Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет19/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Сәлем! Сенің атың кім?

Бөлімі:1

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сәлем! Сенің атың кім?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.1.1* хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану);
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру; 1.5.1.2* мұғалімнің қолдауымен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: амандасу, танысу үлгілерінің қарапайым түрлерін қолдана алады. Оқушылардың басым бөлігі: сабақта үйренген амандасу, танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: амандасу үлгілерінің басқа да түрлерін айта алады, амандасу, танысу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырма бойынша оқушылардың назарын алғашқыда екі баланың, содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аударады, амандасу үлгісімен таныстырады. Оқушылардың сөздерді дұрыс дыбыстауына ерекше назар аударады. Оқушыларды тапсырмадағы

Тыңдаған, үйренген амандасу үлгілерін сыныптағы оқушылармен және мұғаліммен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді.
Сондай-ақ осы тапсырмада берілген әртүрлі жастағы адамдармен
(1-тапсырмадағы суреттер бойынша) амандасу арқылы да амандасу

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск_
Оқулық
1.1.1; 1.1.2;
1.1.3.




суретпен таныстырады.
«Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін аудиодиск арқылы (1.1.1) тыңдатады, хормен және жекежеке қайталатады.
Мұғалім 2-тапсырма бойынша оқушыларға танысу үлгісін тыңдатады, қайталату арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым – ...» деген жауап үлгісімен таныстырады (1.1.2). Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз, Айгүл деген қыз аттарының шығуы туралы да ақпарат алады. Мұғалім оқушыларға қыздардың аты жұлдыз, ай, гүл сөздерімен байланысты екенін түсіндіреді.
Мұғалім «Доп лақтыру» ойыны бойынша «Сенің атың кім?» деген сұрақ-жауап ұйымдастырады.
3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушыларға аудиодиск арқылы сөйлесу үлгісін тыңдатады, қайталатады (1.1.3).
Диалог арқылы оқушыларға амандасу, танысу үлгілерін қайталатады. Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады.
Оқушылар саны жұп болуы қажет (немесе мұғалім де оқушылармен бірге шеңберге тұрады).
Мұғалім сергіту сәтін

үлгілерін есте сақтауға тырысады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша жұлдыз, ай, гүлдің суретіне назар аударады, олардың адам есімдерінде кездесетінін есте сақтайды.
«Менің атым – ...» деген құрылымды тыңдайды, қайталайды.
Оқушы мұғалім лақтырған допты ұстап, мұғалімнің сұрағына жауап береді. Допты қайтадан мұғалімге лақтырады.
3-тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады.
Әр оқушы өз жұбымен амандасады, атын сұрайды. Содан кейін ішкі шеңбердегі оқушылар жылжиды. Оқушылар бірыңғай жылжу үшін, мұғалім шапалақтау арқылы белгі беріп отыруына болады.
Оқушылар сергіту жаттығуын

Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі
беру» әдісі бойынша бағаланады.





ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады.
Ең алдымен оқушылардың назарын суретке аударады, содан кейін тыңдалым тапсырмасының орындалуы түсіндіріледі (1.1.2).
Мұнда оқушылар тыңдаған сөзді түсінуі, түсінгенін белгі қою арқылы көрсете білуге дағдыланады.
Мұғалім дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді.
АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

жасайды.
Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады.
2-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша жұлдыз, гүл сөздерін тыңдайды, сөзді дұрыс түсінгенін дәптердегі жұлдыз бен гүлдің суретінің қасына белгі () қою арқылы көрсетеді.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 1.1.2
Қосымша
тапсырма: 1.1

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет