1-тапсырманың дескрипторы: - тау, мектеп сөздерін атайды, жазады.
2-тапсырманың дескрипторы: - сурет бойынша оқу құралдарының санын айта алады.
3-тапсырманың дескрипторы:- «Сен қайда барасың?» сұрағын түснеді, - сұраққа дұрыс жауап береді.
берілген сұраққа тірек суреттер бойынша жауап береді. Сондай-ақ мұғалім оқушылардың назарын барыс септігі жалғауының қолданысына ерекше аударады (мектеп – мектепке, үй – үйге, тау – тауға, саябақ – саябаққа).
4-тапсырмада бару етістігінің болымды, болымсыз түріне көңіл бөлінеді. Тапсырмада берілген сурет бойынша оқушылар қайда баратынын/ бармайтынын айтады, өз жауаптарын белгілеу арқылы (, ) арқылы көрсетеді.
Мұғалім оқушылардың барамын, бармаймын сөздерін дұрыс қолдана білулеріне және сөйлемдегі барыс септігі жалғауының дұрыс қолданылуына ерекше назар аударады. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
5-тапсырмада оқушылар сурет түрінде берілген сөздерді алғашқы сөздің (орындық) соңғы дыбысынан басталатын сөзбен жалғастырып жазады.
6-тапсырмада осы бөлімде үйренген қазақ тіліне тән дыбыстар қайталанады. Мұғалім оқушылардың аталған дыбыстарды дұрыс дыбыстай білулеріне көңіл бөледі.
7-тапсырма мұғалім оқушылардың тапсырмада берілген сөздерді атай алуларына және қатесіз жаза
4-тапсырмада оқушылар сурет бойынша барамын, бармаймын сөздерін қолданады, өз жауабын белгі қою арқылы көрсетеді.
Өзі қойған белгісіне сәйкес сурет бойынша сөйлем құрап айтады.
Мысалы:
Мен дүкенге барамын. Мен саябаққа бармаймын. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
5-тапсырмада оқушылар сөздерді мына ретпен жазады: орындық, қасқыр, робот, терезе, есік, кітап, парта, асық.
6-тапсырмада оқушылар қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә, ө, ғ, қ, і) қайталайды, тапсырмада берілген әріптерді қызыл және көк түске бояйды.
7-тапсырмада оқушылар осы бөлімде үйренген сөздерді суреті бойынша жазады, жазғандарын тақта бойынша