Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет52/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы материалға аударады. Оқулықта осы бөлімде өткен тақырыптарға байланысты 8 сурет берілген. Оқушылармен әр сурет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушыларға әр сурет бойынша берілген диалогтің толық нұсқасын аудиодиск арқылы тыңдатады, сұрақжауапты әр сурет бойынша хормен, жеке-жеке қайталатады. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтқызады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше ұйымдастыруға болады.

Аудиодиск бойынша сөйлесу үлгілерін тыңдайды, суреттер бойынша есте сақтайды.
Содан кейін оқулық бойынша өздері толықтырып айтуға тырысады.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
«Кел, қайталайық!» сабағындағы 8 суреттен тұратын тапсырманың дескрипторы:
- берілген сөйлесу үлгілерін өз

Оқулық
Аудиодиск:
1.8.1




Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімдері арта түседі.
Суреттермен жұмысты «Қызықты суреттер» әдісі бойынша топтық жұмыс ретінде түрлендіре алады. Ол үшін сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады.
Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.
Келесі жұмыс түрі – жұптық жұмыс. Жұптық жұмысты мұғалім «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі бойынша ұйымдастырады. Оқушылар берілген сұрақтар бойынша өзара жұмыс істейді. Мұғалім оқушылардың сұрақжауаптарын тыңдап, қажет болса көмектеседі. Нәтижесінде оқушылар мұғалімнің осы бөлім бойынша берген сұрақтарына жауап бере алуға жаттығады.
Мұғалім осы бөлімнің соңында оқушылардың:
- қандай? сұрағына жауап беретін
сөздерді атай алу
(үлкен, әдемі, кішкентай);

Топ ішінде суреттермен жұмыс істейді.
Бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруге жаттығады.
Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады.
Әр жұп өзара сұрақ-жауап жүргізеді. Оқушылар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.
Оқушылар мұғалімнің мына сұрақтарына жауап бере алуы қажет: – Бұл не? (мұғалімнің қолында немесе тақтада оқу құралдары болу керек).

  • Сенің мектебің қандай? – Сенің сыныбың қандай?

  • Сыныпта не бар?

бетінше толықтырып айта алады;
- үлгі бойынша сөйлесу үлгісіне қатыса алады.
Оқушылардың жұмысын бағалауда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет