1.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну; 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:мұғалімнің көмегімен өзінің кеше не істегенін тақырып аясында айта алады, ғ әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады. Оқушылардың басым бөлігі:тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, өзара тілдесе алады, ғ дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар: өзінің кеше немен айналысқаны туралы қосымша ақпарат бере алады, ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген жаңа сөздерге аударады, тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады.
1-тапсырмадағы сөйлесу үлгісі арқылы жаңа сөздердің қолданысын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларды «Сен не істедің?» сұрағымен таныстырады, демалдым, бардым сөздерінің өткен шақтағы қолданысын түсіндіреді.
«Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктердің өткен шақта жіктелуін түсіндіреді (жекеше түрі), қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырмада «Сен кеше қалай демалдың?» деген сұрақтың жауап үлгілерімен жұмыс жасайды. Оқушылар өз жауаптарын эмоциямен жеткізуге дағдыланады. Бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру арқылы жұптық жұмыс жүргізеді. Мұғалім оқушылардың назарын сұрақ-жауап кезінде сен демалдың, мен демалдым құрылымын дұрыс қолдана білуге
Сурет бойынша 1-тапсырмадағы сөздермен,
«Сен не істедің?» сұрағымен танысады.
Сұраққа жауап беру үлгісін үйренеді.
«Есте сақта!» айдарындағы етістіктердің өткен шақта жіктелуін үйренеді.
2-тапсырмада «Сен кеше қалай демалдың?» деген сұраққа тапсырмада берілген үлгілер бойынша жауап береді.
Сұрақ қоя алуға дағдыланады, демалу етістігін өткен шақта қолдана алуға ойын арқылы жаттығады.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.