Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 24
дегенмен адамның эмоцияға берілгіштігі оның ақылының немесе білімінің төмен
болуына әкеліп соғады деген абсурд. Ал екінші жағынан келісуге болатын жайт,
әйел адам шынымен тұрмыстық жайтты, баланың, отбасылық өмірді көбірек
ойлайтындығында. Психология бойынша ерлер қауымы жетістікке жету, бір
белестерді бағындыру еркектік түйсігі басым болады. Отбасы мүшелері де ер
адамға арқа сүйеп билікке келгенін, қамтамасыз еткенін күтеді. Сол себептен де,
еркектер жетістікке жеткіш, саясатта да билікке араласқыш болып келетіндігі
сондықтан. Ал әйел адамның концентрациясы бала асыраумен, үйдің тазалығы
немесе тағы басқа жайттарға ауады. Яғни, кейбір қыздар қауымынан осы нәрселер
ғана басты приоритетте күтілуі мүмкін. [9]
Бұл Еуропа, Ресей халқының «әйел теңдігіне» қатысты қозғауына түрткі
болған мәселелердің бірі. Ал қазақ қоғамындағы көзқарас бойынша, М.Әуезов
адам қызметінің екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі – пайда-мақтанды көздеген
тіршілік қамы, хайуани салахият, екіншісі – «менен жақсылық тарап, адам
баласына әлім келгенше пайдамды тигізсем екен деген жол. Бұл – инсаният, яғни
адамдық жолы». Философ жазушының ойынша, адамдық жолына түспесе,
жақсылықтың бәрі жамандыққа айналады. Сол баланы үйрететін, «адамды
хайуандықтан адамшылыққа кіргізген әйел»-деп жоғары бағалаған.
Әйелдің қоғамдағы ролін көтеру, оның ер адаммен теңдігін орнықтыру ХХ
ғасыр басындағы қазақ зиялылары «Айқап», «Қазақ» басылымдары арқылы
қозғаған басты әлеуметтік тақырыптардың бірі болды. Мемлекет, шаруашылық,
білім, ғылым, тіл, денсаулық сақтау, мәдениет секілді күрделі, ұлттың болашағын
айқындар мәселелердің қатарында олар қазақ әйелі мәселесін алғашқылардың бірі
болып бастады. Жаңа өмірге деген мұндай талпыныстың ел арасында кең қолдау
тапқаны соншалық, қарапайым оқырмандардан келген хаттар тасқыны өте мол
болды және аталған басылымдар оларды мүмкіндігінше көп жариялап отырды.
Қазір сол пікірлерді оқи отырып, қазақтың әйел туралы түсінігінің жоғары болғаны,
әйел теңдігі мәселесіне жоғарыда айтылған М.Әуезов сияқты көзі ашық
зиялылардың ғана емес, қарапайым оқырманның да батыл араласқаны, мазмұнды
пікір түйіндегені таң қалдырады. Мысалы, Тілеубайқызы Сақыпжамал «Қазақ
қыздарының аталарына» деген мақаласында: «Ер баланы оқытасыздар да, бізді
оқытпайсыз, қыздар оқыса, бұзылады дейсіз. Бұзылған әйелдер оқығаннан бұзыла
ма екен? Оқу адамды бұза ма екен? Біле білсең, қыз баланы көбірек оқыту керек.
Қыз бала түбінде бала-шағаның анасы болады. Ана надан болса, балаға жақсы өнеге бере алар ма?!», дейді. Сьездерге қатысып, «Әйел теңдігін» арқау еткен,
білім алуға рұқсат етпеген кезеңдерде, сүймегендеріне қыстаған уақытта, халық
жауы деп ер азаматтарымызды танығанда өз абыройларын сақтай отырып, өз
құқықтарын қорғаған, қол ұшын созған азаматшаларымыз болды. Назипа
Құлжанова, Гүлсім Асфендиярова, Елизавета Бөкейханова, Аққағаз Досжанова
және т.б. көптеген әпкелеріміз бар. [10, 11]
Бұл демократия бастау алған, адамдардың (әйелдер мен ерлердің) барлығы тең
деп қарастыруы қажет мемлекеттің ойшылдарының айтқан пікірлері мен
авторитарлық режимде өмір сүрген қазақ қоғамының айтқан пікірі. Тарихи