4-тапсырманың дескрипторы: - сөйлемдерді толықтырып жазады.
5-тапсырманың дескрипторы: - дене мүшелерін сурет бойынша атай алады, - сөздерді түсінеді, жасырын тұрған сөздерді тауып, ұқыпты бояйды.
6-тапсырманың
су ішу).
«Қызықты суреттер» тәсілі бойынша сөздер қатарын хормен, жеке қайталатады. Содан соң жазу дәптеріндегі тапсырмаға назарларын аударып, мұғалім () белгісін еске салады. Оқушылар қалауы бойынша бірнеше суретті таңдай алады. Содан кейін таңдаған жауабына сәйкес суреттің қасына белгі () қояды.
7-тапсырманы орындау арқылы етістіктер қайталанады (барамын, жуамын, ойнаймын, тазалаймын, жасаймын). Оқушыларға алдын ала дайындалған суреттер көрсетіледі, хормен және жеке-жеке сөздерді қайталатады. Сөздерді қайталау барысында қазақ тіліне тән дыбыстардың (ғ, қ, ы) айтылуы мен жазылуына мән беру керек. Мұғалім оқушылардың аталған дыбыстарды дұрыс дыбыстай білулеріне көңіл бөледі. 8-тапсырмада мұғалім суретпен берілген сөздерді қайталатады, содан кейін тапсырма бойынша сөздерді жаздырады.
Оқушылар алғашқы сөздің соңғы дыбысынан басталып тұрған сөзді жазуы керек.
9-тапсырмада мұғалім Сенің атың кім? Сен спортзалға барасың ба?
Берілген суреттердің ішінен сұраққа жауап тауып, белгілейді.
Өзінің не істейтінін сурет салу арқылы көрсетеді.
7-тапсырмада оқушылар бөлім бойынша үйренген барамын, жуамын, ойнаймын, тазалаймын етістіктерін орынды қолдана алады, оқиды, қатесіз жазады.
Оқушылар мына сөздерді айта және жаза алады: барамын, жуамын, ойнаймын, тазалаймын, жасаймын. Мен жаттығу жасаймын. Мен доп ойнаймын. Мен тісімді тазалаймын. Мен қолымды жуамын. Мен спортзалға барамын. 8-тапсырмада оқушылар суретпен берілген сөздерді атайды, содан кейін тапсырма бойынша сөздерді ретімен жазады.
Тапсырмада сөздер мына ретпен жазылады: алма, ағаш, шие, есік, кәмпит, тіс, сүт. 9-тапсырмада оқушылар сұрақтарға былай жауап береді:
- Сен спортзалға барасың ба?