|
Сол қолымда бес саусақ,
Алақанды ашамыз, Бесті беске қосамыз»
тақпағын еске түсіреді, оқушыларға қайталатады. Саусақ, алақан сөздерін оқушылар хормен және жеке-жеке айтады. Мұғалім оқушыларға қ әрпінің айтылуы мен жазылуын еске салады.
Оқушылар өз саусақтарын, алақандарын көрсетіп, сөздерді қайталайды. Содан кейін дәптердегі тапсырма бойынша оқушыларға сөйлемді толықтырып жаздыртады.
3-тапсырмада мұғалім алдымен оқушыларға түстерді қайталатады. Түстер арналған карточкаларды көру арқылы оқушылар түстерді хормен және жеке-жеке қайталайды. Содан кейін оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіруге көңіл бөлінеді.
Ол үшін алдымен «Сенің шашың қандай?» сұрағын «Доп лақтыру» ойыны бойынша қояды, оқушылардың
жауабын тексереді. Мысалы, - Сенің шашың қандай?
- Менің шашым қара.
Содан кейін дәптердегі тапсырманы орындатады, ол үшін оқушылар түрлі түсті қарындаштарын алып, шеңберді шаштарына сәйкес түске бояйды.
4-тапсырмада мұғалім оқушылардың оқу дағдысын жетілдіруге және сөйлемдерді толықтырып жаздыртуға
|
Мұғалімнің «Мынау не?» деген сұрағына жауап береді. Тапсырманы түсініп, сурет бойынша толықтырып жазады.
3-тапсырмада оқушылар «Сенің шашың қандай?»
сұрағын түсінеді, бір-біріне қояды, сұраққа жауап береді.
Содан кейін жазу дәптеріндегі тапсырмада берілген шеңберді бояйды.
4-тапсырмада оқушылар берілген сөйлемдерді оқиды, мазмұнына сәйкес келетін сөздерді қатесіз
|
саусақ, алақан сөздерін түсінеді, дұрыс жазады. - қ дыбысын дұрыс дыбыстайды, жаза алады.
|