Эмоция түрлері: Жағымды (қуаныш, сүйсіну, махаббат, ырзашылық)- жағымсыз(ашу, ыза, жиіркеніш, көңіл қалу, жабырқау)
Стеникалық – іс-әрекетті белсендіреді, энергия береді (адам «тау қопаруға» дайын болады);
Астеникалық – керісінше, пассивтілік, енжарлық тудыратын эмоциялар.
Төменгі (қарапайым қажеттіліктер мен инстинктерді қанағаттандыруға бағытталған – тәтті тағамнан немесе демалудан алатын рахаттану ) – жоғарғы (жоғары қажеттіліктерді қанағаттандыру сезімдері – балаңның жетістігі үшін мақтану)
Қарапайым – күрделі
Рационалды және иррационалды
Рационалды (шынайы) эмоциялар – шынайы нәрсе туралы хабар береді: биіктен қорқу, басқа біреуге зиян келтіргендегі кінәлілік сезімі, бізге біреу зиян келтіргенде ашулану.
Иррационалды (жалған) эмоциялар – ойдан шығарылған нәрселер туралы ақпарат береді: биіктік фобиясы, ешқандай жамандық жасамаса да өзін кінәлі сезіну, басқа біреудің заты менікі емес деп ренжу.
Иррацоналды эмоциялар – жалған эмоция деген сөз емес, эмоция шынайы, оның себебі жалған.
Модалдылығы бойынша эмоция түрлері: Қуаныш, Таңдану, Қызығушылық, Азап шегу, Ашу, Жиіркеніш, Менсінбеу, жек көру, Қорқыныш, Ұят, Кінә
Сезім-эмоциялармен салыстырғанда ұзақ, нақты объектілерге деген қатынасты бейнелейтін эмоциялық күй. Түрлері: Адамгершілік сезімдер – борыш, адамгершілік, мейірімділік, махаббат, достық, патриотизм.
Аморальды сезімдер – сараңдық, өзімшілдік, қатыгездік.
Интеллектуалды сезімдер – танымдық іс-әрекетті сүйемелдейтін сезімдер – таңдану, білуге құштарлық, жаңалыққа құштарлық, өзінікінің дұрыстығына сенім.
Эстетикалық сезімдер – өмірдегі, табиғаттағы және өтердегі сұлулыққа, әдемілікке деген қатынас.
Көңіл күй-Қарқындылығы жоғары емес, біршама ұзақ уақытқа созылатын өтіп жатқан психикалық процестерге психикалық фон қалыптастыратын эмоциялық процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |