Барлық оқушылар: отыр, тұр сөздерінің мағынасын түсінеді. Тірек суреттер бойынша кімнің отырғанын, кімнің тұрғанын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: мұғалімнің көмегімен отыр, тұр сөздерін 3-жақтан 1-жаққа түрлендіре алады.
Кейбір оқушылар:отыр, тұр сөздерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суреттерге аударады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы ата, әже, мұғалім, оқушы сөздерін қайталатады.
Сөздер «Қайталай ғой» ойыны бойынша жаттықтырылады.
2-тапсырмадағы сурет бойынша оқушыларға отыр, тұр сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
Аталған сөздерді 1-тапсырмадағы ата, әже, оқушы, мұғалім сөздерімен бірге қолдана алуға үйретеді.