3. Дыбыс және таңбаның қандай айырым белгілері бар?
4.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады?
5. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы ажыратады
:?
6. Тіл дыбыстарының жасалуын қай сала қарастырады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері//
Вопросы казахского языкознания .-
Алматы, 2011
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001
№9 тақырып: Тіл дыбыстарын жіктеу ұстанымдары. Дауысты және
дауыссыз дыбыстар
Жоспары:
1.Тіл дыбыстарын
топтастырудың ұстанымдары
2. Дауысты дыбыстардың топтастырылуы
3.Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуы
Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі .Олар: дауыстылар
мен дауыссыздар. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса,
қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі
топқа бөлінеді: оның бірі –
қатаң дауыссыздар, екіншісі –
ұяң дауыссыздар.
Қатаң дауыссыздарда салдыр басым болады.
Осыған орай, ұяңдарға
қарағанда, қатаң дауыссыздарда ауаның қарқыны басым болады. Сондықтан да,
қатаң
дауыссыздар кейде, қарқынды немесе күшті дауыссыздар деп те аталады.
Ал ұяң дауыссыздарды айтқанда ауаның қарқыны, қатаң дауыссыздарға
қарағанда, баяу болады.
Осымен байланысты, ұяңдар әлсіз дауыссыздар деп
аталады.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай
ауыз жолды және
мұрын
жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді.
Артикуляциялық жолына қарай
салдыр дауыссыздар(қатаңдар мен ұяңдар)
шұғыл дауыссыздар және
ызың
дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді.
Тіл – тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін
бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстар да кездеседі. Мұндай дауыссыздар аффрикат
дыбыстар деп аталады. Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар жүйесі консонантизм
деп те аталады.
Тіл – тілде дауысты дыбыстар саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі –
түрлі болып келеді. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің
қатысы
мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1)
тілдің қалпына; 2) еріннің қатысына; 3)
жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
2.Ерін қатысына қарай дауыстылар еріндік және езулік болып екі топқа бөлінеді.
3.Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаң
дауыстылар
болып екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: