Тапсырма жұптық жұмыс түрінде де жалғасады.
4-тапсырмада оқушылар «Әдемі гүлдер» деген тақпақпен танысады.
Тақпақты аудиодискіден тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға тақпақ мазмұнын түсіндіреді. Оқушылардың тақпақты тірек суреттер бойынша (тақпақтағы гүлдердің суреті) жатқа айта алуына назар аударады.
5-тапсырмада оқушыларды ң дыбысы мен оның әрпімен таныстырады, ң дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады және ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: шаңғы, қоңыр, бәтеңке. Сондай-ақ оқушыларға ң дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Аңсар т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.
«Көп және тез» ойыны бойынша қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді қайталату жұмыстары жүргізіледі. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды
(кім? не? неше? қандай?).
Мұғалім ң дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: шаңғы (не?), қоңыр (қандай?), бәтеңке (не?), Аңсар
4-тапсырмада «Әдемі гүлдер» деген тақпақты аудиодискіден тыңдайды, қайталайды, тақпақты жатқа айтуға тырысады.
Оқушылар ң дыбысы мен оның әрпін үйренеді, ң дыбысының дұрыс дыбысталуын біледі, ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша атайды: шаңғы, қоңыр, бәтеңке. Қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді атайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша ң дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын айтады.
Мысалы:
шаңғы (не?), қоңыр (қандай?), бәтеңке (не?), Аңсар (кім?). Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
(кім?). Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада ң әрпін және шаңғы, қоңыр сөздерін бастыру, өз бетінше жазу арқылы мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада түстерді қайталауға көңіл бөлінеді. Мұғалім алдымен оқушылар білетін барлық түстерді қайталатып шығады, түстерді түрлі карточкалар арқылы айтқызады. Оқушылар хормен, жеке айтады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударылады. Сонан кейін жазу дәптеріне толықтырып жазу жұмысы жүргізіледі. Алдымен оқушы түсті атайды, сөйлемді толық оқиды, сонан соң жазады.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға түстерді тағы бір рет қайталатады. Түстерді қайталап алғаннан кейін тыңдалым жұмысы жүргізіледі. Тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (6.3.3).
Оқушылар алдымен дәптерде берілген түстерге қарайды, оларды атап шығады. Сонан соң аудиодискіні тыңдайды, өз бетінше дәптердегі
1-тапсырмада ң әрпін бастырады, өз бетінше жазады.
Шаңғы, қоңыр сөздерін оқиды және көркем жазады.
2-тапсырмада оқушылар сөйлемдерді оқиды, тірек түстерді қолданып толықтырып жазады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен қызыл гүл сыйлаймын. Мен сары гүл сыйлаймын. Мен ақ гүл сыйлаймын. 3-тапсырмада түстерді, сандарды қайталайды.
Тыңдағанын түсінеді, тапсырманы дұрыс орындайды.
Сандарды сәйкес түстің қасына жазады.
Оқушылардың жауаптары:
– жасыл түс.
– сары түс.
– қызыл түс.
– қоңыр түс.
№2 жұмыс
дәптері
Аудиодиск
Дәптер 6.3.3
түстердің қасына сандарды жазып шығады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату
арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Қосымша
тапсырма: 6.3
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.