Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет3/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

Оқулықтың мазмұны мен құрылымы


Ұсынылып отырған оқулық 8 ортақ тақырыптан (бөлімнен) тұрады. Әр бөлім өзара байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі сабақ реті бір-біріне сәйкес дайындалған. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқулықтағы жаңа тақырыпты толықтырып отырады.
Жаңа тақырыпты ұсыну барысында:

  • жаңа тілдік материалды ұсыну;

  • жаңа материалды меңгерту, жаттықтыру; • жаңа материалды бекіту басшылыққа алынады.

Оқулықта грамматикалық материал «Есте сақта!» айдарымен оқушының қабылдауына жеңіл болу мақсатында тек кесте түрінде нақты құрылымдық үлгілер арқылы берілген. Оқушыларға жаңа грамматикалық форманы түсіндіруде ешқандай грамматикалық атаулар берілмейді. Оқушыларға жалғаулардың сөзге үстейтін грамматикалық мағынасы ғана түсіндіріледі.
«Кел, қайталайық!» деген сабақтар оқушылардың әр бөлім бойынша өткендерін қорытындылау мақсатында дайындалған. Оқушылар оқулықта берілген 8 сурет бойынша жұмыс істейді. Әр суретте берілген сөйлесу үлгісінің толық нұсқасымен тыңдау арқылы танысады. Егер оқушылар суретке мұқият қараса, сұрақтардың жауабын суреттер бойынша өздері де таба алады.
Оқулықтың соңында ата-аналарға көмек ретінде қазақша-орысша сөздік берілген. Бұл сөздікте оқулық бойынша белсенді сөздік қор қамтылған.
2. Жұмыс дәптерлері: мазмұны мен құрылымы
Жұмыс дәптерлері (№1, №2). Бұл дәптерлерде де оқулықтағы лексика-грамматикалық тақырыптарға сай тапсырмалар берілген. Дәптердегі тапсырмалар оқулықтағы лексикалық тақырыптармен тығыз сабақтастырылған. Бояуға, сызып сәйкестендіруге, дұрыс жауапты белгілеуге, жазуға арналған бұл тапсырмалар оқушының қызығушылығын арттырады.
Бұл дәптердегі тапсырма түрлері оқулықтағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қайталауға, жаттықтыруға, бекітуге арналған.
Сондай-ақ оқулықта және жұмыс дәптерлерінде ,  белгілеріне байланысты тапсырмаларды орындау кезінде  белгісі иә, бар, дұрыс, ұнайды деген сияқты жауаптарды және етістіктердің болымды түрін білдіреді (барамын, аламын, ішемін т.с.с.). Ал  белгісі жоқ, дұрыс емес, ұнамайды деген сияқты жауаптарды және етістіктердің болымсыз түрін білдіреді (бармаймын, алмаймын, ішпеймін т.с.с.).
3 жұмыс дәптері. ОӘК-нің №3 жұмыс дәптері оқушылардың білім деңгейін қадағалау, жұмыс нәтижесін жинақтау үлгісі ретінде ұсынылады. №3 жұмыс дәптерінде 3-8-бөлімдердің соңғы сабағы («Менің кітапшам») берілген. Аталған жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқушылардың орындауына жеңіл әрі қызықты түрде (бояу, сәйкестендіру, толықтыру, белгілеу, жазу, суретін салу т.с.с) ұсынылған. Мұнда оқушылар әр бөлім бойынша үйренгендеріне шолу жасап, қайталай алады.
№3 жұмыс дәптері жыл бойы мұғалімде сақталады, ол тек «Менің кітапшам» деген сабақ кезінде ғана оқушыларға таратылып беріледі. №3 жұмыс дәптері оқушылардың жыл бойғы жұмысының нәтижесі ретінде оқу жылының соңында әр балаға табыс етіледі.
3. Аудиодиск
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану жан-жақты әрі тиімді жүзеге асырылуы тиіс. Оқулыққа қосымша ұсынылып отырылған жұмыс түрі үш бағытта дайындалған:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет