Эффективті қарым-қатынас – ойыңдағыны дұрыс жеткізе алу, жағымды кері байланыс алу және өзіңе назар аударта алу.
Есту – туа берілетін, адамдардың көпшілігіне тән физиологиялық процесс.
Тыңдау –естіген нәрсемізді түсініп, есімізге сақтауға тырысуда көрінетін процесс.
Ести алу – базалық сезім мүшесі, ол организмнің сыртқы ортаға дұрыс бейімделе алуының шарты.
Тыңдай алу – тұлғааралық қатынастарды орнатып, ұстап тұруға мүмкіндік беретін әлеуметтік бейімділік шарты болып табылады.
Тыңдаушының психологиялық күйіне байланысты факторлар: И.Гоффман 3 түрін көрсетті
Біріншіден, сыртқы шашыраңқылық – тыңдаушы назары айтылып жатқан ақпаратта емес, басқа жақта болады.
Екіншіден, эгоизм. Өзімен өзі әлек болып, әңгімеге толық берілмеуі мүмкін.
Үшіншіден, топтағылармен қарым-қатынас орнатам деп, әңгіме тақырыбын бағамдамай қалады.
Д.Т.Кемпбелл бойынша семантикалық қателік көздері: Сөйлеушінің сөзінің ұзындығы, Сөздің ортасы есте ең аң қалатын ақпарат, Сөзді аяқтау, Естігісі келгенді есту, Ақ-қара тыңдау.
Бағалаушы емес кері байланыс — талданып жатқан сұраққа біздің қатынасымызды білдірмейтін кері байланыс түрі.
Рефлексивті емес тыңдау – зейінділікпен үнсіз қалу (внимательно молчать) дағдысы, өз ескертпелеріңізбен партнердің сөзне араласпау.
Рефлексивті тыңдау — берілген ақпаратты дұрыс қабылдағанымызды тексеру мақсатында берілетін кері байланыстар жатады.
Перефраз- Сөйлеушіге оның берген ақпаратын өзіңнің сөзіңмен қайта жеткізу. Мақсаты, ақпаратты дұрыс естігеніңді нақтылау және партнерге оның идеялары мен ұсыныстарының сіз үшін нені білдіретінін демонстрациялау.
Резюме жасау —сөйлеушінің негізгі идеялары мен сезімдеріне қорытынды жасау.