|
оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?). Мұғалім ғ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: ғарышкер (кім?), ағаш (не?), тоғыз (неше?), Ғалымжан (кім?). Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада оқушылардың әріпті бастыру, өз бетінше жазу, сөздерді көшіріп жазу дағдылары қалыптастырылады.
Мұғалім оқушылардың әріптерді сөз ішінде дұрыс байланыстырып жазуларына, ұқыпты әрі таза жұмыс істеулеріне назар аударады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың сөзді өз бетінше жаза алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларды сұраққа жауап беруде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға дағдыландырады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз
|
қайталайды, сұраққа сәйкес келетін жауапты таңдайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Мұғалімнің көмегімен дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырмада оқушылар «Ғ ғ» әрпін бастырады, өз бетінше жазады, Ғалымжан, тоғыз сөздерін көшіріп жазады.
2-тапсырмада оқушылар суретте берілген сөзді айтады, оны өз бетінше жазады.
3-тапсырмада оқушылар «Сен қайда барасың?» деген сұраққа үйренген үлгілер бойынша (тауға, саябаққа, дүкенге, үйге, мектепке) жауап береді, өз жауабын суретін салу арқылы көрсетеді.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта
|
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
|
№2 жұмыс
дәптері
Қосымша
тапсырма: 5.6
|