Е «Псюхе» жан; «логос» ілім. Психология – жан туралы ілім. Психология



бет1/11
Дата28.12.2022
өлшемі104,65 Kb.
#60019
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
психология


  1. Психология пәніне кіріспе

«Псюхе» - жан; «логос» - ілім.
Психология – жан туралы ілім.

  • Психология – жеке адамның немесе топтың психикасы мен психикалық іс-әрекетінің даму заңдылықтарын (ерекшеліктерін, механизмдерін) зерттейтін ғылым саласы.

  • Объектісі – адамның, топтың, жануардың психикасы

  • Пәні – адам, топ, жануар психикасының дамуы, заңдылықтары, ерекшеліктері, механизмдері

  • Жаратылыстану ғылымдары: Әлеуметтік ғылымдар, Философиялық ғылымдар

  • Психология неге маңызды?

Қазіргі қоғамда психологияның өзектілігі жоғары. Психологияны білу адамның да қоғамның да өмірінде маңызды роль атқарады.
Психологиялық білімдер өмірді жарқынырақ, жеңілдірек етеді;
Адам өзін табысты және бақытты сезінеді;
Адамға өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі;
Өзін және басқаларды жақсырақ тануға, өзіне сенімдірек болуға ықпалын тигізеді;
Коммуникативті дағдыларды меңгеруге көмектеседі;
Жұмыстағы және жеке мәселелерді шешуге көмектеседі.

  • Коммуникация дағдылары. Адамдармен қарым-қатынас жасай алу кез-келген сала маманы үшін маңызды қасиет. Адамдарды жағсырақ түсінуге мүмкіндік аласыз. Ал, жақсы қарым-қатынас кез-келген жерде қажет: үйде, жұмыста, бала тәрбиесінде, жаңа адамдармен танысу үшін.

  • Сын тұрғысынан ойлау. Адамдар мен жағдайға объективті көзқараспен қарау қалыптасады, «біреудің айтқанымен жүре бермейтін» боласыз. Бір мезеттік эмоцияларыңызды басқарып үйренесіз.

  • Адамдардың мінез-құлқын түсіну. Біз көп жағдайда логикаға келмейтін әрекеттер жасап жатамыз. Психологияны зерттей отырып, санамыздың түбіне үңілетін боламыз.

  • Шешім шығару. Психологияны оқу арқылы эмоцияларыңызды басқарып, «ия» мен «жоқты» бағамдап, сабырлылықпен шешім шығаруды үйренуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет