Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет5/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

Қалыптастырушы бағалау
Күнделікті сабақ барысында қалыптастырушы бағалау әдістерін тиімді қолдану оқушылардың оқу деңгейін жақсарта түсуге ықпал етері сөзсіз. Осы мақсатта қазақ тілі сабақтарында қалыптастырушы бағалаудың ауызша және жазбаша түрлерін орынды қолдана білу маңызды. Қазақ тілі сабақтарында ең жиі қолданылатын түрі (бастауыш сыныпта) – ауызша кері байланыс. Ауызша кері байланыс оқушыларды жұмыс нәтижесіне қарай қолдау, мадақтау, қошеметтеу түрінде жүзеге асырылады. Мұғалім «Өте жақсы!», «Жақсы», «Жарайсың!», «Тамаша!» деген мадақтау сөздерін қолдану арқылы оқушыларды ынталандыра түседі. Ұсынылған қалыптастырушы бағалау әдістерін мұғалім оқушылардың жұмысын бағалауда, сондай-ақ оқушылар өзін-өзі бағалауда қолдана алады.

«Бағдаршам» әдісі

Оқушылар түсінгендерін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланады.
Жасыл түс түсінгендерін, сары түс күмәнді екендерін,




қызыл түс түсінбегендерін білдіреді.

«Қолмен белгі беру»
әдісі

Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінген/түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетуді сұрайды. Мысалы:
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

«Тізбек бойынша сұрау»
әдісі

Оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылады да, басқа оқушының жалғастыруы сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару мен байқағыштығын дамытуға пайдалы.

«Ғажайып ағаш» әдісі

Оқушылар сабақты қаншалықты түсінгендерін ағашқа алма салу арқылы білдіреді. Егер сабақты жақсы түсінсе, үш алма салады. Әлі де көмек керек болса, екі алма, ал мүлде түсінбесе, бір алманың суретін салады.

«Баспалдақ» әдісі

Оқушылар өз білімдерін «Баспалдақ» үлгісі бойынша бағалайды.

«Шапалақтау» әдісі

Мұғалім/оқушылар тапсырма бойынша жауап берген оқушыны/топты/жұпты қол шапалақтау арқылы қолдайды.

«Саусақтар» әдісі

Оқушылар тапсырманы қаншалықты түсінгендерін/сабақта қалай жұмыс істегендерін саусақтарының көмегімен білдіреді.



3 – мен түсіндім және досыма көмектесе аламын;
2 – мен түсіндім, орындай аламын; 1 – түсіндім, бірақ сұрағым бар.




«Табыс ағашы» әдісі

Оқушылар таңдаған жапырақты ағашқа жапсыру арқылы өз жұмысын бағалайды (мұғалімде түрлі түсті қағаздан қиылған жапырақтар қорабы болғаны дұрыс).



жасыл түс – жақсы жұмыс істедім; сары түс – тырыстым; қызыл түс – қолымнан келмеді.







«Жұптық сұрақ-жауап»
әдісі

Мұғалім оқушылардың жұмысын немесе оқушылар бірбірінің жұмысын/жауабын «+», «-» немесе ,  белгісін қою арқылы бағалайды.

«Тізбек бойынша сұрау»
әдісі

Мұғалім сұраққа жауап беріп жатқан оқушының жауабын кез келген жерінен тоқтатып, басқа оқушының жалғастыруын сұрайды. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару мен байқағыштығын дамытуға пайдалы.

«Сыбырлап сұрау» әдісі

Басқа оқушылар жазба жұмыспен (сурет салу, бояу т.б) айналысып жатқан кезде мұғалім бір немесе бірнеше оқушыға (қасына барып/өзі шақырып) сұрақ қояды.
Олар қойылған сұрақтарға сыбырлап қана жауап береді.

«Смайл» әдісі

Мұғалім оқушылардың жұмысын/оқушылар өзінің немесе қасындағы оқушының жұмысын смайл қою




арқылы бағалайды.

«Түсті жолдар» әдісі

Оқушылар түрлі түсті қарындаштар арқылы орындайтын тапсырмаға белгі қояды (тапсырманың астын сызады/қасына белгі қояды). Сол арқылы тапсырманы түсінген/түсінбегенін, тапсырманы орындай алатынын немесе орындай алмайтынын білдіреді.
Қызыл түс – мен тапсырманы орындай алмаймын.
Сары түс – сенімді емеспін.
Жасыл түс – бәрі түсінікті, тапсырманы орындай аламын.

Ең бастысы мұғалім оқушылардың білім алу үдерісіне белсенді қатысу жағына ерекше көңіл бөлуі қажет. Осы мақсатта сабақтың әр кезеңінде қалыптастырушы бағалау әдістерін тиімді қолдана білу маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет