Әбдіғалиева Верстка indd



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Курс мақсаты – мәдениет құндылықтары әлемін дербес 
меңгерудің дағдыларын қалыптастыру және осы білімді өз тұлға-
сын және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қолдануды үйрену.


Курсты зерделеу міндеттері:

мәдениет философиясының мәні мен негізгі этикалық 
құндылықтарын ашып көрсету;

негізгі этикалық тұжырымдамалар мен олардың өкіл-
дерімен танысу;

нақты-тарихи өркендеуіндегі мәдениеттің өнегелік 
құндылықтарының даму заңдылықтарын айқындау;

адамзаттың мәдени-тарихи өркендеуінің нәтижесі ретінде 
заманауи мәдениеттің негізгі мәселелерін көрсету.
мәдениеттің философиялық-этикалық мәселелері бойын ша 
оқу құралы мәдениеттану мамандығының 1 курс магистрант-
тарына арналған. Берілген оқу пәні бойынша теориялық ма-
териалды зерделеу студентке ойшылдардың өнегелік пен мо-
раль мәселелерін, XIX-XX ғасырлардың философиялық-аксио-
логиялық мәселелерін шешу жолдарын, қазіргі замандағы 
мәдениет философиясының орны мен рөлін түсіну туралы интел-
лектуалды ізденуінің ерекшелігін түсінуге көмектеседі.
Ұсынылғалы отырған курс өнегелік мәселелері бойынша 
өткен заман ойшылдарының теориялық ұстанымдарына, отандық, 
ресейлік және шетел ғалымдарының мәдени-философиялық 
зерттеулерінің теориялық жетістіктеріне негізделеді. Курстың 
теориялық дереккөздеріне Аристотель, Платон, әл-Фараби, Фома 
Аквинский, И. Кант, И. Фихте, Шеллинг, Г. Гегель, Ницше және 
көптеген басқа батыстық, ресейлік және отандық ғалымдардың 
аксиология және этика саласындағы мәдени-философиялық 
еңбектері жатады.



1. МӘДеНИеТТіҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ
ТАБИҒАТЫ
1.1 «Құндылық» ұғымы түсіндірмелерінің
алуан түрлілігі
Заманауи мәдениет философиясында бір жағынан, дәстүрлі 
схоластикалық ұстанымнан шығатын адам бүкіл жаратылыс 
атау лыны жоғарғы болмыс ретке келтіретін және «қандай да бір 
субъктивтік шешімнен толық тәуелсіз қалыптасқан құндылықтар 
жүйесі» билейтін әлемдік тәртіптің бір бөлігі ретінде қарас-
тырылатын тәсілдеме сақталып келеді. мұнда адамның өзі 
белсенді шығармашылық нәтижесінде игерілетін құндылықтар 
мен құбылыстардың абсолютті билігіне бойұсыну деңгейіне 
байланысты түсінідіріледі. Алайда XX ғасырда жеке тұлғаның 
өз кезегінде трансценденция мен коммуникацияға ұмтылатын 
жекелік болмыс пен құндылықтар тәуелсіздігін нақтылайтын 
еркіндік түсінігінің кейбір тұстарына баса мән беретін пәлсапаның 
жаңа түрі пайда болады. осылайша, бұл түсіндірмелердің өзара 
әсерлесуі мен қақтығысы заманауи әлемді аксиологиялық тұр-
ғыда тану мәселелерінің ерекшелігін қалыптастырады.
мәдениеттің аксиологиялық мәселелері оның көріністерінің 
сан алуандығында. Жалпылай алғанда мәдениеттану білімі 
мәдениеттің әртүрлі түсіндірмелеріне аксиологиялық білім 
ретінде көрінеді: адам қайраткерлігінің тәртіптік -нормативті 
саласында; мәдениеттанудың аксиологиялық келелі мәселелер 
жиынтығы сондай -ақ идеалдар мәселесін зерттеу мәнмәтінінде де 
бар; қатыстылық пен мазмұн идеяларында, кез келген мәдениет 
құндылықтарының иерархиялық құндылықтарын анықтауда. 



Жоғарыда айтылғандай, құндылықтар мазмұны мен өзге-
шелікті анықтау тәсілдерінің көпшілігі субъективті-релятивистік 
және объективті-абсолюттік тұжырымдамалардан шығады. Же-
ке-дара оқшаулай қарастыру оң нәтиже бермейтін болғандықтан, 
табиғи байланыс пен есеп жүргізу қажет деген пікірге тоқтаған за-
манауи ғылымның зерттеу нысаны – мәдениет философиясы мен 
құндылықтар теориясы тоғысындағы мәдениет пен құндылықтар 
арақатынасы мәселесіне арналған көптеген еңбектер жарық көрді. 
мәдениет аксиологиясында құндылықтар түсінігін анықтау 
мәселесінің де орны ерекше. ол мәселеге анықтама беретін 
әртүрлі түсіндірмелер өте көп. Құндылықтар шынайы өмірді рет-
ке келтіріп, оның мағынасына бағалау тұстарын енгізеді. олар 
мінсіздік, жан қалауына сай және нормативтік түсініктерімен 
салыстырылады, адам өміріне мән-мағына береді. Көптеген 
зерттеушілер «бұл уақыт талабы» деген уәжді алға тартып, 
мәдениеттің аксиологиялық мәселелерін зерттеу және тексеру 
қажеттігін айтады, адам өмірі мен мәдениет құндылықтары ту-
ралы ғылымдардың өзара әсерлесуін анықтамайынша, тұлғаның 
ішкі әлемінің мазмұнын және құндылықтарға қатысты ұстанымын 
зерттемейінше, болмыс мәнін анықтау мүмкін емес. 
Заманауи философиялық әдебиетте құндылық түсінігі әртүрлі 
мағынада қолданылады. дегенмен, құндылық түсінігінің мазм-
ұны мен негізін анықтап шығаруды қиындататын түсіндірмелер 
кеңінен етек жайған. 
Түсіндірмелік-терминологиялық сараптама нәтижесін пайда-
лана отырып, құндылық түсінігін анықтаудың төрт негізгі тәсілін 
шығаруға болады:
1. Құндылық жекелей немесе әлеуметтік бағдар ретінде 
көрініс беретін жаңа идеяға саяды. 
Шынында да құндылық қандай да бір өмірлік түсініктер 
арқылы анықталып, белгіленеді. оның мазмұны нақты идеялар 
кешені арқылы ашылады. Бірақ құндылық идеяға саюы мүмкін 
емес, себебі олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. 
Идеялар шынайы не жалған, ғылыми не діни, философия-
лық не мистикалық болуы мүмкін. олар өзіне қажетті импульс 
беретін ойлау типі арқылы көрініс табады. Бұл қатыста басты та-
лап – қандай да бір идеяның шынайылық деңгейі. 



Құндылықтарға келер болсақ, олар да адамның іс-әрекетін 
белгілі бір бағытқа бағдарлайды, алайда әрдайым нәтиже бола 
бермейді. мысалы, ғылым адамдардың барлығы ажалға тәуелді, 
яғни, мәңгілік емес дейді. Бұл әрбір дара тұлға осы даусыз па-
йымды сөзсіз игілік деп қабылдайды деген сөз емес. Керісінше, 
құндылықтық мінез-құлық тұрғысынан адам баласы келтірілген 
пайымның даусыздығын жоққа шығаратын сияқтанады. Адам 
жүріс-тұрысымен өзінің мәңгілік емес екенін жоққа шығаратын 
әрекеттер жасауы мүмкін. оның үстіне, кейбір мәдениеттердің 
салты адам өмірінің шектеулі екенін жоққа шығарады. 
Адам өз басы үшін қандай құндылықтар қымбат екенін, 
қай жолдың құндылыққа бастайтынын өзі таңдайды. Алайда 
адамдардың көптеген рухани абсолюттері ұқсас, бірдейге саяды. 
Адамның аса қымбат өмірлік ұстанымдары болуы мүмкін екені 
баяғыдан белгілі. Бірақ сол түсінікті анықтайтын ортақ, жалпы-
лай қабылданған сөз болмаған. ол тек XIX ғасырда пайда бол-
ды. мызғымас өмірлік бағдарды философтар құндылық деп ата-
ды. онсыз адам баласы өмірін толыққанды деп сезіне алмайды. 
Зерттеушілер құндылық деп нақты адамның өз басы үшін орны 
толмас, аса қымбат болып табылатын түсінікті атайды. 
Жеке тұлға әрдайым ғылым негізінде өмір сүруге ұмтыла 
бермейді. Керісінше, көптеген адамдар ғылымның тек ой-парасат 
тұрғысынан пайымдалған ұсыныстарына сақтықпен қарайды, 
жалпылай мойындалған мағынаға ие шынайылықты белден ба-
сып, арман-қиялдың тәтті әлеміне құлаш ұрғысы келеді. Адам-
дар көп жағдайда өздерін мәңгі өлместей ұстайды. Адам шын 
мәнінде салқынқанды ғылыми тұжырымға кереғар түсініктерден 
өмірлік күш-қуат алады. яғни, құндылық дегеніміз рухани күш 
беретін, шынайылықтан басқа нәрсе. 
2. Құндылық кең тараған субъективтік образ немесе адами 
өлшемге ие түсінік деп қабылданады. Негізінде құндылықты 
сараптамалық, жалпылай талқыға қайшы келетін жеке тұлғаның 
көңіліндегі субъективтік образға теңестіру жөн болмас еді. 
Әлбетте, кез келген мәдениетте құндылықтар аумағы айтарлықтай 
кең, бірақ шексіз емес. Адам қандай да бір бағдарларды таңдауға 
ерікті, бірақ бұл толықтай өз еркінің нәтижесінде іске аспайды. 



Басқаша айтқанда, құндылықтар мәдени мәнмәтінмен белгілен-
ген және негізінше біршама нормативтілік бар. 
Қоғамда, табиғатта, индивид өмірінде болып жатқан құ-
былыстар, оқиғалар, фактілердің қабылдануы білімнің логи-
калық жүйесі арқылы ғана емес, адамның дүниеге деген көз-
қарасы, әлемді қабылдауы, оның гуманистік не антигуманистік 
түсініктері, тәрбиелік және эстетикалық нормаларына байланыс-
ты. Құндылықтар субъективті, ғылыми шындықтар объективті 
болғанымен, бұлар бір-біріне үнемі қайшы келе бермейді. 
Жақсылықтың игілік екенін дәлелдейтін жан табыла қоюы 
екіталай. Бірақ жақсылыққа жақ болу – жеке бас таңдауы ғана 
емес, адамгершілік негізіндегі адами қажеттілік. Таным мен ба-
ғалау бір нәрсе емес, бірақ екеуі бір-біріне қарама-қайшы да емес. 
3. Құндылық тарихи-мәдени ұстанымдарға сай келеді. Адам-
дар әрдайым өз әрекеттерін мақсаттарымен, жалпылай мойын-
далған қалыптармен салыстыра бағалап отырады. Тарихта әртүрлі 
идеалдар, абсолюттер мен әулиелер тоғысып, түйісіп тұрады. 
Әр мәдениеттің құндылық табиғаты айқындалады, яғни, ондағы 
оңайлықпен өзгеріске ұшырамайтын құндылық бағдарлары болады. 
мысалы, технократиялық сана адамдарға инженерлік -тех-
никалық өлшемдерді ұстанып өмір сүруді ұсынады. олар 
қоғамды адами қарым-қатынастар ретке келтірілген алып маши-
на деп түсінеді. Алайда адамдар ол императивтерге қайшы әрекет 
етуі жиі кездесетін жайт. Технократтар «Адамды басқару мүмкін 
емес!» деп ашына шағынады. Сол себепті көптеген адамдар кез 
келген адам мәселелерінің бәрін шешетін жалғыз әрі аса күшті 
құрал ретінде ғылымды қарастырудан бас тартады. олар тіпті 
ғылымды парасатты түрде құрылған әлемдік тәртіп жолында 
үйлесімділікке жету тәсілі ретінде де жоққа шығарады. 
Құндылықтар тәрихи-мәдени ұстанымдарға қарағанда 
жылдамырақ өзгеруге бейім. Бір мәдениет аясында бірнеше 
құндылықтық бағдарлар өзгеруі мүмкін. Американдық мәдениет-
танушы даниель Белл «Капитализмнің мәдени қайшылықтары» 
еңбегінде капиталистік формацияның тарихи тағдырында 
құндылық бағдарлары протестанттық этикадан модернизмге 
дейін, яғни жаңа өмірлік-тәжірибелік ұстанымдар жиынтығының 
түбегейлі өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. 


10 
4. Құндылықтың нақты өмір сүру салты, «лайықты» жүріс-
тұрыс түрімен баламаланады. Құндылықтың төртінші түсін-
дірмесін де жүріс-тұрыс стилінің тура баламасы ретінде дауға 
салуға болады. Құндылықтар әлеуметтік тұрғыда әрдайым көрініс 
таба бермейді. Басқаша айтқанда тек ойша ғана идеалға ие болуға 
болады. Кейбір бағдарлар нақты іспен, әрекетпен нақтыланбайды, 
соған сәйкес өмір салтына да айналмайды. Айталық, индивид 
қайырымдылықты сөзсіз құндылық деп білуі мүмкін, бірақ өзі іс 
жүзінде қайырымды істер жасамайды. 
Аксиологиядағы негізгі түсінік «құндылық» мәселесін тү-
сін діру тәсілдерінің көптүрлілігі онтологиялық, гносеология-
лық, әлеуметтік, объективті-субъективтік, материалдық, идеал-
дық, жекелей-қоғамдық мәселелердің арақатынасын шығару дағы 
өзгешелікпен байланысты. Сондықтан құндылықтар жүйе сінің 
сипаттамасына байланысты ол мәдени әлемге түрлі аксио-
логиялық түсініктеме, құрылымды талқылау, әлеуметтік мәдени 
кеңістіктегі құндылықтардың орны мен рөлін анықтайды. 
дегенмен, аксиологияның негізгі мәселесі құндылықтың 
жалпы болмыс құрылымында өмір сүруі және оның материалдық 
шынайылықпен байланысы болып табылады. Бұл тұрғыдан 
қарас тырғанда құндылық рухани көптүрліліктің барлығын адам-
ның парасатына, сезімі мен ерік-жігеріне әкеліп телитін секілді. 
ол жеке тұлғаның ішкі рухани әлемінің сүзгісінен өткендіктен 
қоғамдық сананың адами өлшемін білдіреді. мысалы, егер идея 
жекелей және қоғамдық өмірдің, болмыстың кейбір жақтарында 
жетуге деген ұмтылыс болса, құндылық – тек білім мен мағлұмат 
негізінде ғана емес, адамның өмірлік тәжірибесі арқылы жинақ-
талатын тұлғалық тұрғыда әспеттелген әлемге деген көзқарасы. 
Адам өзінің жүріс-тұрысын қалыппен, идеалмен, үлгі тұта-
тын, ұмтылатын мақсатымен өлшейді. «мейірімділік» немесе 
«зұлымдық», «ғажайып» немесе «ұсқынсыздық», «жөн» немесе 
«ағат» түсініктері құндылық болуы мүмкін. Өз кезегінде бұлармен 
байланысты адамдардық көзқарастары, сенімдері – жөн не теріс, 
оптимистік не писсимистік, белсенді-шығармашылық немесе 
селсоқ-ойша құндылықтық идеялар деп аталады. 
дәл осы мағынасында адамның жүріс-тұрысын анықтайтын 
бағдарлар құндылықтық деп аталады. 


11 
Сонымен ғылымның адам қайраткерлігі, адам шығарма-
шылығының аксиологиялық аспектілеріне баса назар аударуы жай 
емес. Заманауи адам мен қоғамның мамыражай өмір сүруі үшін 
құндылық түсінігінің рөлі өте маңызды. Ю.я. Лифшиц «Біздің 
ағымдағы ғаламдық тоқыраулар негізінен адамзат тағдыры мен 
толықтай биосферамыздың тағдыры келер ұрпақ таңдайтын, 
соған сай өмір сүретін және басшылыққа алатын түсініктер мен 
құндылықтарға тәуелді болып қалды деген лайықсыз әлеуметтік 
құндылықтар мен түсініктер нәтижесі...». Әңгіме адамзаттың 
жоғарғы құндылықтарды жаңаша түсінуіне рухани бет бұруы 
жайында. Негізгі мәні адамдардың осы құндылықтарды түсініп 
қана қоймай, қабылдап, іс жүзінде көрсетуі және құштарлыққа 
толы сезімге бөленуінде. мұндай түсініктер мен құндылықтарды 
саналы ойлау, қайраткерлік пен таным парасатының сипаты, 
адамдар арасындағы қарым-қатынас, табиғатқа қарым-қатынас 
анықтайды. Адамзат тым болмаса саналы болмыстың қатыстық 
тұрақтылығына қол жеткізуі мен дамуы үшін дәл осы қажет.
Құндылықтар объективті түрде шынайы әлеуметтік қарым-
қатынастарда болады және қызмет етеді, ал субъективті түрде өз 
кезегінде адамдар мен әлеуметтік қоғамдардың санасы арқылы 
адам өмірінің барлық жақтарына қайтарымды әсерін беретін 
құндылық категориялар, нормалар, мақсаттар мен идеалдар 
ретінде сезіледі және өткеріледі. 
Құндылықтар жаратылысы бойынша тәңірлік-ғаламдық неме-
се ғарыштық мазмұнға ие болса да, олар туралы тек өміріміздегі 
нақты көрінісіне, адамның өзіне, басқаларға және табиғатқа де-
ген әртүрлі көзқарасына қарап баға бере аламыз. осылайша, 
қоршаған шынайы өмірді сипаттайтын құндылық түсінігінің көп 
мәнділігі қалыптасады. 
мәдениеттің қалыптасуы мен қызмет етуіне құндылықтың 
әсері зор екеніне ешқандай зерттеуші күмәнданбайды, бұған 
белгілі ресейлік философтардың айтқан тұжырымдары дәлел. 
Сонымен бірге, мәдениетті әлеуметтік феномен ретінде дәл 
осы құндылықтық бағдар бойынша айқындайды. «мәдениет 
– технологиялық құбылыс емес, эксзистенциалды құбылыс: 
мәдениетте технология мен соған сәйкес білім жинағы тек 
өмірді сақтап қалу және дамыту мақсаттарына байланысты ғана 


12 
бар. Жоғарғы әлеуметтік цензор ретінде мәдениет адам жасаған 
құндылықтарды «өз -өзімен» емес, олардың өмірге деген қатысы 
арқылы бейнелейді». мәдениеттің заманауи философиялық 
ұғымдарында оның аксиологиялық табиғаты негізді түрде 
өзектендіріледі. 
Құндылықтардың арқасында индивид өз қажеттіліктеріне 
еркін қатынас жасай алады, олардың қоғамдық мәнін жетілдіре 
алады. м.С. Каган да құндылықты субъектінің объектіге рухани 
сипатқа ие қатысы ретінде анықтайды. оның еңбегінде объектінің 
субъект қажеттіліктерімен байланысы көрсетіледі. 
С.Ф. Анисимов та құндылық іс-әрекет субъекті үшін нәрсенің 
оң мағынасы деген пікірде, себебі аталмыш нәрсе оның белгілі 
бір қажеттілігін өтейді. Бағалық қарым-қатынас деген объект
пен субъект арасындағы қарым-қатынас. Құндылықтар тек 
оң мағынаға ие болады: «Егер құндылықтың басты қасиеті 
индивидтің, қоғамның, таптың шынайы, парасатты, жағымды 
қажеттілігін өтеу болса, онда ол мағынасы бойынша теріс бола 
алмайды». Алайда эмпирикалық жағдайда, дейді автор, дәл сол 
нәрсе теріс мағынаға ие болуы да мүмкін». 
о.Г. дробницкий «Адамгершілік мәселелері» еңбегінде адам-
гершілік идеалдарының негізгі категориялары ретінде өз бо-
йында міндеттеу мен құндылық құрылымдарын тоғыстыратын 
моральдік сапа түсінігіне назар аударады: «бұл мінездің лайықты 
қасиеті (ізгіліктің өзі нақтылай айқындалған идея) және адам 
сондай болуы керек». 
Жалпы, «құндылықтар мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі бо-
лып табылады» және олардың адамдарға бағыт беруші әсері болуы 
мүмкін деген дәлелдемелер көптеп саналады. Н.З. Чавчавадзенің 
айтуынша анықтауыш әсер, оның айқын мінез-құлқы мәдениет 
пен оның феномендерін сипаттау үшін объективті заттық кате-
гориялармен қатар (мәдениет объективті-реалды формада және 
осы формада өмір сүретін болғандықтан), субъекттің іс-әрекетін 
сипаттайтын (мәдениет адам іс-әрекетінің өнімі болғандықтан) 
субъективті-теологиялық категорияларды да қолдану керек.
Н.З. Чавчавадзе құндылықтарды адамның әлемді рухани тұрғыда 
игерудегі түрлі тәсілдерімен байланыста қарастыру керек деп 
дұрыс пайымдайды. Адам қоршаған ортадағы оқиғалармен объ-


13 
ект түріндегі байланыста ғана емес, сонымен қатар оларды өз 
қажеттіліктері мен мақсаттарына қарай өзгертетін субъект ретінде 
де байланыста болады. Чавчавадзе «құндылық – адамдар мақсат 
тұтып ұмтылатын және мақсатқа жету жолындағы амал-тәсілдер 
ретінде қарастыратын нәрсенің барлығы» деп нақтылайды. 
Нәрселерді мақсаттар мен амал-тәсілдер категориясын-
да адам іс-әрекеті мақсатының жетістігі не амалдары ретінде 
жарам дылығын анықтай отырып бағалау ұсынылады. Басқаша 
айтқанда, тақырыпты теологиялық бағалау деген оның табиғи 
қаситтерін айқындау емес, оны қандай болу керек, сондай де-
ген көзқараспен бағалау. яғни, оның міндеттемесі мен болуға 
тиісті деңгейіне қарай бағалау. Құндылықты сана арқылы ашы-
латын оқиғалардың теологиялық қасиеттері – құбылыстар 
адамның іс жүзіндегі әрекетіне қатысы бар болғандықтан ол 
үшін маңыздылығын айқындайды. Құбылыстың маңызды қасиеті 
деген оның құндылығы. ол құндылықты санаға әдетте алып 
жүрушісімен бірге беріледі. 
мәдениет феноменінің өзі фактіге айналған құндылық, бұл 
құндылық пен оның көрініс табуының бірлестігі, және де бұл 
дүниені игеру тәсілін бөлшектемеген, объективті-бағдарлық 
және субъективті-құндылықтық деп бөлінбеген бүтін санаға ғана 
қолжетімді. Сондай-ақ Н.З. Чавчавадзе құндылық негізі мақсатты 
құндылықтарда, құндылық-мақсаттарда дейді. мақсаттар жү-
зеге асқанша тек идеалдық тұрғыда ғана өмір сүреді, басқаша 
жағдайда оларды іске асыру үшін жанталасу мәнсіз болар еді. 
Бұдан құндылықтардың адамға тәуелділігі пайдасына құн-
дылықты-детерминирациялық және құндылықты-бағдарлы мақ-
сат ты түрде жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің қажеттілігі туа-
тынын байқаймыз. 
осылайша мәдениет феномендерінде құндылықтардың бо-
луы адамның мақсатты іс әрекетінің нәтижесі болғандықтан 
деп түсіндіріледі. Адамның кез келген іс-әрекеті объективті 
түрде адамның өзінің табиғи, тәжірибелік қасиеттерімен және 
оның еңбек құралы мүмкіндігімен, сондай-ақ ол өмір сүріп 
жатқан және жасампаздықпен айналысатын тарихи-әлеуметтік 
шарттар тұрғысынан шектелген және айқындалған. мәдениет 
құндылықтарының көптүрлілік мәселесі адамның шынайылыққа 
қарым-қатынасының көптүрлілігімен шартталған. 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет