1.1.1.1* хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану);
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.2.6.1* мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ дыбыстарын артикуляциялау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:Неше? сұрағын түсінеді, сұраққа дұрыс жауап бере алады, 1-ден 10-ға дейін санай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: сабақта үйренген цифрларды таниды, заттардың санын айта алады (үш доп т.с.с).
Кейбір оқушылар:10-нан жоғары сандар қатарын да атай алады, сандарды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сандарға аударады. Осы тапсырма арқылы оқушыларды сандармен таныстырады. Бұдан кейін оқушылардың назарын сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушыларды неше? деген сұрақпен және сөйлесу үлгісімен таныстырады:
Сенде неше доп бар?
Менде бес доп бар. Оқушыларға диалогті тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі.
Сандарды айтып жаттықтыру үшін
1-тапсырма бойынша сандармен танысады.
1-ден 10-ға дейін санайды.
Берілген сөйлесу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Допты қолдану арқылы мұғалімнің көмегімен сөйлесу үлгісіне қатысады.
оқушыларға цифрлар жазылған карточкалар таратады.
Тапсырма «Шеңбер» ойыны бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқушыларды шеңбер құрып тұрғызады. Содан кейін екі цифрды атайды (мысалы: бес, сегіз). Осы екі цифрды ұстаған оқушылар орындарымен ауысады.
2-тапсырманы орындағанда оқушылардың математикалық терминдерді (қосу, тең) қолдануы қажет емес. Мұнда заттың жалпы санын дұрыс айтуы маңызды. Мұғалім бір қолына екі қарындаш, екінші қолына үш қарындаш ұстап тұрып, неше қарындаш болатынын сұраса жеткілікті. Сондай-ақ you tube-тен күшіктер санамағын көрсету арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларды «Сенде доп бар ма?» деген сұраққа қысқа жауап беруге үйретеді.
Сыныптағы кейбір оқушыларға доп, текше беріп қою керек. Сонда сыныптағы оқушылар бұл сұраққа шынайы жауап бере алады.
3-тапсырмада «Сұрақ-жауап әдісі бойынша жұптық жұмыс жүргізеді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін бірінші баланың қолында 2-3 кішкентай доп немесе қарындаш, қалам, текше болуы керек.
Оқушылар цифрлардың өсу ретімен бір қатарға тұрып, кезекпен қолындағы цифрды атайды.
Содан кейін оқушылар шеңбер құрып тұрады, мұғалімді мұқият тыңдайды. Қолындағы цифр аталған жағдайда басқа оқушымен ауысады.
2-тапсырмада берілген тірек сурет бойынша заттардың жалпы санын айтады.
«Күшіктер санамағын» интербелсенді тақта арқылы көреді, тыңдайды, қосылып айтады.
«Сенде доп бар ма?»деген сұраққа «Иә, бар» немесе «Жоқ» деп жауап береді.
3-тапсырмада берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі.
Үлгі:
– Сәлем!