Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет79/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Не жоқ?» ойыны бойынша аң атаулары қайталанады. Мұғалім үстелдің үстіне карточкаларды қояды. Оқушыларға суреттерді мұқият қарап алуды тапсырмады. Содан кейін мұғалім бір сәтке көздерін жұмуды сұрайды. Оқушылар көздерін жұмғанда, бір карточканы жасырып қояды. Оқушылар көздерін ашқанда, жоғалып кеткен карточкадағы сөзді табады. Содан кейін «Сен нені көрдің?» деген сұрақ түсіндіріледі. Жауапты толықтырып айту арқылы оқушыларды өздерінің қандай аңды көргенін айта алуға жаттықтырады. Тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жұптық жұмыс түріне жалғастырылады.
Оқушылардың назарын табыс септінің жалғауына аударады.
3-тапсырмада оқушылардың назарын тірек суреттер мен үлкен, кішкентай, әдемі деген тірек сөздерге аударады. Содан кейін тапсырмада берілген үлгіні аудиодискіден тыңдату арқылы аңдарды сипаттау жолын үйретеді. Осы тапсырмада түс атаулары «Қайталай ғой» ойыны бойынша қайталанады.
4-тапсырмада оқушыларды сабақта үйренген үлгілерін жинақтап айтуға үйретеді. Тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылардың өздері көрген аңды және оның қандай екенін айта

2-тапсырмада аң атауларын суреттер бойынша қайталайды.
Ойын бойынша жоғалып кеткен аңның суретін табады.
Тапсырмада берілген сөйлемді толықтырып айту арқылы «Сен нені көрдің?» сұрағына жауап береді. Жұптық жұмыста сұрақ қою, жауап беру дағдыларын жетілдіреді.
3-тапсырмада аңдарды сипаттап айту үлгісін тыңдайды, қайталайды. Берілген үлгі бойынша тапсырмадағы аңдар туралы айтады.
Мысалы:
Мынау – аю.
Ол үлкен.
Ол қоңыр.
Сондай-ақ оқушылар ойын бойынша түс атауларын қайталайды.
4-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін тыңдайды, берілген үлгі бойынша өздерінің хайуанаттар бағында қандай аңды көргенін, оның қандай екенін

Оқушылардың жұмысын бағалауда
«Саусақтар» әдісі қолданылады.





алуға үйретеді.
Тапсырма «Тірек сөздер» стратегиясы бойынша жүргізіледі. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша кірпі, керік, қоян сөздерін қайталатады. Оқушылардың үлкен, кішкентай сөздерін осы аңдарға қатысты дұрыс қолдана алуларына көңіл бөледі.
2-тапсырмада оқушылардың сұрақты түсініп, сұрақтарға тірек суреттер бойынша жауап бере алу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі.
3-тапсырмада суретті бастыру, бояу тапсырмалары арқылы аю, кірпі сөздері және түстер қайталанады. Оқушылар бірінші суреттегі аңды атайды, содан кейін оны қандай түске боятынын айтады. Мысалы:
Мынау – аю.
Ол қоңыр болады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын

тірек сөздер бойынша сипаттап айтады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар сурет бойынша аңдарды атайды (кірпі, қоян, керік). Үлкен, кішкентай сөздерін осы аңдарға қатысты қолданады.
Мысалы:
Мынау – кірпі.
Ол кішкентай.
2-тапсырмада оқушылар «Сен нені көрдің?» деген сұраққа тірек суреттер бойынша жауап береді.
Өз жауаптарын таңдаған суреттің қасына шартты белгі () қою арқылы көрсетеді.
3-тапсырмада оқушылар суретпен берілген аңдарды атайды (аю, кірпі), қандай түске бояйтынын айтып, сол түске бояйды.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№1 жұмыс
дәптері
Қосымша




түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




тапсырма: 4.2

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет