Адамдардың психологиясын қалай түсінуге болады? Өзіңді оның орнына қойып көру арқылы, Интуицияға жүгіну, Ақпарат жинау , Бақылау, Тексеру, Тыңдай білу, Объективті көзқараста болу, Стериотиптерге берілмеу, Қысым көрсетпеу, Салыстыру.
Мотивация
Мотивация – адамдарды қандай да бір іс-әрекетпен айналысуға деген ұмтылысын белсендіретін психофизиологиялық процесс.
Қажеттілік – организмнің бір нәрсені қажет етіп тұрған күйі.
Мақсат – қажеттілікті қанағаттандыру жолын саналы түрде ойластырып, қалыптастырылған психикалық образ.
Мотив – адам үшін құнды болып табылатын, іс-әрекетінің бағытын анықтайтын және оның мәні болып табылатын материалды не идеалды зат.
Мысалы, шөлдеу – қажеттілік; шөлді қалай қандыруды ойластыру – мақсат; бутылкадағы су – мотив.
Қажеттілік-адамның бір нәрсені қажетсіну күйі. Егер адам нені қажетсінетінін ұғынса, ол – тілекке айналады. Неғұрлым тілек күшті болған сайын оны жүзеге асыруға деген ұмтылыстар, кедергілерге қарсы тұру да жоғары болады.
Қажеттіліктің түрлері:Биологиялық, Әлеуметтік, Рухани қажеттіліктер
Мотивация түрлері: Табиғи және жасанды, Позитивті және негативті, Ішкі және сыртқы, Реактивті және проактивті
Мақсат қою-Мақсаттарымызға жету жолында өзіміздің қажеттіліктеріміз бен мотивтерімізді ұғына отырып, мүмкіндіктерімізді ескере отырып жоспарлар қалыптастыру процесі.
Психологияда, эмоция – тіршілікті сақтап қалу үшін қажетті маңызды құрал. Әрбір эмоцияның биологиялық функциясы бар, ол бір нәрсе үшін қажет.
Эмоция — адамның әр түрлі жағдайларға және объектілерге субъективті бағалаушылық қатынасын білдіретін психикалық процес не күй.
Эмоциялар үш компонент бойынша сипатталады:
Бастан кешулер немесе эмоцияны сезіну;
Организмдегі (жүйке жүйесінде, эндокриндік жүйеді, тыныс алу және ас қорыту жүйелерінде) орын алатын процестер;
Экспрессиямен – бет әлпеттегі, мимика жестегі көріністері.
Рахаттану – қарапайым қажеттіліктердің қанағаттандырылуы кезіндегі бастан кешу
Рахаттанбау – қажеттілік күшті бірақ оны қанағаттандыру мүмкін емес болғандағы бастан кешу
Адам эмоцияларының формалары (эмоциялық процестер): Аффект, Эмоция , Сезім , Көңіл-күй, Стресс
Аффект- Өте күшті, қарқынды, қысқа мерзімді эмоциялық күй. Мысалы, өте қатты ашу-ыза, қорқыныш, қайғы, қуаныш. Аффект кезінде өте қарқынды эмоциялық қозу туындайды.