Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет28/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға көптік жалғауы туралы жалпы түсінік береді. Яғни көп

1-тапсырмадағы сурет бойынша сабақтың тақырыбын болжайды.
Көп сөзімен танысады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша көп кітап, көп қарындаш, көп ойыншық, көп қалам тіркестерін қайталайды.
«Есте сақта!» айдарында оқушылар сөз тіркестерін тыңдайды, көптік жалғауына назар аударады.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық Аудиодиск:
1.6.1; 1.6.4




қарындаш болған жағдайда қарындаш сөзі қарындаштар болып түрленетінін, сол сияқты ойыншық, кітап, қалам, оқушы, мұғалім сөздерінің де ойыншықтар, кітаптар, қаламдар, оқушылар, мұғалімдер болып өзгеретінін түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың бұл сабақта жалпы көптік форма туралы түсінік алатынын және кейбір сөздерді ғана көптік формада айта алуға үйренетінін ескеруі қажет. Яғни оқушылар бұл форманы тек құрылым түрінде ғана меңгереді. Осыған дейін оқушылар кім? не? сұрақтарын үйренген. Осы сабақта мұғалім көптік формаға байланысты кім? не? сұрақтарының кімдер? нелер? деген көпше түрімен таныстырады.
3-тапсырмада оқушылар қалай болады? деген сұрақ бойынша көптік форманы жаттықтырады. Ол үшін мұғалім оқушылармен «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады. Оқушыларға ойын шартын түсіндіреді. Мұғалім үстелдің үстіне қажет заттарды қояды. Өзі алғашқы үлгіні көрсетеді.
Сондай-ақ оқушыларға you tube-тен «Бір алма, екі алма» әнін үйрету арқылы көп сөзін айтуға жаттықтырады.
4-тапсырмада мұғалім мен оқушы арасында немесе оқушы мен оқушы

Дыбыс үндестігі бойынша сөздердің айтылуын есте сақтауға тырысады:
көп ойыншық – ойыншықтар; көп кітап – кітаптар; көп қалам – қаламдар; көп дәптер – дәптерлер; көп мұғалім – мұғалімдер; көп қарындаш – қарындаштар.
Оқушылар кімдер? нелер? сұрақтарымен танысады.
Ойын шарты бойынша ортаға бір оқушы шығып, үстел үстіндегі бір затты (қарындаш, кітап, қалам, кітап) көрсетеді.
«Көп кітап қалай болады?» деп сұрақ қояды.
Оқушылар сұраққа жылдам жауап беруге тырысады, содан кейін келесі бір оқушы шығып, ойынды жалғастырады.
Алма туралы әнді тыңдайды, қосылып айтады.
4-тапсырмада оқушы мұғалімнің екі


Кітап, дәптер, қалам,
қарындаш
Әннің сілтемесі:
https://www.y outube.com/w atch?v=kaJOgA
wM9T8




аарсында диалог жүргізіледі. Мұғалім оқушыдан жасын және үстелдің үстінен неше қарындаш алатынын сұрайды. Оқушы өзінің жасын және жасына сәйкес неше қарындаш алатынын айтады.
Сөйлесу үлгісі «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген ирек сызықтарды бастыру, аяқтап сызу арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру, сызу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырма бойынша 1-ден 10-ға дейінгі сандар қайталанады. Тапсырма бойынша оқушылар оқу құралдарын санайды, санын цифрмен жазады.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (1.6.3).
Мұнда оқушылар тыңдаған сөзді түсінуі, түсінгенін суретін салу арқылы көрсете білуі қажет. Оқушылар аудиодискіден тақырып бойынша мынадай ақпаратты тыңдайды: «Алты қарындаш. Бес текше».
Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен

сұрағына жауап береді (Сен неше жастасың? Сен неше қарындаш аласың?) және үстелдің үстінен өзінің жасына сәйкес қарындаш санап алады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады, өз бетінше сызады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар оқу құралдарын санап, жалпы санын цифрмен жазады.
3-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша ақпаратты тыңдайды. Ақпаратты дұрыс түсінгенін дәптердегі арнайы орынға суретін салу арқылы көрсетеді.
Оқушылар дәптерге алты қарындаштың және бес текшенің суретін салады.

Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет