Әбдіғалиева Верстка indd



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
және моральдық сана қалыптасады. Өнегелікті қоғамдық 
сананың ерекше бір формасы екенін мойындамай, өнегелікке тар 
мағынада анықтама беру өте қиын екеніне назар аударады. 
моралдың негізі болатын өнегелік идеялар, мақсаттар мен 
талаптар этика бойынша адам дамуындағы обьективтті заңдарға 
негізделеді. 
Жалпы адамзат мәдениетінің өркендеуі мен жоғары деңгейге 
жетуі талай тарихи кезеңдердегі өнегелік талаптар, рухани-
құндылық нормалар арқасында болып отырған. Кері жағдайда 
адамдар арасындағы қақтығыс, соғыс, қоғамдық конфликт арқа-
сында құрып кетуі де мүмкін еді. Бірақ бұлай болуы мүмкін 


46 
емес немесе «мәдениет өз бастаған жұмысын аяғына дейін ғана 
жеткізіп, адамды мораль және физикалық жағынан да шыңға 
шығарып барып өзін-өзі сақтай алады» (В.м. межуев. мәдениет 
және тарих. – м., 1977).
Қоғамдағы қарым-қатынас прогресіне сәйкес келетін өнеге-
лік прогресс – бұл дәстүрлі мәдениеттің ауысуының, тарихи 
өзгерулердің нәтижесі. Қоғамдағы басқада структуралардың 
өзгеруі сияқты өнегеліктің тарихи формаларының ауысуы 
қоғамдағы өнегелі мәдениет жаһандануына алғышарт болады. Әр 
тарихи кезең қоғамның өнегелі мәдениетін құруға мүмкідіктері 
бар. Және әр кезеңде мәдениеттің рухани және материалды 
құндылықтары трансформацияланады (экономика, саясат, ғылым 
және т.б.), толықтай алғанда қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді. 
осы қоғамның басқа компоненттеріндегі өнегелік системасының 
жағдайын анықтайды. Өнегеліктің жағдайы қоғамның әртүрлі 
саласында қалыптасқан қажеттіліктер мен қызығушылықтарға 
байланысты. мысалға, қазіргі экономикалық қажеттілік кезе-
ңінде материалды байлыққа деген құлшыныс басты мақсат бо-
лып, өнегеліктің байлығы ме іскерлігі азайған кезде материал-
ды қызығушылықтар адамдар өмірінде пропорционалды емес 
рөлді ойнайды. осындай жағдайда материалды байлық бірінші 
қойылып, ар-намыс тазалығы, өзін-өзі сыйлау, борыш және т.б 
өнегелік қасиеттер шетке ысырылып, сол арқылы өнегелікті жою 
жолы пайда болады. 
Өнегеліктің реттеуші функциясы әртүрлі саладағы адамдар 
бір-бірімен қарым-қатынас ұстағанда және әріптес болғанда пай-
да болады. ортақ қажеттіліктер кезінде өнегелік бір адамның 
қызығушылығы немесе ұжымның қызығушылығы бір-бірімен 
сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Белгілі бір нормаларға сәйкес
(сөзінде тұру, алдамау, және т.б.) адамдар арасындағы құндылық 
пен лайықтылық сақталу үшін адамдар іс-әрекетін тәртіпке 
келтіреді. 
осылайша өнегелік өнегелі мәдениеттің мағына беруші 
дүниесі. мәдениет және өнегелік түсініктерінің қолданылуы 
және олардың бір-бірімен байланысы қоғамдағы қатынастардың 
құндылығын және белгілі бір тарихи кезеңдегі қоғам мәдениетін 
көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет