Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Сөздермен жұмыс «Сөздер эстафетасы» ойыныбойынша қайталанады
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Оқушыларға жаңа сөздерді
түсіндіреді, содан кейін назарларын
1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша оқушыларға «Демалыс» сөзінің мағынасын түсіндіреді. Оқушылар «Мен шаңғы тебемін» деген сөйлем үлгісін қайталайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға бару етістігінің жіктік жалғауының көпше түрінде түрленуін түсіндіреді:
Мен барамын – Біз барамыз Жаңа құрылымды оқушыларға хормен,
1-
Ертең, танысады.
«Есте
тапсырмада берілген
аудиодискіден тыңдайды,
демалыс, сақта!»
сөйлесу үлгісін
шаңғы сөздерімен
айдарында
бару
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
5.5.1; 5.5.2;
5.5.4
жеке-жеке қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырма арқылы оқушылардың назарын суретке аударып, «Ол шаңғы тебеді. Ол коньки тебеді. Ол велосипед тебеді» деген сөйлемдерді толықтырып айтқызады.
«Тірек сөздер» стратегиясы бойынша мәтін құрап айтуға жаттықтырады.
3-тапсырмада оқушыларға мәтінді тыңдатады, сұрақтарға жауап алады.
Бұл тапсырмада мұғалім оқушылардың өз пікірін білдіре алу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі. 4-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын сұрақ үлгілеріне аударады. Сұрақтарды қайталауға көңіл бөледі. Сондай-ақ соңғы сұраққа өз қалауы бойынша жауап бере алатындарын түсіндіреді.
Сен тауға барасың ба? Сен тауда не істейсің? 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды Қ қ дыбысы және оның әрпімен таныстырады, қ дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады. Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: қарындаш, қасқыр, қара. Сондай-ақ оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді
етістігінің жіктік жалғауының көпше түрінде түрленуімен танысады. Тыңдау, қайталау арқылы есте сақтайды.
2-тапсырмада сурет бойынша сөйлемдерді тлықтырып айтады.
Ол шаңғы тебеді. Ол коньки тебеді. Ол велосипед тебеді 3-тапсырма бойынша мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Алмабек ертең қайда барады?
Ол тауда не істейді?
4-тапсырмада жұппен жұмыс істейді, үлгі бойынша сөйлеседі.
Тапсырмада берілген үлгіні кеңейтіп қолдануға тырысады.
Мысалы: