1.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал туралы «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікірін білдіру; 1.3.3.1* мәтіннің жанрын (тақпақ) ажырату;
1.4.5.1* мұғалімнің қолдауымен ң әрпі кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:түстерді қайталайды, өзіне қандай түс ұнайтынын, мұғалімнің көмегімен гүлдер туралы тақпақты айта алады, ң әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, ң дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар: түстерді ажырата алады, тақпақты жатқа айта алады, ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Шаттық шеңбері» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушыларды тақырыпқа қатысты
жаңа сөзбен таныстырады,
1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісі бойынша сөйлемдегі қолданысын түсіндіреді. Сөздермен жұмыс «Шеңбер» ойыны бойынша жүргізіледі.
Оқушыларға «Мен анама гүл сыйлаймын» сөйлемі түсіндіріледі. Сөйлеу үлгісін аудиодиск арқылы тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша сыйлау етістігінің жіктелуі (жекеше түрі) түсіндіріледі.
2-тапсырмада оқушыларды ұнайды/ұнамайды сөздерін қолдану арқылы өз пікірін білдіре алуға үйретеді. Сондай-ақ осы тапсырма арқылы түстер қайталанады.
3-тапсырмада түстер қатары толықтырылады. Оқушылар гүлдерге қатысты қолданылатын түстерді қайталайды. Олар: қызыл, сары, көк, көгілдір, күлгін, қызғылт, қызғылт сары. Әр оқушы қалауы бойынша өзіне ұнайтын түсті таңдай алады.
Жаңа сөздермен танысады, тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін аудиодиск бойынша тыңдайды, қайталайды.
«Мен анама гүл сыйлаймын» сөйлем үлгісімен танысады.
«Есте сақта!» айдары бойынша сыйлау етістігінің жіктелуін (жекеше түрі) үйренеді.
2-тапсырмада өзіне қандай түс ұнайтынын, соған байланысты қандай гүл сыйлайтынын айта алуға үйренеді.
Мысалы:
Маған қызыл түс ұнайды. Мен қызыл гүл сыйлаймын. 3-тапсырмада гүлдердің түсін сипаттауға қатысты түстер қатарын қайталайды. «Саған қандай түс ұнайды?» сұрағына жауап береді.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқушылардың жұмысын бағалауда