулықта берілген сөйлемдерді ойын шартына сəйкес тақтаға жазып, сөйлем мүшесіне талдайды. Оқушылар пікір білдіріп, дəлелдейді. Өз пікірінің дұрыстығын дəлелдеп, дұрыс талдаған оқушы ойын бастаушысы болады.
Сөйлем құрамы бойынша игерген білімдерін пайдаланып, жағдаяттан шығады. Қаратпа, қыстырма сөздер мен есімдер арасында болған диалогті құрайды. Іздену жұмысын ұйымдастырады.
Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді. Жұмыстарын топта жариялап оқиды.