Әбдірахман жәми дүниетанымы бегалинова Калимаш Капсамаровна


Алла – көктер мен жердің көркем жаратушысы. Ал егер Ол бір істі қаласа, оған “Бол!” дейді де, ол іс бола қалады. [



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі29,21 Kb.
#19065
1   2
Алла – көктер мен жердің көркем жаратушысы. Ал егер Ол бір істі қаласа, оған “Бол!” дейді де, ол іс бола қалады. [5, б. 28]

Тағы мына аятта:



Алла одан басқа тәңір жоқ, Мәңгі Тірі (әлемдерді) Меңгеруші. Оны қалғу да ұйқы меңдемейді. Көктегілер де жердегілер де Оныкі. Оның рұқсатынсыз кім шапағат қылады?! Жаратылыстың алдындағыны да, артындағыны да біледі, ал олар Алланың білімінен ештеңені қамти алмайды....[5, б. 54]

Осы орайда эманация теориясына сыни қараған Ибн Рушд былай дейді:



  1. Эманация туралы Құранда бірде бір мәлімет жоқ. Бұл Алланың барлық заттардың жаратушысы екендігіне күдік тудырады.

  2. Бір нәрседен бір нәрсе пайда болады деген тек болжам ғана әрі қате пікір. Бір нәрседен көптеген заттар пайда бола алады. Әлемде эманацияда көрсетілгендей иерархия жоқ.

  3. Ибн Рушд барлық болмыс бір тұтас сабақтас дүние және оларды бір тұтас күш билеп тұр деген ойға келеді. Эманация теориясында “көктегі парасат” жүйесі ретінде қарастырылған әлемге тәртіп беретін механикалық кезекті күш жоқ, тек бір ғана күш Құдай бар. [1, б. 164]

Эманация теориясы жаратылыстану ғылымдарының табиғат жайлы деректерін кеңіненен пайдалана отырып, Құдай туралы осындай идеяларды жоққа шығарды. Нақты әлем белгілі бір құндылыққа ие болды. [6, б. 163]

Тағы бір айта кететін жәйт Жәми дүниетанымынан материалды әлем мен рухани әлемнің бірігіп, Жаратушы мен жаратылыс арасын ажыратпай, пантеистік көзқараста болғанын байқаймыз. Патеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) яғни Құдай мен болмыстың, табиғаттың, материяның бірлігі туралы ілім.[4, б. 37]

Пантеизмде әлем рухани тұтасқа айналды; нақты әлем, табиғат, материя үлкен құндылыққа ие болып, адам Құдайдың деңгейіне, "жаратылыстан" Жаратушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Алланы табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім. Әбдірахман Жәми өзінің “Лавоих” деген шығармасында мына өлең жолдарын келтіреді:

Құдай әлеммен ажырамас бірлікте

Себебі бар әлем Құдайда, ал Құдай әлемде.

Құдай әлемді жаратты дей тұра Жәми Жаратушыны сол ғаламмен біртұтас деп қарастырды. Яғни Жаратушы барлық жерде, адам баласы қайда қарамасын, ол Жаратушыны көре алады деген тұжырымға келген. Белгілі бір жағдайларда неоплатонизмнен пайда болған пантеизм Жаратушы мен жаратылыс арасында ажырамас байланыс орнатып, сол арқылы тұлғаның гуманистік концепциясын оның моралдық, зияткерлік қабілеттері туралы тұжырым жасауға мүмкіндік алғанын ортағасырлық мұсылман ойшылдарының мысалынан ғана емес, сонымен қатар XVI-XVII ғғ Еуропаның Қайта өрлеу дәуірінен көруге болады.[6, б. 163]

Гуманистік идеяның жарқын өкілі Әбдірахман Жәми поэзиясының ең басты кейіпкері – адам. Ойшыл мүліктік жағынан өз заманының ең беделді адамдарының бірі болғанына қарамастан, өмір салтында өте қарапайым болып, байлығын негізінен қайырымдылыққа жұмсап отырды. Адам байлықпен емес, білімімен, талантымен және шеберлігімен қымбат екенін айтады. Жәми түсінігіндегі мінсіз және қайырымды адамдар бұл көңіл көтеруге, мас болуға, азғындық пен ашкөздікке жол беретін алтыны да, күмісі де жоқ адамдар. Ойшыл қалалар мен ауылдарды қиратушы, шаруалар мен қолөнершілерді тонайтын қысымшыларды айыптайды, қарапайым халықтың еңбегі мемлекеттің тірегі деп санап, билеушілерді шаруаларды қолдап олардың еңбегін бағалауға әрдайым шақырды.

Әділдік қағидаттары-мемлекеттің негізі дей келе ойшыл көзқарасындағы арман қала былай сипатталады:

Ол шаһардың адамдары ерекше,

Патша, Князь болмайды онда бөлекше.

Жоқ оларда бай, кедейдей бас қамы,

Бауырлардай бір тұтасқан жас – кәрі.

Еңбек етер маңдай терді сыпырып,

Тоқ болады жер жемісін пісіріп,

Әдет – ғұрпы бүлінбеген таза ел,

Соғысыңды білмейтұғын мазалы ел.

Тамылжып тұр бау бақшасы әр үйдің,

Есігі ашық ел деп ғажап танимын... [2, б. 14]

"Кемел адам" – адамгершілік қасиеттердің иесі, ішкі жан дүниесі таза, білімді, ғылымды меңгерген маман иесі атанып, өз халқына адал қызмет ету идеясы жатыр. Жәмидің этикалық көзқарасынан оған дейін өмір сүрген Фирдоуси, Низами, Убайда Заккони сынды ақындар мен ойшылдар туындыларымен ұқсастықтары байқалады. Кемел адам идеясы нағыз сопының жан дүниесінен көрініс табады дей келе, дүмше сопыларды сынға алады.

Сопы – дүние мен жамандық атаулыдан ада (тазарған),

Жаны таза, ниеті түзу, кеудесінде өзімшілдігі жоқ,

Тек мейірім мен жақсылық жасауға ұмтылатын адам.

Ол мәңгі бақи осы қалпында қалады

Қандай жағдай болмасын, көлдей көңілі тасып,

Екі дүниенің мұхитынан өзіне бір тамшы нәр алған адам.

Ол үшін қаншама еңбектену мен таныған Құдайдан басқа,

Оған деген махаббатынан басқа «Құбыла»жоқ.

Ол үшін өмірдің тіл үйірген тұщысы да, у татыған ащысы да бірдей.

Ол ешбір нәрсеге алаңдамай өзінің жүрегіне орныққан өз бағытын ұстанады.

Жәмиден кейін феодализм дәуірінде тәжік халқының философиялық және қоғамдық-саяси ойы тарихында таза философиялық мәселелермен айналысқан ойшылдарды кездестірмейміз деп айтуға болады.

Әбдірахман Жәми Гератта 1492 жылдың 9 қарашасы күні дүние салды және өзінің тәлімгері Са' д ад-Дин Қашқаридің жанында жерленген. Ойшыл көркем образдарда, жиі аллегориялық түрде феодалдық қоғамға өз көзқарасын білдіріп, маңызды әлеуметтік саяси және адамгершілік мәселелерді көтерді. Еңбекшілердің жағдайын жақсарту туралы идеологияны ұсынды және қоғамның барлық мүшелері үшін тең құқылық пен әділдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік билікті орнату туралы идеяны ұсынған болатын.

Бұл идеялар утопиялық, абстрактілі сипатқа ие болғанымен, сол уақыттағы қоғамдық саяси ойды дамытуда маңызды қадам болды деп айтуға негіз бар.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Алтаев Ж., Фролов А. Ислам философиясы. – Алматы: Эверо, 2014. – 504б.

  2. Әбдірахман Жәми. Ғазелдер. – Астана: Аударма, 2004. – 120б .

  3. Раджабов М. Абдурахман Джами и таджикская философия XVвека. – Душанбе: Ирфон, 1968

  4. Маматов М.А. Сущность суфизма. Уфа, 2011. – 193

  5. Қасиетті Құран және қазақ тіліндегі мағыналық аудармасы/ ауд. Ибадуллаев С.З. – Алматы: Полиграфкомбинат, 2015. – 774б

  6. Хайруллаев М. Культурное наследие и история философской мысл. – Узбекистан. 1985. - 264


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет