Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет2/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

Ортақ тақырыптар

Қалыптасатын дағдылар

1.

Өзім туралы

  • амандасу, қоштасу үлгілерін қолдана алу (Сәлем! Сәлеметсіз бе! Сау бол! Сау болыңыз!);

  • өзінің атын айта алу, басқа біреумен таныса алу (Менің атым – ... . Сенің атың кім?);

  • кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын атай алу (ата,







әже, мұғалім, оқушы);

  • не? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, доп, текше) атай алу;

  • неше? сұрағына жауап бере алу; 1-ден 10-ға дейін санай алу; - өзінде не бар екенін айта алу (Менде доп бар. Менде сары доп бар. Мен екі сары доп бар);

  • өзінің жасын айта алу (Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын);

  • жекелеген сөздерді (қарындаштар, кітаптар, қаламдар, оқушылар, ойыншықтар) көпше түрде айта алу;

  • бір нәрсені сұрап ала алу (Маған кітап берші/беріңізші); - алғыс айта алу (Рақмет!);

  • отыр, тұр етістіктерін түсіну, мұғалімнің көмегімен қолдана алу.

2.

Менің мектебім

  • қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді (үлкен, кішкентай, әдемі) атай алу;

  • не? сұрағына жауап беретін сөздерді (мектеп, сынып, парта, тақта, есік, терезе, үстел, орындық) атай алу;

  • мектебінің, сыныбының қандай екенін айта алу (Менің мектебім (сыныбым) үлкен/кішкентай, әдемі);

  • нешінші? сұрағына жауап бере алу (бірінші, екінші т.б); - нешінші сыныпта оқитынын айта алу (Мен бірінші сыныпта оқимын);

  • сыныптағы заттарды атай алу, айта алу (Сыныпта тақта бар);

  • оқу құралдарын атай алу (қалам, қарындаш, дәптер, кітап);

  • өзіне қажет затты сұрап ала алу (Маған қарындаш берші/беріңізші);

  • кейбір сабақтарды атай алу (қазақ тілі сабағы, орыс тілі сабағы, математика сабағы);

  • өзінің мектепте не істейтінін айта алу (Мен мектепте жазамын, оқимын, сөйлеймін, тыңдаймын);

  • түстерді ажырата алу, қандай да бір заттың түсін айта алу (қызыл қарындаш).

3.

Менің отбасым және достарым

  • отбасы мүшелерін атай алу (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас/сіңлі);

  • өзінің ата-әжесі, әке-шешесі, аға-әпкесі, іні-қарындасы/сіңлісі туралы (атын, қандай екенін) айта алу (Бұл – менің әкем/анам.

Оның аты – ... . Ол күшті/ақылды/әдемі);

  • отбасы мүшелерін жақсы көретінін құрылым бойынша айта алу (Мен анамды жақсы көремін);

  • өзінің не істейтінін/істемейтінін айта алу (Мен доп ойнаймын/ойнамаймын. Мен сурет саламын/сурет салмаймын. Мен велосипед (коньки, шаңғы) тебемін/теппеймін);

  • өзінің досы туралы айта алу (оның аты, жасы, қандай екені, нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу (Бұл – менің досым. Оның аты – Қанат. Ол жеті жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ол сурет салады, доп ойнайды, велосипед теппейді).

4.

Бізді қоршаған әлем

  • аңдарды атай алу (аю, арыстан, кірпі, түлкі, керік, піл, қасқыр, қоян);

  • аңдардың санын, түсін (үйренген түстер бойынша) айта алу, атай алу;







  • өзінің қандай аңды көргенін құрылым бойынша айта алу (Мен аюды көрдім);

  • аулада не істейтінін айта алу (Мен аулада футбол ойнаймын.

Мен сурет саламын. Мен велосипед тебемін);

  • қандай сурет салатынын айта алу (Мен ағаш саламын); - ауа райының қандай екенін (күн жылы/суық) айта алу.

5.

Саяхат

  • көлік түрлерін атай алу

(ұшақ, велосипед, мәшине, автобус, пойыз);

(мектепке, тауға, үйге, саябаққа, дүкенге);

  • саяхатқа қандай көлікпен (мәшинемен, автобуспен, пойызбен, ұшақпен, велосипедпен, жаяу) баратынын айта алу;

  • мектепке (үйге, дүкенге, тауға, саябаққа) кіммен баратынын айта алу (анаммен, әкеммен, атаммен, әжеммен);

  • демалыста тауға баратын, онда не істейтінін айта алу (шаңғы тебемін);

  • өзінің қалай демалғанын (жақсы, өте жақсы) айта алу;

  • қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә, і, ө, қ, ғ) тану, дұрыс дыбыстай алу, жаза алу, әр дыбысқа мысал келтіре алу.

6.

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

  • өзінің домбыра тартатын/тартпайтынын айта алу;

  • мереке күні не істейтінін (домбыра тартамын, ән айтамын, асық ойнаймын) айта алу;

  • өзінің гүл сыйлайтынын құрылым бойынша айта алу

(Мен анама гүл сыйлаймын);

  • гүлдер туралы тақпақты жатқа айта алу;

  • қоян туралы жұмбақты жатқа айта алу;

  • өзінің тақпақ (жұмбақ, ертегі) білетін/білмейтінін айта алу (Мен ертегі білемін/білмеймін);

  • суреті бойынша ертегі кейіпкерлерін атай алу, рөлге бөліп ойнай алу («Мен ертегі оқимын» ертегісі бойынша);

  • қазақ тіліне тән дыбыстарды (ұ, ү, ң, һ) тану, дұрыс дыбыстай алу, жаза алу, әр дыбысқа мысал келтіре алу.

7.

Тағам мен сусын

  • дүкенге баратынын және дүкеннен не алатынын/алмайтынын айта алу (Мен дүкенге барамын. Мен сүт, май, нан, кәмпит, балмұздақ, шырын, аламын);

  • өзінің не ішетінін/ішпейтінін (су, шай, сүт, шырын) айта алу

(Мен сүт ішемін. Мен шай ішпеймін);

  • жеміс атауларын (алма, алмұрт, жүзім, өрік, шие) атай алу, өзінің не жейтінін/жемейтінін айта алу (Мен алма жеймін.

Мен алмұрт жемеймін);

  • «Ас болсын!», «Рақмет!» сөздерін қолдана алу;

  • өзінің балмұздақ жейтінін/жемейтінін айта алу, оны сипаттай алу (Мен балмұздақ жеймін. Балмұздақ тәтті).

8.

Дені саудың – жаны сау

  • дене мүшелерін атай алу (бас, қол, аяқ, саусақ т.б);

  • өзінің және досының шашының түсі туралы айта алу

(Менің шашым қара. Оның шашы қоңыр);

  • қолын жуатынын/жумайтынын айта алу

(Мен қолымды жуамын/жумаймын);

  • тісін тазалайтынын/тазаламайтынын айта алу

(Мен тісімді тазалаймын/тазаламаймын);

(жаттығу жасаймын, жүгіремін, доп ойнаймын).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет