Психологиялық сезімталдылық – басқа адамдардың жан дүниесінің психологиялық көріністеріне жоғары сезімталдылықты, зейінділікті, оны түсінуге деген тұрақты ұмтылысты білдіреді;
Әлеуметтік перцепция механизмдері:
- идентификация
- эмпатия
- аттракция
- рефлексия
- каузалды атрибуция
Эмпатия- басқа адамның сезімдерін, жағдайын түсіне алу қабілеті, басқа адамның мәселелерінде оған эмоционалды қолдау білдіруге ұмтылыс.
Эмпатия деңгейі бойынша адамдарды 4 топқа бөлуге болады:
Антиэмпаттар – эмпатия деңгейі төмен.
Әлсіз эмпаттар – эмпатия бар, бірақ оны дұрыс қадағалай алмайды. Сондықтан стресске, эмоционалды перезагрузкаға бейім
Функционалдылар – эмпатия жоғары, өз эмоцияларын жақсы қадағалай алады.
Профессионалды эмпаттар- басқаның эмоциясын әлсіз белгілерінен-ақ таниды.
Рефлексия- Қарым-қатынас жасап жатқан екінші жақтың сізді қалай қабылдап тұрғанын түсіне алу қабілеті.
Интерпретациялау – түсіндіру амалы. Мысалы, бір адам туралы оның әріптестерінен, достарынан және жақындарынан сұрастырса, әр түрлі бейне қалыптастырылуы мүмкін.
Аттракция (тарту, тартымдылық) – адамның тартымдылығын қалыптастыру процесі, нәтижесінде тұлғааралық қатынастар дамиды.
Атракцияның үш деңгейі бар – симпатия, достық және махаббат.
Каузалды атрибуция – адамның өзінің және басқалардың мінез-құлқының себептерін түсіндіруге тырысу әрекеті.
Ореол эффектісі (галоэффект)- адам туралы жалпы әсер, оның жеке қасиеттерін бағалауға әсер етуінде көрінетін эффект. 1920 ж. Эдвард Ли Торндайк офицерлердің өздерінің солдаттарын қабылдауын зерттеген.
Стериотип – ақпараттың жетіспеушілігі кезінде қолданылатын адам туралы, құбылыс туралы тұрақты, қарабайыр түсініктер, образдар.