Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет49/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылардың назарын оқимын сөзінің қолданылу ерекшелігіне аударады, салыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды.
Бірінші сыныпта оқимын, кітап оқимын тіркестерін бірнеше рет қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырмада берілген суреттер бойынша оқушыларды оқы, жаз, тыңда, сөйле етістіктерімен таныстырады.
«Қызықты суреттер» әдісі бойынша аталған сөздер жаттықтырылады.
Ол үшін мұғалім алдын ала дайындап қойған суреттерді төмен қаратып қояды. Оқушылар кезекпен карточканы алып, сөзді атайды.
3-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «Сен мектепте не

1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Тірек суреттер бойынша жауап үлгілерімен танысады.
Берілген үлгі бойынша сыныпта не істейтінін айтады.
«Мен бірінші сыныпта оқимын»,
«Мен мектепте кітап оқимын» сөйлемдерін қайталау арқылы есте сақтайды, айырмашылығын түсінеді.
2-тапсырмада берілген суреттер бойынша оқы, жаз, тыңда, сөйле етістіктерін қайталайды, суреттермен жұмыс бойынша есте сақтауға тырысады.
3-тапсырмада «Сен мектепте не істейсің?» деген сұраққа үйренген

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың

Оқулық
Аудиодиск:
2.7.1; 2.7.2;
2.7.4




істейсің?» сұрағына тірек сөздер бойынша жауап беруге тырысады. Сыныптастарының жауаптарын тыңдайды.
4-тапсырма бойынша оқушыларды жұптық жұмысқа дайындайды.
Тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін аудиодиск арқылы тыңдатады, қайталатады, сұрақтардың айырмашылығына оқушылардың назарын аударады. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы сабақтарда өткен сұрақ үлгілерін еске түсіріп, жауап беруге жаттығады. Мұғалім оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалайды.
Жұптық жұмыс «Жұбыңды таңда» әдісі бойынша жүргізіледі.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сызықтарды бастыру, өз бетінше сызу арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың сұрақты түсіну, сұраққа жауап бере алу дағдылырын қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылар тапсырмада

үлгілер негізінде өз қалауы бойынша жауап береді.
4-тапсырмада берілген үлгіні тыңдайды, үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Мысалы:

  • Сен неше жастасың?

  • Мен алты жастамын.

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Мен бірінші сыныпта оқимын.

  • Сен мектепте не істейсің?

  • Мен мектепте кітап оқимын, жазамын, тыңдаймын, сөйлеймін.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада берілген сызықтарды ұқыпты, таза бастырады, өз бетінше жалғастырып сызады.
2-тапсырма оқушылар «Сен не істейсің?» деген сұраққа тірек суреттер бойынша жауап беріп, жауабының қасына шартты белгі ()

жұмысы «Қолмен белгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет