Әбдіғалиева Верстка indd


Мәдениет аксиологиясы туралы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.3. Мәдениет аксиологиясы туралы
Г.П. Выжлецов теориясы
Аксиологиялық теорияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан 
мәдениет аксиологиясын кеңес кезеңінде зерттеушілердің бірі, 
көрнекті ғалым Г.П. Выжлецов. Заманауи аксиологиялық мәде-


28 
ниеттегі жағдайды сараптай отырып, Г.П. Выжлецов жекелікке 
айрықша мән бермей, негізгі аксиологиялық категориялар 
ерекшелігін анықтаудың үш әдісін ұсынады. 
Біріншісі және кең тараған әдісі құндылықты шынайы 
өмірдегі заттар мен құбылыстардың адам үшін маңызды екенін 
түсіну, және олардың адамның рухани және материалдық 
қажеттіліктерін өтеу мүмкіндігі, мұнда құндылық маңыздылық 
ретінде субъект пен объекттің өзара әсерлесуінің нәтижесі. 
Бұл жерде құндылықтың маңыздылығы субъект пен объекттің 
өзара әсерлесуін айқындауында. Бұл әдіс В.А. Василенко және 
оның ізбасарларының тұжырымдамаларында ұсынылған, олар 
құндылық қажеттілікті өтеу құралы деген тұжырымдаманы 
ұсынған болатын, яғни, өз пайдасын тигізетін құндылық 
жағымды және маңызды болады. Құндылыққа берілген бұл анық-
таманың Г.П. Выжлецовтың пікірінше, кемшіліктері бар, мұнда 
құндылықтың өзі де, оны тасушы объект те маңызды болып табы-
лады, нәтижесінде нақты сараптама жүргізілген кезде құндылық 
түсінігі сәйкесінше табиғи не әлеуметтік объектіге өтіп кетеді.
Екінші әдістің өкілдері құндылыққа тек жоғарғы қоғамдық 
идеалдарды ғана жатқызады, бұл пікірлердің басты жақтаушысы 
И.С. Нарский. олардың пікірінше құндылықтар құрал емес, 
мақсат, шынайы емес, болуға тиісті, бұл тұжырымның этикада 
басқалардан артықтау танымалдыққа ие болуы да тегін емес. 
Адами құндылықтар идеалдар қажеттілігімен тек генетикалық 
тұрғыда ғана байланысты, бірақ бірінші тұжырымдамадағыдай 
субъект-объектілік негізге ие. Алғашқы екі әдіспен қатар үшіншісі 
қалыптасады, ол алғашқы екеуінің негіздерін біріктіреді. онда 
құндылық әрі маңызды, әрі идеал ретінде қарастырылады. Бұл 
тұжырымдаманы ең алдымен В.П. Тугаринов және о.Г. дроб-
ницкилер субъекті-объектілі қатынастар негізінде дамытты. 
Алайда, о.Г. дробницкий «сырттай адамның затқа немесе... 
заттың адамға қарым-қатынасы секілденіп көрінетін нәрсе шын 
мәнінде адамның өзіне, басқа адамдарға, не қоғамға деген қарым-
қатынасы» деген бақылауын жазады. 
Құндылықтар жүйесінде өзара байланысқан үш негізгі эле-
менттер бар: құндылық, норма, идеал. осы жүйеге байланысты әу 
бастан кез келген құндылық маңыздылығымен, жарамдылығымен, 


29 
пайдасымен сипатталады. Тек маңызды нәрсе ғана құндылыққа 
айналады. Құндылық міндетті (қарым-қатынас, жүріс-тұрыс 
нормасы) және қалаулы (идеал) бастамаларды біріктіреді. мы-
салы, мейірім пайдалы болғаны үшін құндылық емес, алайда ол 
маңызды. мейірімділік таныту талабы (моральдік норма) орын-
далса да ол мейірімділіктің құндылық ретінде толықтай іске 
асырылғаны болмайды. мәдениет құндылықтардың жүзеге асу 
және құндылық қатынастардың адамның ерік-жігерімен барлық 
салаларда іс жүзінде қолданылу деңгейімен айқындалады. 
мәдени құндылықтар маңызды немесе қалыптасқан нормалар 
және идеалдар болуы мүмкін. Ал маңыздылық (жарамдылық, 
пайдалылық) пен норма (міндеттеме) автор өркениет деп атайтын 
ортаға да, кейде мәдениеттілік өркениеттегіден кем түспейтін 
мәдениеттің төменгі деңгейлеріне де тән. 
Құндылықтар мәселесінде тым абстрактілі түсіндірмелерді 
айналып өтіп, шектеулікті де артқа тастауға тырысқан кеңес 
кезеңі зерттеушілері қалыптастырған философиялық дәстүр мен 
түсіндірмелерге сүйене отырып, Г.П. Выжлецов мәдениеттің 
құндылық ұғымына қатысты жалпы алғанда сәтті әрі болашағынан 
үміт күттіретін тұжырымдамасын дамытты. 
Құндылықтар мен құндылық қарым-қатынастардың негізгі 
қасиеттері:
– құндылық қарым-қатынастардың бастапқы ерекшелігі онда 
жан қалауына сай, еріктілікпен, тәуелсіз таңдаумен, рухани құл-
шыныспен байланысы болуы; 
– құндылықтықтар адамды басқалардан, табиғаттан және өз-
өзінен оқшауламайды, бөлмейді, бөтенсітпейді. Керісінше, адам-
дардың басын қосып, кез-келген деңгейдегі қауымға жинақтайды: 
отбасы, ұжым, халық, ұлт, мемлекет, жалпы қоғамға біріктіреді. 
Бұл адамгершілік бірлестігі бүкіл әлемді қоса қамтиды;
– құндылықтық қарым-қатынастар адамдар үшін сырттай 
және таныс емес, іштей және ерікті болып табылады;
– мысалы, махаббат, ар-ұждан немесе ерік-жігер секілді нағыз 
құндылықтарға күшпен, алдау арқылы не ақшамен қол жеткізуге 
болмайды немесе байлық пен билікті де біреуден тартып алу 
мүмкін емес. 


30 
осылайша, құндылықтар ерекшелігін түсіндірудегі негізгі 
тұспалдар құндылықтар қоғамда субъективті-объективтік және 
субъектаралық қарым-қатынастар арқасында пайда болып, 
қызмет атқарады және осы қатынастар арқасында жүзеге аса-
ды. Субъектінің объектіге маңыздылық тұрғысынан қарым-
қатынасы бағалаудың ерекшелігін айқындайды, ал құндылықтар 
қоғамда кері қайтатын нормативтік-реттеуші рөл атқаратын 
жеке тұлғадан бастап жалпы қоғамға дейін кез келген деңгейдегі 
субъектілер арасындағы жалпылама қарым қатынастар түрлерін 
қалыптастырады. 
Бағалаудың толыққанды актісінің пайда болуының іргелі 
психологиялық және логикалық негіздерінің терең әрі егжей-
тегжейлі сараптамасы құндылық құрылымында бағалау бірінші 
және негізі элемент ретінде ене алатынын баса айтуға мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар, бағалау эмоциямен тығыз байланыс-
ты және тек психофизиологиялық негізін ғана пайымдайды. 
Кейбір авторлардың пікірінше «Құндылық әрдайым баға беруде 
айқындалады. Бізде оны білдіретін басқа форма жоқ».
Г.П. Выжлецов бағалауды сана мен бейсана арасындағы, 
табиғат пен қоғам арасындағы тасымалдаушы жеделсаты ретінде 
қарастыруды ұсынады. ол адамды қоғам және табиғатпен ғана 
емес, жалпы адамзаттық құндылықтар әлеміне енгізіп, басқа 
адамдармен де тікелей байланыстырушы сөйтіп өзінің басты 
мәдени-әлеуметтік қызметін жүзеге асырады деген тезисті қызу 
қолдайды. Басқаша айтқанда, сезім де, логика да бағалаудың 
өзгешелік қасиеттеріне жатпайды, себебі ол таным секілді дара 
болып табылады. Бірақ нақты әр жағдайға сәйкес таным түрі 
болады: ғылыми, тәжірибелік немесе теориялық. Таным түрін 
анықтап алмай, онымен бағалауды салыстыру мүмкін емес. осы-
лайша бағалау таныммен бірлесе қызмет атқарады. Таным да 
бағалаусыз, бағалаудан тыс мүмкін емес, бірақ зерттеп білместен, 
танымсыз бағалау да мүмкін емес. Сондықтан, ақиқат құндылық 
ретінде олардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі. осы мазмұнда 
бағалау тек таңдау актісі не құндылыққа реакция ғана емес, ол 
сонымен бірге сананың бағалау құрамдас бөлігі, оны танымдық 
және бағалау бірлігі ретінде қарастыру қажет. 
Пайымдық қарым-қатынас әртүрлі әдістермен көрсетілуі 
мүмкін, соның ішінде ым-ишара, дауыс ырғағы, жасанды белгілер 


31 
жүйесі, бірақ оның әлеуметтендірілуінің негізгі түрі табиғи 
тіл. Іс жүзінде сана ретінде тілде ең алдымен пайымдық және 
бағалау құрамдас бөліктері бар. Бағалау қызметінің ұғымдық 
деңгейде тілдік стандарты бар, яғни, әу бастан тіл арқылы 
сөйлесуде қалыптасатын сана ретінде әңгімелесу кезінде сөздер 
арқылы өзіндік бағалау санасы қалыптасатындықтан, бағалау 
мазмұнындағы тасушы-сөздер пайда болады. Сондықтан, бағалау 
бағытталған әсер құралы болып, бағалау қызметін іске асыру 
формасы болуы мүмкін. Себебі бағалау ең алдымен адамның 
баға беру стандарттарын өзгертуге бағытталған, таным арқылы 
бағалау деңгейіне жетіп, субъектінің бағалау бағдарына әсерін 
тигізуі мүмкін. Бағалау дегеніміз идеалдардың шынайы өмірге 
айналуы. Сондықтан бағалау сырттай, күшпен телінген бола ал-
майды. оларды күшпен міндеттеу мүмкін емес (бақытты болуға, 
сүюге мәжбүрлеу мүмкін емес), оларды байлық не билікті тартып 
алғандай тартып алу мүмкін емес. Құндылықтың бар-жоғын және 
оның құнын дәлелдеу де мүмкін емес. махаббатқа сенетіндер 
үшін Құдай деген махаббат, ал діни наным жоқ, ғашық болмаған 
жандар үшін Құдай да, махаббат та жоқ. 
Таным негізінде объективтік әлем немесе ойлау заңдылықтары 
және таным үрдісінің өзі туралы білім қалыптасқан болса, 
бағалық пайымдау баға беру туралы білім деген сөз. ол да басқа 
кез келген білім түрі ретінде жалпы маңыздылыққа ие, қоғамдық 
сананың феномені ретінде белгілі іс жүзіндегі түрлі баға беру 
түрлерін саралау нәтижесінде ақыл-парасатты ығыстырады.
Э. Фром бойынша, психологиялық тұрғыда «бағалық пайымдар 
біздің іс әрекетімізді анықтайды, біздің жанымыз бен тәніміздің 
саулығы олардың орынды болуына тікелей байланысты». Баға-
лауды санасыз, иррационалды қалаулардың рационалдануы деп 
қана қарастыру дара тұлға бейнесін өзгертіп, ол жайлы түсінікті 
тарылтуы мүмкін, сондықтан адам табиғаты мен адам өміріндегі 
құндылықтар мен нормалар өзара тығыз байланысты. 
Жоғарыда айтылғандардан бағалау мәдениеттің аксио ло-
гиялық категориясы және бағалау-үрдіc, бағалау пайымы және 
бағалау нәтижесінің бірлігінен бағалау қатысын көрсететінін 
түсіндік. ол объекттің субъект үшін жағымды не жағымсыз мәнін 
анықтаушы ретінде бірінші сатысы және негізі ретінде құндылық 
ұғымының құрылымына енеді. 


32 
Сонымен, маңызды не міндетті, норма немесе идеал, қызығу-
шылық объектісі, ұнату не бағалау секілді құндылықты әртүрлі 
сипаттау құндылықтың бүтін құрылымына енеді және жағдайға 
байланысты мәдениетте көрініс табады. 
мәдениет құндылықтарының негізгі мәселесінің бірі оның 
қатарын анықтау, яғни, иерархиясын құрастыру. 
Құндылықтар иерархиясын дұрыс қалыптастыру қажеттілігі 
олардың адам өмірінде алатын орнына байланысты шығады. 
Әсіресе қазіргі кезде орын алған тарихтың шешуші сәттерінде 
құндылықтарды асыра бағалау үрдістерінде маңызды рөл 
атқарады. 
Ғылыми әдебиетте және ауызекі тілде қолданылатын мә-
дениеттануға қатысты кейбір терминдер (мәдениет, құрылым, 
құндылық, иерархия) алуан түрлі, кейде тіпті мағыналық 
жағынан қайшылықты. Шетелдік және отандық ойшылдардың 
ғылыми ізденістері қалыптасқан құндылық түсінігі мен оның 
маңыздылығы туралы ой түйіндеуге мүмкіндік берді, ал мәдениет 
пен оның құрылымы тұралы кейінірек айтамыз. 
Құндылықтың адам өміріне қатысы, құндылықтың адам-
мен байланыстарын қарастыру кезінде ашылады, ол болмаса 
мән-мағынасы да жоқ. Көптеген авторлар құндылық адамның 
мәңгілікпен қауышуы үшін қажетті шарт деген пікірді ұстанады. 
Бұл мазмұнында құндылық мәңгілік өмірге апаратын баспалдақ 
секілді. Егер құндылық шын мәнінде адам мен болмыстың 
емес, оның жоғарғы мәнінің арасындағы жалғастырушы елші 
болса, онда құндылықтар адамның осы иерархиялық құрылым 
жолындағы баспалдағы іспеттес. ондай ілгерлеуді мәдениет пен 
жалпы қоғамның алға басуы деп білуге болады. Г.П. Выжлецов 
осы мәселе бойынша көптеген еңбектерді саралай келе, соның 
ішінде «аксиологияның аса маңызды мәселесі аксиологиялық 
релятивизмді, яғни барлық құндылықтарға қатысты және 
субъективті деген ойды қаузайтын білімді жеңу және абсолютті 
құндылықтар орнату» деп білетін Н.о. Лосский жұмыстарын 
зерттеген, м. Шелердің «жағымды -жағымсыз» принципіне 
негіз делген құндылықтардың иерархиялылығын мойындап, өзі 
құндылықтарды былай саралайды: сезімдік, өмірлік, рухани, 
моральдық-құқықтық және т.б. Г.П. Выжлецов құндылықтар 


33 
иерархиясын орнатқан кезде олардың әлеуметтік не сырттай 
қызметтеріне қарай емес, ішкі мазмұны мен құндылықтың 
бүтін құрылымдығына қарай орналастыру керек деген шешімге 
келді. «оның әрбір элементі тасушы-объект, маңыздылық, нор-
ма және идеал – әртүрлі жағдайда жеке құндылық ретінде алға 
шығады». Бұдан шығатын қорытынды, құндылық құрылымы 
құндылықтардың иерархиялық типологиясы мен мәдениет 
деңгейлеріне оралуы мүмкін. 
Жоғарыда келтірілген дәлелдемелердің барлығы грузин фило-
софы Н.З. Чавчавадзенің пікіріне ұқсас, ол құндылықтар иерар хия-
сы туралы «көтеріле беретін қатар, баспалдақ жоғарылаған сай-
ын төменгісінен гөрі маңызы артып, қымбатырақ бағалана түседі, 
ал барлық баспалдақтардың құны ең жоғарғы баспалдақтың 
құнымен өлшенеді» деген ой айтқан. 
Құндылық қатарын реттеуде негізгі үш ұстаным ерекшеле-
неді. Біріншісі доминатты құндылықтардың иерархиялануы, 
оған қатысты басқа құндылықтар маңызы жағынан кейін қалып, 
төмен орналасады. Әртүрлі мәдени жүйелерде ондай доминант-
ты құндылық ретінде Құдай, Билік, Байлық, Адам, Прогресс, де-
мократия, т.б. танылады. Екіншісі әртүрлі салаларға байланысты 
негізделеді. мысалы, кәсіби жұмыстың қатаң салқынқандылығы 
музыка, мінәжат немесе ойын, көңіл көтерумен алмасуы мүмкін, 
бір сөзбен айтқанда адам үшін маңызды әрекетпен алмасады. 
Үшіншісі құндылықтардың әлеуметтік таптарға байланыс-
ты реттелуі. Саяси орта үшін ең басты құндылық билік болса, 
діни орта үшін рухани құндылықтар, зиялы қауым білімді алға 
қояды. Үйлесімді қоғам қалыптастыру және қандай құндылық 
бағалырақ деген пікір қайшылығына ұшырамас үшін, өз ретімен 
орналасқан осы аталған құндылықтардың бәрі қажет екенін атап 
өткеніміз жөн. 
Шынында да құндылықтың индивид не қоғам үшін қай 
орында екенін білместен оның құндылық баспалдағын қалай 
рет тейтінін есепке алмай болашақты болжау мүмкін емес. мәде-
ниетті құраушы элементтердің барлығының мәдени қажеттіліктер 
деңгейіне күшті әсер ететін әлеуетті «қасиеті» бар, яғни мәдени 
дамуға да әсерін тигізеді. 
Сонымен құндылықтар мен құндылықтар иерархиясы қоғам-
ның мәдени дамуының векторын анықтайды және қоғам үшін не 


34 
құнды екенін түсінуге әсерін тигізеді, мемлекеттік құрылымның 
дамуы мен оның мәдени деңгейін қандай құндылықтар сипаттай-
тынын анықтайды. 
дінде, адамгершілік пен өнерде рухани мәдениеттің үлгісі 
ретінде көрінетін идеалдар сенім, махаббат, сұлулық секілді 
ұғымдарды атап өтуімізге болады. Идеал құндылықтары әри-
не, адами қарым-қатынастар мен құндылықтардың барлық дең-
гейлері мен салаларына өкпектей өтеді. Бірақ олардың әсері нор-
ма деңгейінде айтарлықтай шектеледі (міндеттілік, императив). 
Әсіресе маңыздылығы да әлеуметтік және экономикалық мо-
раль, құқық, саясат, экономика нормалары мәдени деңгейге сай 
қалыптасқан жерде осындай жағдай орын алады. 
Адамгершілік пен моральді байланыстыратын жоғарғы құн-
дылық ізгілік, тек ол біздің жан қалауымызға сай келсе ғана ізгілік 
болады. Ізгілік адамгершілік құндылықтар көрінісі ретінде мораль 
мен моралдық мәдениет саласында мәдениеттің ішкі негізіне ай-
налады. Адамгершілік құндылықтардың иерархиялық қатарында 
ол жоғарғы құндылық ретінде ерекше орынға ие. мораль адамның 
жалпы өмірлік ережелерінің жиынтығы құқыққа айналған кез-
де оған жоғары құндылық ретінде әділеттік телінеді, демек, 
құқықтық мәдениеттің нормалары, мақсаттары және негіздері де 
қосылады. осылайша, қоғамдық өмірдің әр саласы үшін ерекше 
маңызды басқа құндылықтардың деңгейін жеке-жеке шамалап 
анықтауға болады. Сонда адам өмірінің әр саласында құндылық 
иерархиясы әртүрлі сипатта болары анық. Жоғары құндылық 
дегеніміз әр орта өзі үшін лайықты деп таныған, қол жеткізуге 
тырысатын құндылық, мысалы, қазіргі саяси мәдениеттің 
жоғары құндылығы бейбітшілік, себебі ол халыққа да, билікке 
де қажет. Егер халықтың еркіндігі сақталмаса, саяси мәдениет 
белгілі деңгейге жете алмайды. Сондықтан саяси мәдениет үшін 
құндылық иерархиясының жоғарғы құндылықтары замана-
уи қоғамның өзара байланысты шарттары ретінде бейбітшілік, 
билік, тәуелсіздік, халықтың еркіндігі болмақ. 
Құндылықтар нормативтілік механизмін түрлендіріп қана 
қой майды, сонымен қатар адамның әлемді тануына әсер ететін 
мазмұндар жүйесін де принципиалды түрде түрлендіреді. 


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет