қарай оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Тапсырманы өз бетінше жаздырту арқылы мұғалім оқушылардың сөздік қорды еске сақтау, қаламды дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада сұрақтармен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сұрақтарды хормен және жеке айтады. Мұғалім түстерді тағы бір рет қайталатады. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырманы оқып шығады. Сұрақтарға ауызша жауап берін дағдыланады, сонан кейін жазбаша орындайды. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен мағынасын түсінгендеріне назар аударады. Оқушылардың бір-біріне кедергі келтірмей жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Мұғалім оқушыларға дәптерлерін қасындағы сыныптасына беріп, бір-бірінің тапсырманы қалай орындағандарын тексертеді.
3-тапсырмада сурет арқылы толықтырып жазу жұмысы жүзеге асырылады. Алдымен оқушыларға үш сурет (қол жуу, жүгіру, тіс тазалау) көрсетіледі. Оқушылар дәптердегі суретке қарайды, сөздерді атайды. Хормен және жеке сөздерді атап шығады. Сонан кейін дәптердегі тапсырмадағы сөйлемді мұғалімнің артынан қайталап оқиды. Мұғалім тапсырмада сөйлемді мұқият оқуға
2-тапсырмада оқушылар Сенің атың кім? Сенің шашың қандай? сұрақтарын оқиды, түсінеді. Сұраққа толық жауап береді, жауабын жазады.
3-тапсырмада оқушылар суретпен жұмыс жасайды.
Суреттер бойынша сөйлемдерді жазады, қол, тіс сөздеріндегі қ, і дыбыстарын дұрыс дыбыстайды.
Сөйлемді қатесіз жазады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен қолымды жуамын. Мен тісімді тазалаймын.