1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен ә, ү, ұ, і, қ, ғ дыбыстарын артикуляциялау;
1.5.1.4 сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) атай алады, амандасу және қоштасу үлгілерін (Сау бол! Сау болыңыз!) қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:сабақта үйренген сөздер қатарын өзара тілдесу кезінде еркін қолдана алады, үйренген сөздерге сұрақты дұрыс қоя алады.
Кейбір оқушылар: амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Шаттық шеңбері» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен (Бұл кім?) таныстырады. Диалогті тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде ата сөзінің орнына әже, мұғалім, оқушы сөздерін қолдануға жаттықтырады.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
1.2.1; 1.2.3
«Есте сақта!» айдары бойынша
оқушыларға амандасу үлгілерін (Сәлем! Сәлеметсіз бе!) қайталатады, сондай-ақ қоштасу үлгілерінің қолданысын (Сау бол! Сау болыңыз!) түсіндіреді. Амандасу, қоштасу үлгілерін айтқызып, оқушыларды жаттықтырады.
2-тапсырмадағы суреттер бойынша Бұл кім? деген сұраққа жауап беру үлгісін көрсетіп, жаңа сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) қайталатады.
Жаңа сөздер «Қайталай ғой» ойыны бойынша жаттықтырылады. Ойын шарты бойынша бір оқушы бір сөзді атайды, екінші оқушы сол сөзді қайталап, келесі сөзді қосады. Келесі оқушы алдыңғы екі сөзді қайталап, тағы бір сөзді қосады.
Аудиодиск бойынша 3-тапсырмадағы диалогті тыңдатады. Оқушылардың бойында мұғаліммен амандаса алу, өзінің атын айта алу, мұғалімнің сұрағына («Бұл кім?») жауап бере алу, қоштасу үлгісін дұрыс қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға мән береді. Осы 3-тапсырмада берілген диалог сынып бөлмесінде оқушылармен жеке-жеке жүргізіледі. Бір оқушы үлгіде берілген баланың рөлін ойнайды, ал басқа оқушылар оның жауабын бағалай алады. Мұғалімнің іс-әрекеті:
Амандасу үлгісін еске түсіреді, қайталайды, қоштасу үлгілерімен танысады.
Амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтыру үшін, оқушылар мұғаліммен, бір-бірімен амандасып, қоштасады.
«Бұл кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы ата, әже, мұғалім, оқушы сөздерін қайталайды.
Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, жаңа сөздер қатарын толықтырады.
3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін, сондай-ақ амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін бір диалог ішінде қайталайды.
Осы тапсырманы жағдаят түрінде ойнатылады. Ол үшін бір оқушы сыныптан шығып, сабаққа енді келгендей болуы керек.
Сонда оқушылар бірнеше әрекетті қимыл түрінде жүзеге асырады.
Оқушының іс-әрекеті:
Сыныпқа кірген оқушымен амандасады, орнына отыруға нұсқау береді.
Оқушыдан оның атын сұрайды
(«Сенің атың кім?»). Оқушыны тақтаға шақырып, тақтада ілулі тұрған суреттің (ата, әже, мұғалім, оқушы) бірін нұсқап, «Бұл кім?» деген сұрақ қояды.
Оқушының жауабын бағалап, онымен қоштасады.
Осылай тапсырмадағы жағдаятты бірнеше оқушымен қайталауға болады. Бұл оқушылар үшін өте қызық тапсырма болып табылады. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген ирек сызықтарды бастыру арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру, сызу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (1.2.2).
Ең алдымен мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, содан кейін тыңдалым тапсырмасының орындалуы түсіндіріледі. Мұнда оқушылар тыңдаған сөзді түсінуі, түсінгенін белгі қою арқылы көрсете білуі қажет.
1) Сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады, өзінің орнына отырады. 2) Мұғалімнің сұрағына («Сенің атың кім?») жауап береді. 3) Тақтаға шығып, мұғалімнің екінші сұрағына («Бұл кім?») жауап береді. 4) Мұғаліммен қоштасып, сыныптан шығады. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады, өз бетінше сызады, тапсырманы ұқыпты орындайды.
2-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша екі сөйлемді тыңдайды: Бұл – әже. Бұл – мұғалім. Ақпаратты дұрыс түсінгенін дәптердегі әже мен мұғалімнің суретінің қасына шартты белгі () қою
Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
№1 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 1.2.2
Мұғалім дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
арқылы білдіреді.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Қосымша
тапсырма: 1.2
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.