Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.).
Жаратылыстанудан зерттеу түрлерін атап, олардың қандай кезеңдерде қолданылатындығын саралаңыз, нәтижесін кестеге түсіріңіз.
«Дүниетану» пәнінің мазмұнындағы принциптер: жүйелілігі, ғылымилығы, бірізділігі, түсініктілігі, дәйектілігі.
“Дүниетану” пәні – педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді.Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, зертханада т.б.), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.Әр пәнде жүйелілік және бірізділік принципін ұстанудың маңызы зор. Мысалы, дүниетану пәнінде “адам” тарауын өтпей, “қоғам” тарауын өтуге болмайды, өйткені балалар өзін танып-білмей, қоғамдық қатынастарды түсіну қиынға соғады. Оқытудың ғылымилық приципі табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылыми принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылыми принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Оқыту процесі ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы. Бастауыш мектептегі “Дүниетану” пәнінің әр тақырыбы қарапайым болып көрінсе де, ғылыми мазмұнға ие. Ал оны оқушыларға жан-жақты талдап түсіндіру мұғалімнің жан-жақты ізденушілігін қажет етеді. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік принципінен ережелер туады. Мысалы: 1 Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады.Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды. 2 Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға өсімдіктердің көбею жолдарын түсіндіру үшін, оларды ең алдымен өсімдіктердің құрылысымен таныстыру 3 Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсіріп, игеруін айтады. Педагогикалық процестің дәйектілік принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық роцестің дәйектілік принципінің негізін құрайды.Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды. Дүниетану пәнінде осы аталған принциптермен қоса оқытудың мақсаттылық, саналылық және белсенділік, көрнекілік принциптері қоса ескеріледі және басшылыққа алынады.
«Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерін оқытудағы дидактикалық принциптер мен оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік.
Бастауыш сыныптарда дүниетану мен жаратылыстану пәнін оқытудың мақсаты – бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру
Бұл мақсатты жүзеге асыруда дидактикалық материалдардың алатын орны ерекше. Дидактикалық материалдар оқушыларға дүниетану пәнінен берілетін білімнің, білік пен дағды сапасын арттыруға, пәнге деген қызығушылығын оятуға, дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыруға, танымдық іс - әрекетті белсендіруге септігін тигізеді.
Дүниетану мен жаратылыстану сабақтарында оқулықтағы дидактикалық материалдар, топсеруен барысында жинаған дидактикалық материалдарды және қосымша дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.
Оқулықтағы дидактикалық материалдардың мақсаты – жылдың әр мезгілін жан – жақты баяндау. Бірақ әрбір жеке тақырыптың беретін түсінігі әр түрлі. Бір тақырыптың мазмұны жыл мезгілінің ауа райын суреттесе, екіншісі – сол кездегі өсімдік пен жануарлар тіршілігін түсіндіруге байланысты берілген. Ал үшіншісі - өсімдік пен жануарлар тіршілігінің өзгеру себебін ашып береді.
Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен сыныптан тыс білім беру.
Михаил Николаевич Скаткин (1900-1984) жиырма жылдан астам уақыт бойы мектептегі жаратылыстану бағдарламалары мен 3 - 4 класс оқулықтарының авторы болды. Ол табиғаттануды оқыту әдістемесі мәселелеріне көп көңіл бөлді, бұл курстың дербес оқу пәні болып бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін күшейту, бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру принциптерін жасады. М.Н.Скаткин көрнекі құралдардың, таблицалардың, картиналардың, коллекциялардың, кинофильмдердің, сондай-ақ оларды сабақтарда қолдануға арналған әдістемелік құралдардың тұтас сериясын жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат күнтізбесін жасады, оған оқушылардың өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылау нәтижелері енгізілді. В.А.Сухомлинский білім беру процесін балалармен қарым-қатынас жасау әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге өмірінің соңына дейін іске қосу алаңы ретінде зерттеді. Содан кейін де, 50-ші жылдары, ол барлық жас ата-аналардың қарым-қатынасында ұқсас проблема - дағдарыстарды жеңе алмау және біртұтас отбасы ретінде өмір сүру қабілетсіздігі кездесетінін атап өтті. Зерттеуші жас әкелер мен аналар ерлі-зайыптылар болуды білмейтіндіктерін және кішкентай балалар сияқты мүлдем дәрменсіз екендіктерін атап өтті. Оның ойынша, ең маңызды проблемалар екі жетілмеген тұлғаның өздері ата-ана болғаннан кейін басталады.
Сухомлинский кез-келген қарым-қатынасты, соның ішінде романтикалық қарым-қатынасты қалай дұрыс құруға болатынын жоғары сынып оқушылары білуі керек, бұл педагогика ғылымының жаңашылының балаларын тәрбиелеу туралы дәйексөздерінде мұғалімдер де, ата-аналар да осыған үйрету керек дейді.
Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру жолдары.
Бағдарлама мазмұны оқушылардың ұтымды дағдыларын қалыптастыруды көздеп отыр. Ал дағды дегеніміз -оқушыда қалыптасқан білікті іс жүзінде логикалық жолмен қолдана білу. Дағдының түрлері көп: ақыл-ой дағдысы ( тез ойланып, шешім қабылдай білу, тапсырманы дер кезінде орындай алу мүмкіндігі); сенсорлық дағды (байқағыштық, көргіштік, түсті айыру қабілеті, тез қабылдау); қозғалыс дағдысы ( тез орындау, шапшаң жауап беру, қимыл-әрекеті); ерік дағдысы (тыңдай білу, тәртіптілік, ырықты еріктің дамуы) т.б. Сынып сайын тереңдетілген біліммен бірге дағды да тұрақтанып, іскерлікке қарай көшеді, оқушылардың шығармашылығы күшейеді. Мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды “биологиялық және экологиялық сауатты тұлға” ретінде дайындау мақсаты көзделсе, оның бастапқы негізі бастауыш сыныпта қаланады.
Оқушының жаңа білімді меңгеру әдістеріне - мұғалімнің баяндауын тыңдауға әзірлік, мұғалімнің білімді баяндауы, мұғалімнің баяндаған пікірін ой елегінен өткізу, бекіту әрекеттерін жатқызады да, оқушылардың өздігінен жаңа білім алуын, оқушыларда бейімділік пен дағдының қалыптасуын, алған білімдерін іс жүзінде қолдану практикасын, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін, қайталау арқылы білімді бекітуін, білімін, бейімділігін, дағдысын тексеруді жеке-жеке әдістер тобына жатқызады. Бұл топтау оқыту әдістерінен гөрі оқыту барысында ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жатады. Бұған қарап, оқыту барысында қолданылып келген сөздік, практикалық әдістерді білім берудің әр кезеңіне қарай топтастырғанын көреміз. Мәселен, қайталау арқылы оқушылардың білімдерін бекіту кезінде сөздік әдіс те, практикалық әдіс те, көрнекілік әдіс те қолданылуы мүмкін. Оқушылардың оқу әрекеті қиындатылған ситуацияларды шешуге, теориялық білімдерін көтеруге бағытталады. Логикалық ойдың қатысымен меңгерген білім, негізінде, оқушыларды білімнің пайдасын, енді нені үйрену керектігін сезінуге жетелеп, өзі атқарған жұмысын еркін талдап, оқып отырған мәселеге өз көзқарасын білдіруге дағдыландырады. Мұғалім мен оқушы арасында адамгершілік, ізгілік қатынас пайда болып, баланың ішкі мүмкіндігін ашуға, белсенділігін арттыруға, өзіне сенімін күшейтуге негіз салады. Оқу әректінің түрлерін төмендегідей жіктейміз:
1. Оқытушымен –оқушының арасындағы қарым-қатнас (оқытушының сұрақтарына жауап бергенде);
2. Сабаққа қатысып отырған өзге адамдармен арадағы қарым-қатнас;
3. Басқа оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);
4.Шағын топтармен арадағы қарам-қатнас ( 3-5 оқушы арасында);
5. Үлкен топтармен арадағы ( рөлдік ойындар, дебат, тақырыптық талқылаулар т.б.).
6. Оқушылар және жұртшылық топтарымен ( әлеуметтік сауалнама жүргізгенде);
7. Техника түрлерімен ( компьютер, кинофильм т.б.).
Мұндай әрекеттестік негізінде оқушылар оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады өзшешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логикалық түрде түсінеді. Сонымен қатар оқушы өз пікірін тереңірек қарастыруға тырысады. Жүйесіз құрылған шешім бағыты жұмыс барысында, пікір алмасу кезінде байқалып қалады. Мұның өзі оқушының ізденуіне негіз салады. Оқушылар мәселені шешу кезінде пікірлескендіктер, бір-бірінен үйреніп, бірінің-тәжірибесін бірі қабылдайды.
«Дүниетану» 3-сынып «Жанды табиғат» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау.
Дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қолданылатын техникалық көрнекіліктердің түрлері мен ерекшелігі.
Жаратылыстанудан және дүниетанудан білім беруде қолданылатын тәжірибе мен эксперимент жұмыстар.
Зерттеу әдістерін қолданғанда үнемі оқушылардың ой әрекетінің дамуы, жасаған тәжірибелері мен жүргізген экспериментері бойынша күрделі ситуациялар шешу басым болады. Оқушы тәжірибе арқылы белгілі заттың немесе құбылыстың қасиетін түсініп, оның ғылымға деген сенімі қалыптасады. Ол топпен бірге тәжірибе жасау барысында ұжымдық әрекет тәсілдерін меңгеріп, даму мүмкіндіктерін арттыратын жағдайға ие болады.
Тәжірибе мен эксперимент жұмыстары кезінде “Неге назар аудару керек?”, “Нені зерттеу керек?” деген проблемалық сұрақтар туады. Ізденіс арқылы оқушының репродуктивті қабілетінен гөрі шығармашылық қабілеті дамуға жағдай жасалады. Оқушы өздігінен орындаған іс арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді, өзі атқарған жұмыстың қорытындысын жасап, білімін дамытады, оны керекті жерінде қолдануға төселеді. Топырақтың, судың, ауаның қасиеттері туралы тәжірибелер сыныптағы сабақ барысында жасалатын болса, экспериментті сыныпта да, табиғат бұрышында да, үлескіде де жүргізуге болады. Оқушылар өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлардың бірі жетіспеген жағдайда өсімдіктің қалай өсетінін байқау үшін эксперимент жүргізуіне болады. Эксперимент нәтижесін байқау ұзаққа созылуы да мүмкін. 1 - сыныптан бастап балалар мұғалім көрсеткен тәжірибелерден әр түрлі табиғи құбылыстарды, мысалы: қардың еруі, мұздың қатты күйден сұйыққа айналуы, судың булануы, топырақтың суды өткізгіштігі т.б. бақылайды. Жасалған немесе бақылаған тәжірибелерден кейін оқушылар соған сәйкес әңгімелерді оқиды да тиянақты қорытынды жасайды.
«Дүниетану» 3-сынып «Су тіршілік көзі» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау.
Балалар, судың түсін не себепті мөлдір немесе ақ дейміз.
Осы сұрақтың жауаптарын білу үшін шыны ыдыстың біреуіне сүт, ал екіншісіне су құйып, сөйтіп екеуін салыстырайық.
- Сүт қандай ? Су қандай ?
- Сүт ақ, ал су түссіз, мөлдір.
- Оны анықтау үшін екеуіне де қасық саламыз. Қайсысынан анық көрінеді ? Неге ?
- Судан анық көрінеді, себебі су - мөлдір, түссіз, иіссіз.
- Кесеге, шыны ыдысқа су құямыз.
Судың пішіні өзгереді ме ?
Суда пішін болады ма ?
- Жоқ, балалар су – пішінсіз. Су құйылған ыдыстың пішінін алады.
- Суды беті тегіс нәрсеге құйып көреміз, не байқаймыз?
- Су – сұйық, ол ағады.
- Суға мына шүберекті малып алсақ, су – су болып шықты.Себебі ол өз бойына суды сіңіріп алды
- Демек, су – жұққыш, жабысқақ.
- Су болған затты далаға жайсақ кеуіп кетеді, су қайда кетті ? Ойланып,жауап беріп көрейік.
- Күннің көзі кептіріп, суды буға айналдырады, ал бу болса ауаға араласты.
- Біз судың қасиетін анықтау үшін не жасадық?
- Тәжірибе жасадық, себебі бір затты екінші заттан айыру үшін жасадық. Сонымен тәжірибе деп- сынақ жасау арқылы шындыққа көзімізді жеткізу, оны танып білу.
«Жаратылыстану» пәні бойынша тірі табиғат бұрышы мен үлескідегі ұйымдастырылатын сабақтардың мазмұны.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған теориялық ұғым олардың жас ерекшелігіне лайықталып, нақты заттар мен құбылыстарға сүйене отырып, ғылыми шындыққа негізделіп беріледі. Осы тұста адам, табиғат, қоғам жайында берілетін білімді үнемі қоршаған дүниеден, өмірден, табиғаттан аламыз. Соның бір саласы үлескідегі сабақ десек, мұнда адаммен адам арасындағы қарым-қатынас қалыптасу, яғни, оқушылардың практикалық іс әрекет үстіндегі бақылау барысындағы бір-бірімен қатысы дамиды.
Үлескідегі сабақтың ерекшелігі -тірі табиғаттың дамуы туралы ғылыми ұғым қалыптасуына көмектесетіндігі. өсімдіктердің өніп-өсуін, дамуын күнбе-күн бақылап, көріп, тұжырымдау арқылы оқушының ой-өрісі де дамиды. өсімдіктердің дамуын қадағалай отырып, білім жүйелілігі де іске асады. Алғашқы сабақ тұқым отырғызуға арналса, келесі сабақтарда ол ұғым тереңдей түсіп, тұқымның қалай өнгенін, оны қүтудің жолын, ең алдымен өсідіктің қандай бөліктерінің пайда болғанын (өркен, өскін, сабақ, жапырақ т.б.), оның дамуындағы ерекшеліктерін меңгеру арқылы олардың ұғымы жеңілден ауырға қарай күрделенеді. үлескідегі сабақ белгілі мазмұнға арналған білім берумен оқушыны адамгершілікке, еңбекке баулу, үнемшілдікке үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.
Оқушылардың үлескідегі өздігінен атқаратын жұмыстары барысында ізденушілігі артып, шығармашылық дағдылары қалыптасады, өздері қолымен істеген істерінің нәтижесін көреді. үлескідегі сабақтың тағы бір тиімділігі - атқарылатын жұмыс үзілмей жалғаса отырып, оқушылардың білім алудағы іс-әрекеттерінің ұйытқысы болады. үлескідегі сабақтан алған білім сыныптағы сабақпен жалғасып, байланысады. Отырғызған тұқымдардың суретін салу, үлескінің сұлбасын сызу, тәжірибелер жасау (топырақтың қасиетін анықтау) сыныптағы сабақта жүзеге асады Психологиялық тұрғыдан алғанда мұндай үзілмей, бірізділікпен берілген білім бала ойына түрткі болып, оның дамуына қозғау салады. Олардың ой қорытып, істеген ісінің нәтижесін тұжырымдау қабілеті артады. Мұндай сабақтар нәтижесінде оқушылар ауызша, жазбаша шығарма құрастыруға үйренеді. Үлескідегі сабақ барысында олар өздері өсірген өсімдіктер жайында ғана білім алып қоймай, бүкіл табиғи ортаны бақылауға үйренеді. Мәселен, үлескіге отырғызған тұқымды күту кезінде өсімдіктерге зиянды және пайдалы жануарлармен танысады, өлі табиғат пен тірі табиғаттың байланысын аңғарады.
«Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнінде жүргізілетін бақылау жұмыстары, шығармшылық мүмкіндіктері.
Жаратылыстанудан оқушылардың білігін дағдыға айналдыру бойынша өз пікіріңізді сызба түрінде көрсетіңіз.
А.Я.Гердтің бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытуға қосқан үлесі.
2.ХІХ ғасырда жаратылыстану бағытында А.Любеннің, А.Н.Бекетовтың еңбектері әйгілі болатын.Олардың оқулықтары шағын көлемді, әрі оқушылардың оқып-білуіне жеңіл болды. Бірақ любенисттердің әдістемесі мен оқулықтарына қарсы пікірлер көбейді. Олардың әдістемелік нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд (1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
1.Бейорганикалық әлем ( өлі табиғат);
2.Өсімдіктер дүниесі;
3. Жануарлар әлемі;
4. Адам;
5. Жер тарихы.
Осы құрылған жүйе әдістемелік тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.
А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді.
“Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін артыру жолдары.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Осы орайда Зияткерлік мектептері білім берудің жаңа бағдарламасын басшылыққа алып отыр.
Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. Осы мақсатта Зияткерлік мектептердің үздік практик мұғалімдері мен стратегиялық әріптесіміз – Кембридждің Халықаралық емтихандық кеңесінің кеңесшілері бірігіп, Кіріктірілген білім беру бағдарламасын яғни жаңа бағдарлама жасап шығарды.
Қазақстанның бастауыш сыныптарына арналған «Табиғаттану», «Дүниетану», «Жаратылыстану» төл оқулығының қай жылдардан бастап енгендігін тұжырымдап, даму эволюциясына арналған сызбасын құрастырыңыз.
С.А.Павлович және П.А.Завитаев бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқытудың әдістемесін ұсынушылар.
Завитаев Петр Алексеевич (1890 – 1970) жаратылыстану түсініктерін қалыптастыру үшін бақылау, тәжірибе және экскурсия жүргізу әдістемесін жасады; пәндік сабақтар жүйесін белгіледі, олардың мазмұны мен өткізу әдістемесін анықтады; мектеп жанындағы учаскедегі сабақтарға көп көңіл бөлді, сабақтарда жабдықтар мен көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін жетілдірді
Сергей Андронникович Павлович (1884 – 1976) әдіскер-биолог жаратылыстану сабақтарының көрнекі құралдарымен үлкен жабдықталуына көңіл бөлді, сондай-ақ осы оқу құралдарын оқушылардың өздері жасауына сипаттама берді ("мектептегі зертханалық сабақтарға арналған аспаптар жасау
Дүниетанудан оқушыларға берілетін сұрақтар мен тапсырмаларды деңгейлеп беру.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері:
-таланттылар өз қабілеттері мен икемділіктерін одан әрі бекіте түседі;
- үлгерімі төмендер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;
- оқу топтарына оқу жеңілдейді.
Сабақты ұйымдастыру кезінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының жүйесін қолдану арқылы сабақтың тиімділігін көтеру. Үй тапсырмасын тексеру, білім деңгейін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар жүйесін жасау. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде меңгеруі қажет. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойылады. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бекіту кезеңінде деңгейленген тапсырмалар арқылы әр оқушының тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады.
· Оқушыны үнемі әрекетке қосады
· Үш деңгей арқылы өз бетімен үздіксіз білім алуға жетелейді, ынталандырады
· Ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді
· Оқушы салыстыра отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді
Үй тапсырмасын беруде білім деңгейін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар жүйесін жасау. Деңгейлік бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану және дүниетану әдістемесі бойынша болашақ мамандардың меңгеруге қажетті білім қорын ассоциация арқылы дәлелдеңіз.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнін оқытуда заманауи педагогикалық технологиялар.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Осы орайда Зияткерлік мектептері білім берудің жаңа бағдарламасын басшылыққа алып отыр.
Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. Осы мақсатта Зияткерлік мектептердің үздік практик мұғалімдері мен стратегиялық әріптесіміз – Кембридждің Халықаралық емтихандық кеңесінің кеңесшілері бірігіп, Кіріктірілген білім беру бағдарламасын яғни жаңа бағдарлама жасап шығарды.
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар:
құрмет;
әріптестік;
азаматтық жауапкершілік қалыптастыру;
ашықтық;
өмір бойы білім алу.
Белгіленген құндылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің мақсаты – жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда:
сын тұрғысынан ойлау;
білімін шығармашылықпен пайдалана білу;
зерттеушілік дағдылары;
АКТ дағдылары;
топта және жеке шебер жұмыс істей білуі;
коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда);
қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары секілді бірнеше дағдылар қалыптасады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту, т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Зияткерлік мектептердің мұғалімдері инновациялық пәндік бағдарламалар және жоспарлармен жұмыс істеуге дайындық үшін ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы филиалында, Кембридж кеңесшілері әр пән бойынша тәжірибелік сипатта ұйымдастырылған тренингтерден өз білімдерін толықтырып тұрады. Мұғалімдер Кембриджбен бірлесіп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен, сондай-ақ оқушылардың ХІХ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға арналған белсенді оқыту әдістерімен таныс. Сол себептен де Зияткерлік мектептерде мұғалімдер жаңа бағдарламаны меңгеріп, сабақтарын талапқа сай өткізуде.
Ал жалпы кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтардың жауабын зерделеп көрелік.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Бақылау түрлері және қандай кезеңдерде қолданылатынын саралау.
Бастауыш сыныптың «Жаратылыстану» және «Дүниетану» оқулықтарының 4-сынып бойынша ерекшеліктеріне жүргізіңіз.
Дүниетану және жаратылыстану пәндеріндегі бөлімшелердің мазмұндық ерекшелігі.
Жаратылыстанудан ҚМЖ жоспары құрылымына талдау жасаңыз.
К.Д. Ушинскийдің жаратылыстануды оқыту әдістемесіне қосқан үлесі.
«Дүниетану» оқулығының құрылымына талдау жасаңыз (Кез-келген сынып бойынша).
Табиғат бұрышында оқушылардың орындайтын жұмыс түрлері.
Мектептегі тірі табиғаттың мәні, оқушылардың сабаққа тәжірибелерін дайындап сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстарды, орындау, тірі өсімдіктер мен жануарларды сақтау орны шектелмей оқушылардың дүниетанымын, танымдық қызығушылығын, икем—дағдыларын, еңбекке деген ынтасын арттырып, тәрбиелік мәселелерді шешудегі маңызы үлкен деп ойлаймын.
Қазіргі мектептегі тірі табиғатқа арнайы бөлмелер бөлініп, онда жануарлар өсімдіктер, жасанды бөліктері қабырғаға ілінген суреттер, әртүрлі препараттар жануарлардың түлыптары сақталатын орынға айналған.
Тірі табиғат жануарлар мен өсімдіктердің орналасуы белгілі тәртіппен, топталады: аквариумдерде—балықтар, былқылдақ денелілер, су өсімдіктері; террариумдерде— папоротниктер, мүктер, ылгалды жердің өсімдіктері, бақалар, кесірткілер, вольерлерде жөне торларда, жануарлардан бөлек ағаш тәрізді өсімдіктер де сақтала ды. Кактустардың гүрлері тастардың қондырылады.
Әрбір өсімдік пен жануарлардың түсында анықтамасы жазылған паспорттар ілінеді.
Тірі табиғат жүргізілетін оқу—тәрбие жүмыстары, оқушыларды табиғатқа етене жақындастырып, оны сүюге, терең танып білуге, қорғауға тәрбиелеп, табиғаттың әсемдігінен эстетикалық ләззат алады. Тірі табиғатта орындалатын жұмыстар арқылы оқушылар кәсілтік бағдар алады, сонымен қатар әр түрлі курстардың тақырыптарына сәйкес кең түрде ұғымдар мен білім қалыптастырылып, өздігінен бақылау жүргізу эксперименттер қою, түжырымдар жасауға үйренеді.
Осылайша жұмыс жүргізу барысында оқушылардың ізденіс, зерттеушілік әрекеттері де дамиды. Тірі табиғат оқушылардың сабақтан тыс уакытта жұмыс жасай алады.
Мектептің мүмкіншілігіне қарай тірі табиғатты ұйымдастырылуы мен жабықталуы әртүрлі деңгейде болады.
Бақылауды «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен білім беру әдісі ретінде дәлелдеу.
Сыныптан тыс жұмыстар және олардың жаратылыстануды оқытудағы маңызы.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы – мәні кең және бірмағыналы емес, оған мазмұны, қызметі, өткізу әдістемесі, басқару әдістері және формалары бойынша әртүрлі сабақтар кіреді. Мысалы: пән үйірмесінің отырысы, сыныптан тыс оқылым, мектеп мерекесін және кештерін өткізу сияқты шаралар сыныптан тыс жұмысқа жатады. Кейбір жағдайда (үйірме, сыныптан тыс оқу) оны оқытушы басқарады, басқа жағдайларда (бос уақытты ұйымдастыру, көңіл көтеретін шаралар) өзін-өзі басқару негізінде оқушылар басқарады. Осыған байланысты «сыныптан тыс жұмыс» ұғымын саралау қажеттілігі туындайды, ол үшін педагогикалық әдебиетте және практикада – «оқудан тыс жұмыс» және «сабақтан тыс жұмыс» терминдері қолданылады. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша оқу үрдісімен шектеседі, оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы болып табылады және үнемі ерікті түрде бола бермейді. Оның жоспарлануында және ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді ұстаз атқарады. Бұған мысал: пәндік оқытушының қабілетті оқушылармен бағдарламалық материалдан алған білімдерін кеңейту және тереңдету және нашар оқитындардың білімін түзету бойынша өткізетін жұмыстар Оқудан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар. Сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжрибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Топсаяхаттың білім беру түріне жататындығын дәлелдеу.
Топсаяхат бағдарлама белгілеген тақырып пен мазмұнды қамтып, өткен сабақпен де, келесі тақырыптармен де байланысын жүзеге асыра отырып, әр уақытта жаңа ұғым береді. Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа арналып, жаңа ұғым беру бағытында немесе оқылып кеткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастықта бақылау арқылы олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі нақтылана түседі, бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп, бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.
Сабақтың түрлері сияқты топсаяхаттың да бірнеше түрі бар. Олар: кіріспе, ағымдағы және қорытынды топсаяхаттар және әрқайсысының мақсаты да, мазмұны да бір-біріне ұқсамайды. Бұлардың барлығында да білім беру мен дағды қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту міндеттері жүзеге асады
Топсаяхат нәтижесінде меңгерілетін дағдылар: бақылай білу; бақылағаннан керекті ұғымды ала білу; ой қорытып, көргенін салыстыру, әңгімелеп айту шеберлігі; әр объектінің ұқсастығын, айырмашылығын тауып, топтауға, жіктеуге төселу, жаттығу. Осы дағдылар арқылы оқушыларда заттық-бейнелік ойлау қабілеті дамиды.
Сонымен топсаяхат ұйымдастырылу жүйесі дидактикалық талаптарды орындауы, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары тұрғысынан дүниетанудан білім беру формасына жатады.
«Жаратылыстану» бағдарламасын жүзеге асыруға қойылатын талаптар.
«Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мазмұны «Жаратылыстану» ҰОҚ-ның мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. № Бөлім Бөлімше 1 Жанды табиғат 1.1. Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері 1.2. Өсімдіктер әлемі 1.3. Жануарлар әлемі 1.4. Адам 2 Жансыз табиғат 2.1. Жансыз табиғат денелері мен заттары 2.2. Табиғат құбылыстары 5 3 Физикалық құбылыстар 3.1. Қозғалыс және күш 3.2. Жарық 3.3. Дыбыс 3.4. Жылу 3.5. Электрлік және магниттілік Әдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты, ғылыми түсініктер ерекшеленіп, ұсынылған ҰОҚ-ның мазмұнындағы бақылаушылық дағдыларын қалыптастыратын әдістерді қалай қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай тәсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену дағдылары мен өз бетінше іздену жұмыстарын орындау үшін белгілі бір облыстың аясындағы базистік білім алып, бақылау, тәжірибе жасау тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Кіші жастағы балаларға бақылау негізіндегі ізденіп оқытудың тәжірибелік міндеттерін шешуге көмектеседі және ғажайып ғылым әлеміне жол ашады. «Жаратылыстану» жаңа мазмұны негіз қалаушы қағидалар негізінде жүзеге асырылады: 1. Ғылымилық қағидасы (принципі) бүгінгі заманның ғылыми жетістіктерінің базасынан қолданатын терең әдістемелік негізі бар мазмұнды ұсынады. 2. Қолжетімділік қағидасы бойынша балалардың жас ерекшеліктері есепке алынады. Мектепке дейінгі балалар үшін негізгі іс-әрекет – ойын. Түрлі түсті жапсырмаларымен, екі бетке ашылған әліппе-дәптер ұсынылып отыр. Балалардың көрнекі-бейнелі ойлаулары басым болғандықтан дәптердің беттерін түрлі түсті етіп беру тиімді болды. 3. Іс-әрекет қағидасы Қазіргі заманғы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың басты құрылымы – баланы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке жұмылдыру. 4. Тұтас әлем түсінігі қағидасы Тұтас әлем түсінігі қағидасы дәстүрлі жүйедегі ғылымилық жүйемен тығыз байланысты. Бірақ бұл жерде әлемнің жалпы ғылымилығының қалыптасуы ғана емес, сонымен қатар оны өзінің тәжірибелік іс-әрекеттерінде қолдана білуі туралы айтылады. 5. Шығармашылық қағидасы балалар оқу жылының басында өздерінің шығармашылық іс-әрекеттерінің тәжірибесіне барынша бағыт-бағдарды болжамдайды. Бұл жерде балалардың өз бетімен шешім шығара алатын, өз бетімен «жаңалық» аша алу қабілеттерінің қалыптасуы айтылады. Бүгінгі күні кез келген адамның бір нәрсені ойлап табу немесе өмірлік мәселелерді дәстүрден тыс шешімдермен шеше алу іскерліктері шынайы өмірдің бөлінбес бөлігі болып отыр. Сондықтан ҰОҚ мазмұнына жобалық, шығармашылық іс-әрекеттер бар жұмыс түрлерін қарастыру қажет. 6. Оқытудың саралап және даралап оқыту қағидасы Бұл қағиданы жүзеге асырса, ол педагогке баланың тұлғалық даму траекториясын оның қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес «салуға» көмектеседі. Аталған қағида әліппе-дәптердегі күнделіктегі тапсырмаларда қадағаланады. 7. Психологиялық қолайлылық қағидасы Оқу үдерісінде сенімділік қарым-қатынас ынтымақтастық жағдай үшін жасалынады. Мұндай атмосфера балалардың денсаулықтарының сақталуына және нығаюына септігін тигізеді. 9 8. Көрнекілік қағидасы Осы қағида бойынша суретті-әліппеде графикалық материалдар (суреттер, картиналар) мол. Бала есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалу үшін, әдістемелік нұсқауда құрылымдалған мәтіндер және мәтін бөліктерін оқуға ыңғайлы болу үшін әріптер ұтымды берілді. 9. Вариативтік қағида Бұл қағида педагогке өздігінше оқу әдебиеттерін, жұмыстың әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Алайда бұл педагогке сапалы оқытуға, яғни жақсы нәтижеге жетуге жауапкершілік жүктейді. Педагогке ыңғайлы болу үшін, негізгі қысқамерзімді жоспарлауына кірмеген қосымша оқу материалдары да берілді. Аталған қағидалар педагог пен балалардың жұмысын ретке келтіреді. Сондықтан бұл қағидалар күнделікті ҰОҚ барысында қолданылады. Оқыту қағидаларына сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. Педагог педагогикалық іс-тәжірибесінде қазіргі заманғы технологияларды қолданып, баланың оқуға деген жеке бейімділігін, саралау, тәжірибелік бағыттарын және жүйелік-әрекеттік білім алу түрін дамытуға міндетті. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану, әліппе-дәптермен жұмыс істеу барысында баланың іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Педагог оқу мәдениетін, берілген тапсырмаларды маңыздылығына қарай сұрыптау, оқығанын түсіну, жаңа білімді сыни тұрғыдан бағалай білу, нәтижесін шығарып, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастырады
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. № Бөлім Бөлімше 1 Жанды табиғат 1.1. Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері 1.2. Өсімдіктер әлемі 1.3. Жануарлар әлемі 1.4. Адам 2 Жансыз табиғат 2.1. Жансыз табиғат денелері мен заттары 2.2. Табиғат құбылыстары 5 3 Физикалық құбылыстар 3.1. Қозғалыс және күш 3.2. Жарық 3.3. Дыбыс 3.4. Жылу 3.5. Электрлік және магниттілік Әдістемелік нұсқаудың мазмұнында басты, ғылыми түсініктер ерекшеленіп, ұсынылған ҰОҚ-ның мазмұнындағы бақылаушылық дағдыларын қалыптастыратын әдістерді қалай қолдану керектігі де көрсетілген. Мұндай тәсіл балаларға алғашқы бақылау негізіндегі іздену дағдылары мен өз бетінше іздену жұмыстарын орындау үшін белгілі бір облыстың аясындағы базистік білім алып, бақылау, тәжірибе жасау тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Кіші жастағы балаларға бақылау негізіндегі ізденіп оқытудың тәжірибелік міндеттерін шешуге көмектеседі және ғажайып ғылым әлеміне жол ашады
«Жаратылыстану» сабақтарында ұйымдастырылатын оқушылардың оқу әрекетінің түрлері.
Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының дүниетаным көзқарастарын қалыптастыра отырып, орта білім мазмұнын меңгеруге дайындау міндетін жүзеге асыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру күрделі психологиялық процесс. Таным бір жеке затты білу, не соны басқадан ажырату ғана емес, ол оқушылардың адамгершілік, мәдениеттілік, шығармашылық дағдыларының көрінісінен байқалатын біліктілік. Таным көзі - оқу, бақылау, іс¬–әрекет жасау, түрлі жұмыстар атқарып, жаттығу. Таным көлемі кеңейген сайын оқушының білімі, дүниеге көзқарасы дамиды. Психологтар көрсетіп отырған даму зоналарын ескеріп, таным шеңберін кеңейте отырып, дамуға жетелеу сабақ барысында мұғалім мен оқушы әрекетінің қабысуынан барып жүзеге асады. Бағдарламаның басты мақсаты - берілетін білім арқылы оқушылардың іскерлігін, шығармашылығын дамыта отырып, олардың жекебас құндылығын көтеру, адамгершілік тәрбиені бойына сіңіру, тұлға қалыптастырудың негізін қалау.
Әр сынып сайын берілетін білім көлемінің кеңейіп, мазмұнының тереңдеуі оған жаңа ұғымдарды қосып қатар қою есебінен емес, ең бастысы қоғамның, адамның даму заңдылықтарының жеңіл түрде қисынды жүйеленіп қарастырылуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бағдарлама мазмұны оқушылардың ұтымды дағдыларын қалыптастыруды көздеп отыр. Ал дағды дегеніміз -оқушыда қалыптасқан білікті іс жүзінде логикалық жолмен қолдана білу. Дағдының түрлері көп: ақыл-ой дағдысы ( тез ойланып, шешім қабылдай білу, тапсырманы дер кезінде орындай алу мүмкіндігі); сенсорлық дағды (байқағыштық, көргіштік, түсті айыру қабілеті, тез қабылдау); қозғалыс дағдысы ( тез орындау, шапшаң жауап беру, қимыл-әрекеті); ерік дағдысы (тыңдай білу, тәртіптілік, ырықты еріктің дамуы) т.б. Сынып сайын тереңдетілген біліммен бірге дағды да тұрақтанып, іскерлікке қарай көшеді, оқушылардың шығармашылығы күшейеді. Мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды “биологиялық және экологиялық сауатты тұлға” ретінде дайындау мақсаты көзделсе, оның бастапқы негізі бастауыш сыныпта қаланады.
Оқушының жаңа білімді меңгеру әдістеріне - мұғалімнің баяндауын тыңдауға әзірлік, мұғалімнің білімді баяндауы, мұғалімнің баяндаған пікірін ой елегінен өткізу, бекіту әрекеттерін жатқызады да, оқушылардың өздігінен жаңа білім алуын, оқушыларда бейімділік пен дағдының қалыптасуын, алған білімдерін іс жүзінде қолдану практикасын, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін, қайталау арқылы білімді бекітуін, білімін, бейімділігін, дағдысын тексеруді жеке-жеке әдістер тобына жатқызады. Бұл топтау оқыту әдістерінен гөрі оқыту барысында ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жатады. Бұған қарап, оқыту барысында қолданылып келген сөздік, практикалық әдістерді білім берудің әр кезеңіне қарай топтастырғанын көреміз. Мәселен, қайталау арқылы оқушылардың білімдерін бекіту кезінде сөздік әдіс те, практикалық әдіс те, көрнекілік әдіс те қолданылуы мүмкін. Оқушылардың оқу әрекеті қиындатылған ситуацияларды шешуге, теориялық білімдерін көтеруге бағытталады. Логикалық ойдың қатысымен меңгерген білім, негізінде, оқушыларды білімнің пайдасын, енді нені үйрену керектігін сезінуге жетелеп, өзі атқарған жұмысын еркін талдап, оқып отырған мәселеге өз көзқарасын білдіруге дағдыландырады. Мұғалім мен оқушы арасында адамгершілік, ізгілік қатынас пайда болып, баланың ішкі мүмкіндігін ашуға, белсенділігін арттыруға, өзіне сенімін күшейтуге негіз салады. Оқу әректінің түрлерін төмендегідей жіктейміз:
1. Оқытушымен –оқушының арасындағы қарым-қатнас (оқытушының сұрақтарына жауап бергенде);
2. Сабаққа қатысып отырған өзге адамдармен арадағы қарым-қатнас;
3. Басқа оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);
4.Шағын топтармен арадағы қарам-қатнас ( 3-5 оқушы арасында);
5. Үлкен топтармен арадағы ( рөлдік ойындар, дебат, тақырыптық талқылаулар т.б.).
6. Оқушылар және жұртшылық топтарымен ( әлеуметтік сауалнама жүргізгенде);
7. Техника түрлерімен ( компьютер, кинофильм т.б.).
Мұндай әрекеттестік негізінде оқушылар оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады өзшешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логикалық түрде түсінеді. Сонымен қатар оқушы өз пікірін тереңірек қарастыруға тырысады. Жүйесіз құрылған шешім бағыты жұмыс барысында, пікір алмасу кезінде байқалып қалады. Мұның өзі оқушының ізденуіне негіз салады. Оқушылар мәселені шешу кезінде пікірлескендіктер, бір-бірінен үйреніп, бірінің-тәжірибесін бірі қабылдайды.
«Дүниетану» мен «Жаратылыстану» пәндерінде қолданылатын зерттеу жұмысының түрлері, ерекшелігі.
Әдістеме педагогикалық ғылым ретінде, педагогикада да қолданылатын зерттеу әдістерін қолданады. Зерттеуші – әдістемеші нәтижесінде «Дүниетану» зандарың, принциптерін және ережесін оқытуда, мектепте жаратылыстануды оқыту барысында байқалған фактілерді, құбылыстар арасындағы заңдылықты талдайды және салыстырады
Көптеген әдістемелік проблемаларды шешу үшін, бастауыш мектепте оқыту – тәрбиелік процестің нақты жағдайын, немесе көпшілік оқытушылар тәжірибесін білудің маңызы бар.
Оқытушылар тәжірибесін зерттеуде жетекші әдіс педагогикалық бақылау болып табылады, зерттеуші педагогикалық процесті бақылай отыра, оқытушының үйретудегі теориялық жетістігін және әдеттегі қателерің табады. Жиналған материал қорытылады, теорияда байыпталады және ғылым игілігі болады.
Мектептегі көпшілік тәжірибесін білу үшін мынандай әдістер қолданылады, кеңесу, оқушылардың жұмысын жазбаша түрде тексеру, мектеп құжаттарын білу, әдетте қойылған мақсаттарға үйлестіре және байланыстыра қолданылады. Педагогикалық тәжірибе өткізе отыра зерттеуші көбіне бірге психологиялық бақылау және психологиялық тәжірибе әдістерін қолданады, оған төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға тәжірибеге тексеріс жүргізу барысында, ұсынылатын жаңалық және осы негізде мақсатқа лайықты оның оқу – тәрбие процесін шешуге қолдануға болатындығын анықтайды.
Зерттеуші әдістемесінің соңғы кезеңі болып, құрылған қорытынды және нәтижені іс – жүзінде қолдануы, ауқымды тексеруден өтетін тәжірибесінде оқыту қорытындысы мен ұсыныстың анықтығын өсіреді.
Бастауыш мектептегі жаратылыстану және дүниетану пәнін оқытуда жаттығу жұмысын ұйымдастыру.
Жаттығу дұмыстарын ұйымдастырғанда мына принциптерге сай орындаған жөн
Жаттығу оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
Жаттығудың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек.
жаттығудың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбәр сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығұын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, жаттығуларға көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды қосып жасау қажет
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар тұғызып, проблемалық міндеттер мен жаттығуларды орындауға басшылық ету қажет.
«Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны.Топсаяхат нәтижесін сабақта пайдаланудың сызбасын түсіріңіз.
«Дүниетану» оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қандай дидактикалық прициптер жүзеге асырырылатыны жайында ой түйіндеу.
Дүниетану пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы және сабақта пайдалану мүмкіндіктері.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |