«Есте сақта!» айдарыбойынша отыр, тұр, жүр сөздерінің жіктелуін түсіндіреді. Оқушыларды жіктік жалғауын түрлендіріп қолдануға жаттықтырады.
3-тапсырмада оқушылардың назарын суретке аударады. Бұл кім? деген сұрақ қою арқылы оқушылар суреттегі кейіпкерлерді атайды (бала, ата, әже). Содан кейін сурет бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: Кім отыр? Кім тұр? Кім жүр? 4-тапсырмада тыңдалым бойынша жұмыс істейді. Аудиодиск бойынша
1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін тыңдайды, қайталайды.
Тапсырма арқылы қар сөзімен және сөйлеу үлгісімен танысады.
Мысалы: мынау – қар. Оқушылар кезекпен бір суретті алып сипаттайды.
Мысалы: қоян аппақ, гүл аппақ, қар аппақ, текше аппақ. 2-тапсырмадағы суреттер бойынша отыр, тұр сөздерін қайталайды, жүр сөзін үйренеді.
Аталған сөздерді қимыл-қозғалыспен көрсету арқылы қайталайды, есте сақтайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша отыр, тұр, жүр етістіктерін 3-жақта (нақ осы шақ) айтып үйренеді.
3-тапсырмада сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Суретте кімнің отырғанын, тұрғанын, жүргенін айтады.
Мысалы:
Ата отыр. Әже отыр. Бала жүр. 4-тапсырмада мәтінмен танысады.
Мәтінді аудиодискіден тыңдап, мәтін
оқушыларды мәтінмен таныстырады. Оқушылардың тыңдаған мәтін бойынша жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
«Сұрақ-жауап әдісі» бойынша оқушыларды сұрақтарға жауап бере алуға үйретеді.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар тірек суреттер бойынша жауап беруге дағдыланады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суреттерге аударады. Тапсырмада берілген сұраққа оқушылар осы суреттер бойынша жауап береді.
3-тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру үшін, оқушылар тапсырмада берілген суретке мұқият қарайды. Сурет бойынша сыныпта неше оқушының тұрғанын, неше оқушының отырғанын айтады.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
– Бүгін күн қандай? Алмабек аулада не істейді? Жауаптары:
Бүгін күн жылы. Алмабек аулада ойнайды. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар тірек суреттер бойынша қардың суретін таңдап, қасына шартты белгі () қояды.
2-тапсырмадағы «Кім отыр?» деген сұраққа оқушылар бала мен әженің суретін таңдап, суреттің қасына шартты белгі () қояды.
3-тапсырмада оқушылар тірек сурет бойынша екі сұраққа жауап береді.
Өз жауаптарын арнайы берілген орынға цифрмен жазады. Неше оқушы отыр? (5) Неше оқушы тұр? (3) Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.