Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет26/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады.
Шеңбердегі жұптар берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Мысалы:
Үлгі:

  • Сәлем.

  • Сәлем.

  • Сенің атың кім?

  • Менің атым – ... . Сенің атың кім?

  • Менің атым – ... .

Өзінің жасын үш жақта айтып үйренеді. Мысалы:

  • Мен алты жастамын.

  • Сен алты жастасың.

  • Ол алты жаста.

3-тапсырмада тірек суреттер бойынша балалардың жасын айтады.
4-тапсырмада оқушылар жаңа тақырып бойынша берілген сөйлесу үлгісін қайталайды.
Сол үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Алғашқыда олар бір-бірімен амандасады.
Содан кейін бір-бірінің атын, жасын сұрайды.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады.
Үлгі бойынша сөйлеседі, содан кейін мұғалімнің белгісімен ішкі шеңбердегілер бір орынға жылжиды.






  • Сен неше жастасың?

  • Мен ... жастамын. Сен неше жастасың?

  • Мен жеті жастамын.







Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру, аяқтап сызу арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру, сызу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырма бойынша 1-ден 10-ға дейінгі сандар қайталанады. Мұғалім оқушыларды ақпаратты тірек сурет бойынша таба алуға үйретеді. Оқушылар тапсырмада берілген суреттер бойынша балалардың неше жаста екенін айтады. Ақпаратты сөйлемде берілген арнайы орынға цифрмен жазу арқылы көрсетеді.
1-сурет: Мен 3 жастамын.
2-сурет: Мен 7 жастамын.
3-сурет: Мен 6 жастамын.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (1.5.3).
Мұнда оқушылар тыңдаған сөзді түсінуі, түсінгенін суретін салу арқылы көрсете білуі қажет. Оқушылар аудиодискіден тақырып бойынша ақпаратты тыңдайды:

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады, өз бетінше жалғастырып сызады.
2-тапсырмада оқушылар тірек суреттер бойынша балалардың жасын анықтайды, анықтаған ақпаратты дәптерге цифрмен жазады.
3-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша ақпаратты тыңдайды. Ақпаратты дұрыс түсінгендерін дәптердегі сөйлемді толықтыру арқылы білдіреді.


№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 1.5.3




  • Сен неше жастасың?

  • Мен жеті жастамын.

Дәптерде берілген сөйлемді осы ақпаратқа сәйкес толықтырады. Яғни










«7» деген цифрды жазады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада
берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы мұғалім оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді.
АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Электрондық қосымшада тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау оқушылар сабақта алған бекіте түседі.

берілген
арқылы білімдерін

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

Қосымша тапсырма:1.5

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет