Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет60/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдарында оқушылардың назарын кестеге аударады. Берілген кесте бойынша оқушыларға отбасын, отбасы мүшелерін жақсы көретінін айтуды үйретеді. Мұнда оқушылардың назарын табыс септігінің жалғауына аударады, грамматика тек құрылым түрінде жекелеген сөздер қатарымен (отбасы мүшелері) ғана жаттықтырылады.
2-тапсырмада оқушыларды «Сен кімді жақсы көресің?» деген сұрақ үлгісімен таныстырады. «Есте сақта!» айдарындағы кесте бойынша осы сұраққа оқушылардың дұрыс жауап бере алу дағдыларын қалыптастырады. Мұғалім «Доп лақтыру» ойыны бойынша сұрақ пен жауапты жаттықтырады.
3-тапсырмада оқушыларға отбасы мүшелелерін қайталатады. Содан кейін тапсырмада берілген үлгімен таныстырады, түсіндіреді. Оқушылардың осы үлгі бойынша өз отбасы мүшелері туралы айта алу дағдыларын қалыптастырады.
4-тапсырмада оқушыларды отбасы туралы мәтінмен таныстырады. Мәтінді аудиодиск арқылы тыңдатады, мәтін мазмұнын түсіндіреді.

Мұғалімнің көмегімен мазмұнын түсінеді.
«Есте сақта!» айдарында берілген кесте бойынша жақсы көремін сөзін сөйлемде қолданумен танысады. Мысалы:
Мен анамды (әкемді, атамды, әжемді, ағамды, әпкемді, інімді, қарындасымды/сіңлімді) жақсы көремін.
2-тапсырмада «Сен кімді жақсы көресің?» деген сұрақпен танысады. Берілген сұраққа «Есте сақта!» айдарында берілген кесте бойынша «Доп лақтыру» ойынында жауап беруге жаттығады.
3-тапсырмада берілген үлгіні аудиодиск арқылы таңдайды, сурет бойынша екінші нұсқаны толықтырып айтады:
Бұл – менің ағам.
Мен ағамды жақсы көремін.
4-тапсырмада берілген мәтінді аудиодиск бойынша тыңдайды.

сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысы
«Баспалдақ» әдісі бойынша бағаланады.

Отбасы суреті




Оқушылардың осы мәтін негізінде өз отбасы туралы айта алу дағдыларын қалыптастырады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада оқушылар сөйлемді сурет бойынша толықтырып айтуға дағдыланады.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (3.3.3).
Оқушылар аудиодискіден ақпаратты тыңдап, тыңдаған ақпаратқа сәйкес суреттерді нөмірлейді.
Тыңдайтын ақпарат:
Нөмір бір – ата.
Нөмір екі – ана.
Нөмір үш – әке.
Нөмір төрт – әже.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада
берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Тыңдаған ақпарат негізінде өздерінің отбасы туралы мәтін құрап айтуға айтуға тырысады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар «Бұл – менің ...» деген сөйлемді тірек сурет бойынша «отбасым» сөзімен толықтырып айтады.
2-тапсырмада оқушылар аудиодискіден ақпаратты тыңдап, тыңдаған ақпаратқа сәйкес суреттерді цифрмен нөмірлейді.
ата – 1 ана – 2 әке – 3
әже - 4
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 3.3.3
Қосымша
тапсырма: 3.3

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында

Өздерінің сабақта қалай жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет