Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет76/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

6-тапсырманың дескрипторы:

  • «Сенің досың не істейді?» сұрағын түсінеді; - сұраққа жауап береді.

7-тапсырманың дескрипторы:

  • түстерді атай алады.


BilimKids: https://www.y outube.com/wa tch?v=9ZzDza
INwPU
Torghai-TV: https://www.y outube.com/wa tch?v=TgbJCx
II6ZQ&t=3s




алған білімдерін бекіте түседі, сондай-
ақ өз бетінше жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.








Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

«Шапалақтау»
әдісі


Сабақтың тақырыбы: Аңдар

Бөлімі: 4

Бізді қоршаған әлем

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Аңдар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ санын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: аңдарды атай алады, аңдар туралы тақпақты жатқа айта алады және мұғалімнің көмегімен 20-ға дейін санай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады.
Өздерінің қандай және неше аңның суретін салатындарын мұғалімнің көмегінсіз айта алады.
Кейбір оқушылар: өздерінің сүйікті аңы туралы қосымша ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

1-тапсырмада оқушылардың назарын алғашқыда аңдардың суретіне, аң атауларына, содан кейін негізгі

1-тапсырма бойынша аң атауларымен танысады.
Жаңа сөздерді тыңдайды, сурет

Мұғалім оқушылардың сабақтағы

Оқулық
Аудиодиск:




сөйлесу үлгісіне аударады.
Суреттер бойынша аң атауларымен таныстырады. Оқушылардың сөздерді дұрыс дыбыстауына көңіл бөледі. Содан кейін мұғалім тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін аудиодискіден тыңдатып, үлгі бойынша оқушыларға сұрақ қояды. Жаңа сөздер «Шеңбер» ойыны бойынша жаттықтырылады.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім оқушыларға суретті карточкалар тарады. Мұғалім екі сөзді атайды. Мысалы: аю – қасқыр. Қолдарында аю мен қасқырдың суреті бар оқушылар орындарымен ауысады. 2-тапсырмада оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды қайталатады. Тапсырмада берілген цифр мен сурет бойынша аңдардың санын айтады. Мысалы: бес қоян, жеті қасқыр, үш қоян. Сондай-ақ сандарды «Күшіктер санамағы» бойынша қайталауға болады.
3-тапсырмада оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды қайталатады және 11-ден 20-ға дейін санауды үйретеді. Сандар «Мені түсін» ойыны бойынша қайталанады. Ол үшін оқушылар бір қатарға тұрады. Мұғалім алғашқы оқушыға бір тіркесті (он екі қоян) сыбырлап айтады. Оқушы бұл тіркесті келесі оқушыға сыбырлап айтады. Осылай ойын жалғасады. Соңғы

бойынша қайталайды.
Тапсырмада берілген сөйлесу үлгісін тыңдайды, сол үлгі бойынша мұғалімнің Бұл не? сұрағына жауап береді.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.
Әр оқушының қолында бір аңның суреті бар карточка болады.
Мұғалім қай аңдарды атаса, сол оқушылар орнымен ауысады.
2-тапсырмада берілген үлгіні адиодискіден тыңдайды содан кейін тірек суреттер бойынша өз бетінше айтады.
3-тапсырмада 10-ға дейін санайды, 20-ға дейінгі сандарды үйренеді.
Оқушылар қатарға тұрады. Мұғалімнен естіген тіркесті бір-біріне сыбырлап айтады.

белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

4.1.1; 4.1.2;
4.1.4
Күшіктер санамағы (Bilimland Кids):
https://www.y outube.com/wa tch?v=2Qh7pw f08m0
Маймылдар санамағы: https://www.y outube.com/wa tch?v=eUobzbi
sEXA




тұрған оқушы өзі естіген тіркесті дауыстап айтуы керек. Оқушылармен сандарды жаттықтыру мақсатында бұдан басқа да түрлі ойындар ұйымдастыруға болады (1-ден 20-ға дейін кезекпен санау, карточкадағы сандарды ретімен айту, қосу амалы арқылы есеп шығару т.с.с.).







4-тапсырмада оқушыларды аңдар туралы тақпақпен таныстырады. Тақпақты тыңдату, хормен, жеке-жеке қайталату жұмыстары жүргізіледі. Тақпақтағы сұраққа жауап беру үшін оқушылардың назарын тақпақтың айналасындағы суретке аударады. Тақпақты жаттау жеңіл болуы үшін оқушыларға тақпақта кездесетін аңдардың суретін салдыруға болады. Оқушылар осы суреті бойынша тақпақты жатқа айтуға тырысады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмадағы суреттер бойынша аң атаулары қайталанады, суретті сұлбасымен сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.
2-тапсырма бойынша аң атаулары және сандар қайталанады. Мұғалім оқушылардың тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс істей алу

4-тапсырмада аңдар туралы тақпақты тыңдайды, тірек суреттер бойынша қайталайды.
Ақ қағазға тақпақта кездесетін аңдардың суретін салады (керік, піл, түлкі, кірпі).
Суреттегі аңдардың санын әр бала өзі шешеді.
Содан кейін әр бала өзінің салған суретін көрсетіп тұрып, тақпақты айтады.
Ал басқалары оның суретіндегі аңдарды санайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар қоян, керік, аю, піл, арыстан сөздерін суреттер бойынша атайды, суретті сұлбасымен сәйкестендіру арқылы сөздер тағы бір қайталанады.
2-тапсырмада оқушылар суреттегі аңдарды атайды, санайды, санын белгіленген орынға жазады.

Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау»
әдісі
бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері




дағдыларының қалыптасуына көңіл бөледі.












3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (4.1.3).
Оқушылар аудиодискіден диалогті тыңдап, тыңдаған ақпаратқа сәйкес тапсырмадағы екі жауаптың бірін таңдайды.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

3-тапсырмада оқушылар аудиодискіден диалогті тыңдайды, тыңдаған ақпаратқа сәйкес суретпен аю және қоңыр сөздерін таңдайды, қасына шартты белгі () қояды.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.







Аудиодиск_
Дәптер: 4.1.3
Қосымша
тапсырма: 4.1

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет