4-тапсырманың дескрипторы: - тыңдаған
ақпаратты түсінеді, - сөйлемдерді тыңдалым ақпаратына сай толықтыра алады.
№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 2.8.4
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
«Ғажайып ағаш» әдісі
Сабақтың тақырыбы: Бұл – менің інім
Бөлімі: 3
Менің отбасым және достарым
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 1
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Бұл – менің інім
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
1.1.1.1* хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану);
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру; 1.5.1.2* мұғалімнің қолдауымен тәуелдік жалғауын ауызша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:отбасы мүшелерін атай алады. Отбасындағы адамдардың атын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: отбасы суреті бойынша өзінің отбасындағы адамдар туралы ақпарат бере алады (суреттегі кім екенін және оның атын айту. Қарындас/сіңлі сөздерінің айырмашылығын түсінеді. Кейбір оқушылар:кез келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады, өз отбасы туралы қосымша ақпарат бере алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды отбасы мүшелері атауларымен таныстырады (ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас/сіңлі). Қарындас пен сіңлі сөздерінің кімге қатысты қолданылатынын түсіндіреді. Яғни ұл балалар өздерінен кіші қыз балаға қарындас сөзін, ал қыз балалар
1-тапсырмада отбасы мүшелерімен танысады, жаңа сөздерді аудиодискіден тыңдайды, қайталайды.
Тапсырмадағы суреттер бойынша «Бұл кім?» деген сұраққа жауап береді.
Қарындас/сіңлі сөздерінің қолданыс айырмашылығын түсінеді.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
3.1.1; 3.1.3;
3.1.4
сіңлі сөзін қолданатыны туралы айтылады. Оқушыларға түсінікті болу үшін сыныпта қарындасы бар ұл бала мен сіңлісі бар қыз баланы ортаға шығарып, сол балалардың тәжірибесінде қарындас/сіңлі
сөздерінің мағынасын түсіндіруге болады.
Сөздермен жұмыс «Қайталай ғой» ойыны бойынша жаттықтырылады. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға отбасы мүшелерін тәуелдік жалғауының 1-жағында қолданылуымен (тек құрылымдық үлгіде) таныстырады. Менің деген сөзбен ата сөзі атам түрінде өзгеретіні түсіндіріліп, солай жаттықтырылады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың 1-тапсырма мен «Есте сақта!» айдары бойынша тәуелдік жалғауы туралы алған білімдерін осы тапсырмада берілген үлгі бойынша сөздерді толықтырып айту арқылы жаттықтыруға көңіл бөледі. Үлгі: ата – менің атам, әже – менің әжем т.с.с. 3-тапсырмада берілген үлгі бойынша мұғалім оқушыларға өз отбасы мүшелерінің атын айта алуды үйретеді. Бұл тапсырманы орындау үшін, мұғалім оқушыларға өз отбасының суретін салуды ұсынады. Сол сурет бойынша отбасы мүшелерін
Ойында бір оқушы өзі қалаған бір сөзді атайды (мысалы: әже), екінші оқушы сол сөзді қайталап (әже, іні), өзінің бір сөзі қосады.
Үшінші оқушы екі сөзді қайталап, тағы бір сөзді атайды (әже, іні, аға).
«Есте сақта!» айдары бойынша тәуелдік жалғауы туралы түсінік алады.
Отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының 1-жағында қолданады.
Мысалы: менің атам т.б.
2-тапсырмада берілген үлгі бойынша отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауымен түрлендіреді.
Мысалы:
ата – менің атам; әже – менің әжем т.б. Өз отбасының суретін салады.
Сол суреті бойынша отбасын таныстырады.
3-тапсырмада берілген үлгі бойынша отбасы мүшелерінің атын айтады. Мысалы:
Бұл – менің анам.
Қағаз,
қарындаштар
атап, олардың атын айтуға жаттықтырады.
4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар отбасы мүшелері туралы сөйлеседі. Мұғалім оқушыларды отбасы суреттері бойынша бір-біріне сұрақ қоюға дағдыландырады және сұрақты түсініп, дұрыс жауап бере алуға жаттықтырады. 3-тапсырмада және осы тапсырмада пайдаланған оқушылардың отбасы суретін мұғалім сақтап қоюы керек, себебі келесі сабақта оқушылар оны қайтадан пайдалана алады.