1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.1.5.1 мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау;
1.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен көптік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:көп сөзінің мағынасын түсінеді. Жекелеген сөздер қатарын көпше түрде айта алады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Кімдер? Нелер? сұрақтарын мұғалімнің көмегімен қолдана алады,
жекелеген сөздерді көпше түрде айта алады. Сөйлесу үлгісіне еркін қатыса алады. Кейбір оқушылар:өзге де сөздерді көптік жалғауымен қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады. «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Тапсырмада берілген сурет арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын болжауға көмектеседі.
Оқушыларды көп сөзімен таныстырады. Сабаққа алдын ала дайындаған заттар бойынша көп сөзінің мағынасын түсіндіреді (көп доп, көп қарындаш, көп дәптер, көп қалам т.б). Салыстырмалы түрде сыныпта бір мұғалім, көп оқушы бар екеніне де тоқталады.
2-тапсырмадағы суреттер бойынша оқушыларға көп сөзін кітап, қарындаш, ойыншық, қалам сөздерімен байланыстыра қолдануға үйретеді.