Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет63/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша тексере алады. Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар 1-тапсырмадағы ақпаратты дұрыс түсінгендерін көрсете алады.
3-тапсырмада жұптық жұмыс жүргізеді. Ең алдымен тапсырмада берілген диалог бойынша жұмыс жасайды (тыңдату, түсіндіру). Мұғалім сөйлесу үлгісіндегі сұрақтар бойынша қайталау жұмыстарын жүргізеді. Сөйлесуде сұрақ қою қиынырақ екенін ескерсек, мұғалім осы бағытқа көбірек көңіл бөлуі қажет. Ол үшін «Тірек сөздер» стратегиясы бойынша сұрақтарды қайталатуға болады. Мұғалім тірек сөзді айтады, ал оқушылар сұрақты толық айту керек болады. Мысалы:
Кім? – Бұл кім?

досы туралы қандай ақпарат беруге болатынын түсінеді.
Мысалы:
Бұл – менің досым.
Оның аты – Айбек.
Ол жеті жаста.
Ол бірінші сыныпта оқиды.
2-тапсырмада Айбек туралы сұрақтарға (1-тапсырма бойынша) жауап береді.
Олар Айбектің неше жаста екенін, нешінші сыныпта оқитынын және оның қандай екенін айтады.
3-тапсырмада диалогті аудиодискіден тыңдайды, диалог негізінде өзара сөйлеседі.
Үлгі:

  • Бұл кім?

  • Бұл – менің досым.

  • Оның аты кім?

  • Оның аты – Айбек.

  • Ол неше жаста? Ол жеті жаста.

  • Ол нешінші сыныпта оқиды?

  • Ол бірінші сыныпта оқиды.

  • Ол қандай?

  • Ол күшті, ақылды.


қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысын
бағалауда «Табыс ағашы»
әдісі қолданылады.





Ат – Оның аты кім?
Жас – Ол неше жаста?
Сынып – Ол нешінші сыныпта оқиды?
Қандай? – Ол қандай?







4-тапсырмада оқушылар «Тірек сөздер» стратегиясы бойынша өзінің досы туралы ақпарат бере алады. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада сандар қайталанады, оқушылар тапсырмада берілген доп, текше, кітаптың суретін санап, белгіленген орынға жалпы санын жазады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың ақпаратты сурет бойынша таба алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. Оқушылар тапсырмадағы «Ол неше жаста?» деген сұраққа тірек цифрлар бойынша жауап береді.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (3.4.3).
Оқушылар аудиодискіден ақпаратты тыңдап, тыңдаған ақпаратты түсінгенін санды цифрмен жазу арқылы көрсетеді.
Тыңдайтын ақпарат:
Үш кітап.
Алты қарындаш.
Сегіз қалам.
Төрт дәптер.

4-тапсырмада оқушылар тірек сөздер бойынша өз достары туралы айтады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар доп, кітап, текше сөздерін қайталайды, сурет бойынша айтады.
Содан кейін оларды санап, жалпы санын цифрмен жазады.
2-тапсырмада оқушылар суреттерге мұқият қарап, суреттегі балалардың неше жаста екенін анықтайды. 2, 10, 6 тірек цифрларды суретке сәйкес қолданады.
Өз жауаптарымен тапсырмада берілген сөйлемді толықтырады.
3-тапсырмада оқушылар суретте берілген кітап, қарындаш, қалам, дәптердің санын аудиодиск арқылы тыңдап, цифрмен жазады.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 3.4.3




Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.









Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




Қосымша
тапсырма: 3.4

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет