Әбдіғалиева Верстка indd


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Ежелгі үнді философиясының этикалық системасы. 
2. Конфуцийдің этикалық концепциясы.
3. Антикалық мәдениеттегі құндылықтардың орны. 
4. Платон мен Аристотелдің өнегелілік идеялары. 
5.діннің ерекше этикалық категориялары және оның ортағасыр 
мәдениетіндегі рөлі. 
6. ортағасыр иерархиясындағы діни құндылықтары.
Өздік жұмыс тақырыптары: 
1. Ежелгі шығыс мәдениетіндегі өнегелік категориялар. 
2. Ежелгі египет мәдениетіндегі құндылықтар жүйесі. 
3. «Благо» (игілік) идеясының антикалық мәдениеттегі және оның 
құндылықтар жүйесіндегі орны. 
4. Аврелий Августиннің этикалық концепциясы.
5. ортағасыр мәдениетіндегі рухани құндылықтар. 
6. Фома Аквинскийдің аксиологиясы. 


59 
2.2 Қайта өрлеу мен жаңа заманның
этикалық концепциясы
Қайта өрлеу идеясы тек, антика полисінде діни емес фило-
софияға жүгінген кезде ғана келді. Қайта өрлеу бірінші кезекте 
өнегеліктің, эстетиканың, құқықтың, саяси түсініктің мистикалық 
емес жергілікті түсінігін анықтады. Өз кезегінде әрбір осы фор-
малар адамның әлемге деген қатынасын көрсетті, әртүрлі бейне 
ретінде көрінген осы құндылықтардың байланысы анық сезілмеді, 
құндылық философиялық категория ретінде қаралмады. Бірақ 
осы мәселені шешудегі талпынысты италияндық гуманистерден 
көре аламыз, мысалы, өнегелік құндылығы туралы талқылаған
(Л. Валла), сұлулықты спецификалық құндылық ретінде тал-
қылаған (Л.Б. Альберти), Н. макиавелли саяси аспектінің дінге 
немесе моральға тәуелсіз екенін мойындады. Итальяндық гума-
нист Лоренцо Валланың аксиологиялық талпынысы заттың және 
оның қасиеті жайлы анықтағанда байқалады. Заттың сыртқы 
көрінісі ешқандай маңызын бермейді, алайда олар адамның жаны 
мен тәніне ләззат беретіндіктен игілік болып табылады. осыдан 
сұлулық тән қасиетіне жатады. Валлы теологизмді зерттейді, кез 
келген құндылық бір нәрсе үшін, біреу үшін құндылық болып та-
былады. Қасиет пен сұлулықты аксиологиялық жағынан Томмазо 
Кампанелланың еңбектерінен табуға болады. Томмаза Кампанел-
ла игілік пен сұлулықтың шынайы бейнесін ашуға талпынды. ол 
үш түрлі игілікті айқындады «абсолютті игілік», құдай ретінде 
және алғашқы шындық «заттың игілігі» оның тұрмыстығы мен 
сақталуы, «бізге байланысты игіліктер». Игіліктің соңғы түрі 
біздің субьективті қабылдауымызға емес, біздің тіршілік иесі 
ретінде обьективті көзқарасымызға байланысты негізделген. 
Теоретикалық-құндылықтық талпыныс әсемдіктің обьективті 
қатынасын түсінуге көмектеседі. «Ұқсастық және пропорция» 
өздігінен сұлу емес тек игіліктің белгісі болғандықтан ғана әдемі. 
Ренессанстық философия және эстетика әсемдікті «игіліктің 
түсі ретінде» қарастырады.(марсилио Фичино), тек қана құ-
дыретті игілікті негізге алмай, сонымен қатар заттың игілігі және 
бізге деген қатынастарындағы игілікпен қарастырды. Соның 
өзінде әсемдіктің спецификасын ашуға деген талпыныстар бо-


60 
лып тұрды. Кампанелла, әсемдікті игілік арқылы анықтай оты-
ра, сонымен қатар оларды қарсы қоймайды да. Әсемдік жай ғана 
игілік емес. Кампанелла бойынша, «әсемдік – махаббатқа жатса, 
ал игілік – пайдаға жатады». Әсемдік спецификасын анықтауда 
ренессанстық ойшыл Канттың эстетикалық талдауына таңданады. 
яғни Кант бізді затпен байланыстыратын қызығушылықты 
ләззат деп атайды. Қайта өрлеу дәуірінде, адам құндылықтарын 
таныған дәуірде аксиологиялық қадам құрылды және ол адам 
субьективтілігінен пайда болды. монтень құндылықты кеңінен 
яғни өнегелік ретінде қарастырады. «Құндылық пен адам қасиеті 
оның жүрегі мен ерік-жігеріне байланысты; дәл осы жерде оның 
арының негізі қаланған», – дейді француз ойшылы. монтень эти-
касында эпикуризмнің әсерін көруге болады. ол рахатты заңды 
және шынайы алу керектігін талап етеді, адамға табиғатына 
берілген нәрсесін игілікпен қабылдау қажет дейді. Бақыт пен 
ләззат адамзат іс-қимылының қозғаушы күші, алайда адам өмірі 
қиыншылықсыз да болмайды, ол рахаттануды қаттырақ бағалауға 
итермелейді. Сонда да монтень өмір игілігін ақылмен пайдала-
нуды айтады. монтеннің пікірінше өнегелік ғылымын табиғи 
негізінде құру керек дейді. дінде, әртүрлі халықтардың дәстүрі 
де дұрыс жүріс-тұрыстың үлгісі ретінде қызмет ете алмай-
ды. Табиғи негізге сүйенген өнегелік жан мен тәннің бөлінбес 
бірлігінен адамның физикалық және рухани табиғатынан, игілік 
пен бақытты бірлестіре қарастыруынан шығады. Адам игілігі 
тәнге қарсы тұратын жанның игілігі емес, жан мен тәннің 
бірлігінің игілігі болып табылады. Қайырымдылардың мақсаты 
«өмірді шынайы заңдармен өткізуге келіседі». монтень айтуын-
ша эпикурлық этикасында әлемге, өмірге, игіліктерге, ләззатқа 
аскеттік жиіркеніште. монтеннің этикалық идеялы-физикалық 
және рухани қуаныштармен әлемдік шынайы рахаттану. Шынайы 
философтың позициясы – өмірді барлық қиыншылықтарымен 
қабылдау, жан және тән қиыншылығын өзіндік дәрежесінде 
қабылдау. монтень этикасындағы маңыздысы – адам өмірінің 
өзіндік жеткіліктілігін, оның мақсаты – оның сыртында емес, 
өзінде екенін мойындау. осындай жағдайда, дәл өнегелік мазмұны 
мағына береді және адам өмірін ақтайды. 
Жаңа заман дәуірінің мотиві мүлдем басқа түрде жанданды. 
Терминология, құрамы және проблематикасымен емес, өзінің 


61 
ортағасырлық әлемді игеру методикасымен де белгіленеді. 
Кеңістіктің ойлау орталығы адамның өзі болып табылады (Құдай 
емес). Рухани материалдық жағынан басқарған вертикалды бай-
ланыс енді горизонталды байланысқа ауысты. «Тәжірибе» түсінігі 
интеллектуалды құрылымның негізі болып саналды. Уақыт пен 
кеңістік мүлдем адамиланып, олардың материалдық бөлінісі 
абсолюттеніп кетті. осы дәуір білімділері күші мен мағынасын 
жоғалтпау үшін магиялық қасиетке ие болды. «бірде бір нәрсе 
күмәнсіз пайда болмайды» (Лейбниц), «Білім-күш» (Бэкон) және 
т.б. сонымен, жаңа дәуірдің ең маңыздысы құндылықтың ғылыми 
жүйесі болып табылады және көптеген ғасыр бойы картезиандық 
көзқарас бойынша тәжірибе және факты болып табылады. 
Жаңа дәуірде құнды әлемдік қатынас рационалдық интер-
пре тацияға ие болады. декарттың пікірінше адамның негізгі 
дарындылығы оның ерік-жігерге ие болуында, дейді. Іс-қимыл 
мен жүріс-тұрысқа ерікті адам кейіннен мақтау мен дамуға 
әкелетін іс-әрекет жасайды. Ақыл мен оның шеңберінен шығып 
кететін ерік-жігер қателесу мен адасудың себебі болып табыла-
ды. Жаңа заман аксиологиясы субьективті түрде қарастырылады. 
осы дәуір зерттеушілері құндылықтың қалай берілетініне, 
не құндылық болып табылатынына қызығушылық таныта-
ды. Өз-өзінен құндылық критериясын анықтайтын концепция 
құрастырылды. Зерттеу пәні құндылықтың белгілі сферасы және 
оның басқалармен ортақ теориясы болып табылады. 
Рационалды талқылау адам іс-әрекетіндегі жақсы-жаманын 
анықтайды. Картезиандық философия әлемдік қатынастың 
эмоционалды-сезімдік компонентін жоққа шығармайды. декарт 
құштарлықтың пайда болуының физиологиялық түсіндірмесін 
беруге тырысты, бірақ заттың құндылығын құштарлық емес, 
ақыл анықтайды. декарт бойынша адам дарынды емес. Бірақ 
дарынсыздық дарындылықтың яғни құдайдың бар екенін 
білдіреді. Құдай құдірет ретінде алдай алмайды, егер осы өмір шы-
найы болмағанда, біздің ойымызға ана өмір туралы кіргізбейтін 
еді. Құдай бізді алдамайды және біздің елестеріміз бізді алдамай-
ды. Бірақ та таным кезінде әйтеуір қателіктер болады. Неліктен? 
декарт ойы бойынша құдай адамды кеңістік қызығушылығына 
сәйкес қателік жасауға икемді етіп жаратты. Қателіктер адамның 
ерік-жігерінен, жеңілдіктерінен туындайды. 


62 
Паскаль адамның ойлау қабілетін жоғары бағалайды, ойла-
ну өнегеліктің негізі деп санайды. Бірақ адам ақылды да жоққа 
шығармайды. оның жүрегі бар, ақыл оның заңдарын білмейді
сондықтан адам екі табиғаттан тұрады. Ағылшын философы 
д.Юм адамның өнегелік әрекеттері санадан емес, интуиция 
мен сезімнен туындайды дейді. XVII ғасырда д.Юм этикалық 
трактаттағы «бар-жоқ» байланысы «міндетті-міндетті емес» 
деген байланыспен білінбей ауысып жатқанына көңіл ауда-
рады. Негізінен «бар» байланысынан «міндетті» байланысы-
на өтуде ешқандай логикалық мүмкіншілік жоқ дейді. «осы 
қарапайым акт жай этикалық жүйені ақтайтынына сенемін және 
қайырымдылар мен пайғамбардың айырмашылығы обьектімен 
қарым-қатынасында негізделмеген және ақылмен танылмайды», 
– деп жазады Юм. Сөзсіз Юм танымды фактілердің ашылуымен 
байланыстырады, яғни ешқандай мораль фактісі болмағандықтан, 
оның ойы бойынша мораль иррационалды эмоциялар сферасына 
қатынасты болуы керек дейді. Юмның еңбектерінде құндылық үш 
түрде көрініс табады: гедонистік, утилитарлық және альтруистік.
Құндылықтың гедонитикалық түрі – қайырымдылық деп 
барлық сезімдік рахаттарды атаймыз, ал барлық қиналу, ауру, 
қайғыны зұлымдыққа жатқызады. «Қайырымдылық ләззаттың 
нәтижесінен анықталса, зұлымдық – кез келген әрекетке апара-
тын қиналудың нәтижесінен анықталады»
Утилитарлық-моральдік игілік деп адамға және қоғамға пай-
далыны жатқызамыз. Пайдалы нәрсе ләззат береді.
Альтруистік-қайырымдылықтың моралдық мағынасында, 
яғни барлық адамдарға еш кедергісіз пайдалы нәрсе. Юм ойы бо-
йынша адамдарда «әлеуметтік инстинк бар, қиналыс сезімі кол-
лективизмге өтетін инстинкт дейді. Басқа адамдардың бақыты 
адам санасында керемет әсер туындатады, және сол керемет әсер-
дің қайталануына талпынады, осыдан айналасындағы адамдарға 
қуаныш сыйлау мен пайдасын тигізу туындайды. Спиноза құді-
реттілік және құдіретсіздікті ойлану модусы деп санайды. Зат-
тар ешқандай өз-өздігінен жақсы-жаман болып анықталмайды. 
Сонымен қатар Спиноза жақсы-жаманды, қайырымдылық пен 
зұлымдылықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты шынайы нәрсеге 
жатқызбайды, олардан ерекше шындықты яғни, обьективті қа-
тынастағы шындықты көреді. 


63 
Спиноза үшін адам – субьект, содан мейірімділік және әсемдік 
қасиеттері туындайды, ол эмпирикалық-индивидуалды субьект 
емес, ол адам табиғатының бейнесі ретіндегі субьект. Сонымен 
қатар Спиноза бір жағынан қайырымдылық пен зұлымдық деп, 
екінші жағынан қайырымдылық пен зұлымдылықты тану деп 
бөліп қарастырады, «ләззат алу немесе ләззат алмау аффектісі 
ретінде пайырымдылық пен зұлымдық танымын анықтайды».
декарт пен Спиноза көзқарастарына Лейбництің игілік пен 
құндылық концепциясы қарсы тұрады. декарт пен Спиноза 
адам санасы өнегелік пен эстетикалық бағаның шынайы көрінісі 
екеніне сенді. Лейбниц игілік, қайырымдылық, әсемдіктің обьек-
тивті негізін құдайдан табады.
Лейбниц үшін денелік әлем – құдайдың қатысынсыз жұмыс 
істейтін машина немесе сағат механизімі емес, бірақ ол ешқандай 
жөндеуді қажет етпейді немесе құдай оның алдын ала қамын жасап 
қойған. оның әрекетін адын ала қойылған гармония мен әсемдік 
басқарады. Лейбниц құндылық түсінігін анықтаушылар қатарына 
жатады. «Құндылық игілік көзқарасы бойынша маңызды нәрсе», 
«игілік құдіреттілікке тең», «құдіреттілік шындықтан жоғары 
тұрады». осының негізінде обьективті идеализм негізінде Лейб-
ниц түсінік жүйесін құрады, негізі игілік және құндылық болып 
табылады, ал құндылық игілік ретінде берілген. Лейбниц біздің 
әлемді – логикалық мүмкіншілікті әлемнің ең жақсысы дейді. 
Толықтай құдіретті, ал жеке элементтерін алып қарастырғанда 
құдіретсіз болып көрінуі мүмкін. Зұлымдық әлемдік гормонияның 
қажетті компоненті болып табылады. «Ең жоғарғы универсум ой 
түйіні зұлымдықтан алшақтай алмайды, жоқ дегенде жоғарғы 
игілікке айналады», Лейбниц ерік-жігерді мойындайды, онсыз 
әлем болмас еді.
Адамның барлық мақсаттары мотивпен анықталады. мотив-
сіз жігердің болуы мүмкін емес. Адамның рухани қызметі мотив 
пен іс-әрекетті таңдауда туындайды. Лейбниц ақыл мен ерік-
жігерді байланыстырады. Бостандық – ақылдың нұсқауымен 
жүруге деген мүмкіншілігі. «Ақылдың бостандықсыз пайдасыз, 
ал бостандықтың ақылсыз болуы мүмкін емес».
Ақыл бізді белсенді әрекетке итермелейді, ең жақсы нәрсеге 
бағыттайды. Құдіреттілікке, жоғарғы жағдайға жеткен адам 


64 
бақытқа жетеді. Ал ол үшін өзінің табиғатын және заттардың 
табиғатын толықтай білуі керек. Лейбництің ойы бойынша адамда 
моральдық қажеттілік бар, индивидуалды жақсылыққа талпыныс 
бар. Барлығымыз бақытты болғымыз келгендіктен, жақсылыққа 
талпынысымыз ең жоғарғы инстинк және адам табиғатының 
негізгі мақсаты болып табылады дейді.
Бэконда игілік универсалданады, игіліктің жалпы мағынасын 
анықтайды, оны талпыныс мақсаты ретінде қарастырады. 
Жалпы игілік әрбір адамның ақылынан, жігерінен туындай-
ды. Сондықтан да Бэкон «жалпы игілік бәрінен жоғары» де-
ген тезиспен қатар «адамның бақыты өзінің қолында» дегенді 
де қолдайды». Жанның саулығы мен күші, байлық, қоғамдық 
жағдай және болашақ сияқты мақсатымызға жетуге қаншалықты 
әсер ететініне қарамастан көптеген нәрселердің құндылығы мен 
маңызын анықтау қажет.
Томас Гоббс құндылық түсінігін дамытады, оны экономикалық 
категория ретінде қарастырады, бірақ құндылықты кеңінен 
де түсіндіреді: «адамдар өзін әрқалай бағалауы мүмкін, бірақ 
олардың шынайы бағасы басқалардың бағасынан аспайды дейді. 
«Лайықтылық – бұл адамның қоғамдық құндылығы»: Гоббс бой-
ынша «құрметке ие болатын белгілерді құндылықпен немесе адам 
бағасымен салыстырамыз». XVII-XVIII ғасырда экономикалық, 
саяси-әлеуметтік, өнегелік, және эстетикалық қатынастарды 
өзіне қосқан жаңа құндылық пайда болды. XVII-XVIII ғасырдың 
фило со фиясындағы құндылықтың айырмашылығы бағалау 
экономикалық категориясының дамымағандығының нәтижесі. 
XVII-XVIII ғасырдың өзінде де құндылықтың бірыңғай теориясы 
анықталмады, таным үшін сұлулық, қайырымдылық, әділеттілік 
түсініктерінің бейнесі периферилі түрде сақталды. діни сенімнің 
орнына доминант ретінде сақталып, ақылдың күшіне сүйенді. 
Француз ағартушылары құндылықты қоғамның дамуымен 
және мәдениетпен байланыстырды, өнегелік құндылықтар мен 
жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің маңыздылығын айта 
кетті. Вольтердің пікірінше әр адамның санасындағы өнегелік 
құндылығы өмір тәжірибесінен жинақталады дейді. Руссоның 
пікірінше, «адам табиғатынан мейірімді, сол мейірімділікті да-
мытуда оған көмектесу керек» дейді. Гельвеций айтуы бойынша 


65 
адамның іс әрекеті қоғамдық игілікке бағытталса, ол шынайы 
қайырымды және әділетті болып келеді дейді. Басқа адамның 
қызығушылығын есепке алмай, қалыпты өмір құруға болмайды 
дейді. Біреудің пайдасында адам өзін шектеу керек.
Тек XVIII ғасырдың ортасында ғана адамдар мәдениет 
орентациясының рационалдылық біржақтылығын түсінді, адам-
ның рухани әлеміне, басқа адамдармен, табиғатпен қатына сына 
альтернативті көзқарасқа ізденіс басталды. И. Кант алғашқы 
болып шынайы және құнды дүниелерді шектеді, қарсы қойды. 
Құндылық деп Кант құралды емес, өз-өзінен мақсаты бар тірші-
лікті айтты. Еуропа мәдениеттің романтизм бағытын теориялық 
негіздеп, неміс философы ағартушылық кезеңнің жетістіктерін 
қорытты. И. Кант танушы әлем «таза зердеден» «практикалық 
зердені» және «талдау қабілетін» айыра білді. И. Канттың пікі-
рін ше «құндылықты құнды заттармен араластыруға болмай-
ды», – дейді. ол құндылықтың обьективтілігі табиғи заттардың 
обьективтілігінде емес, адам тіршілігінің жоғарғы мақсатында 
дейді. оның айтуынша «әдемілік өз-өздігінен қаралмайды. ол 
үшін әдеміліктің жалпы түсінігі қажет». моральды құндылық 
іс-әрекетке емес, метафизикасында» рақымшылықтың үлкен 
кешенін қосады. Өзіңнің бақытың өнегелік қарыздар болып 
саналмауы керек, ал басқа біреудің бақыты әрбір жеке тұлға 
үшін қарыз ретінде саналуы керек дейді. «Екі жақты қарыз 
және екіжақты өнегелік мақсат – өзіндік жетілу мен біреудің 
бақыты». Бұл формула эгоцентристік эвдемонизм тарапынан 
сыналды, бірақ ол барлық адамның бақытына адамзат күшін 
жұмсауға негізделген. Кант этикасының эвдемонистік ережелер-
ден тұруы оның гуманистік бағыты болып табылады. Кантқа сай 
мәдениеттің моральдық құндылығы фундаменталды және өте 
терең дағдылардан туындаған. ол саналы адамның ағартушылық 
идеалы индивидтің сезімдік-практикалық мақсатпен негізделуі 
мүмкін емес деп санады. «Саналылық» адамда табиғаттан тәуелсіз 
еркіндікте туындайды. Әрине, эмпирикалық, сезімдік табиғатты 
адам табиғи қажеттіліктерге яғни тілектеріне, қызығушылығына, 
іс-әрекетіне бағынады. 
Сананың практикалық мақсаты, Кант бойынша, ерік-жігерге 
әсер етуіне байланысты, өнегелік заңдарға бағындыруында. Адам 


санасы ешқандай сыртқы табиғатқа бағынбайтын, адамзат да-
муында жоғарғы мақсат қояды. мұндай мақсат индивидтің мо-
ральды тіршілік иесі екенін білдіреді. Ағартушылық кезеңіндегі 
адамның рухани эмоционалды белсенділігін рационализмге 
қарсы қойып, романтизм құндылықтың жаңа теориясын ойлап 
тапты. Алайда, Юмге қарағанда Кант өнегелік заңдар теориялық 
ақиқат сияқты, жалпы және қажет қасиетке ие. Бұл Шеллинг 
пен Гегель философиясындағы моральды обьективациялауға 
мүмкіндік береді. Гегельдің моральдік түсінігі ең алдымен Кант 
және неміс философтары оны қалай түсінгенімен байланысты 
болды. Гегель Канттың мораль ғылымын мойындайды. Гегель 
Кант философияның моральді түсінудегі абстрактылығы мен 
ресмилігін сынаса, романтизмде моральға деген нигилистік 
қатынасты сынайды. Гегель көзқарасы бойынша іс-әрекеттен туа-
тын пиғыл адамды жауапкершіл етеді, егер ол іс жауыздықты ту-
ындатса, онда моральдық көзқарас бойынша ол сынға ұшырайды. 
Гегель субьективті тілек жеке дара қаралмай, игілікпен бірге 
қаралуы керек дейді. мақсат адамның өмірлік қажеттілігін 
қанағаттандырады.
Романтизм дәстүрлі мәдениеттен тұлғалық-креативті, дина-
микалық-инновациялық мәдениетке өту дәуірін аяқтады. Роман-
тизм тарихта заңды түрде ауысқан алғашқы мәдени тип болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет