Еңбек шарты Жосалы кенті "20" қазан 2022 жыл


 ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ



бет2/47
Дата12.01.2023
өлшемі114,67 Kb.
#61105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
2. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ
2.1. Жұмыскердің жұмыс және демалыс уақыты Жұмыс беруші бекіткен осы Шарттың шарттармен, еңбек тәртібімен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленеді, осыған байланысты Жұмыскерге: 
- Күнделікті жұмыс күні – 9.00 сағаттан 19.00 сағатқа дейін; 
- дем алу мен тамақтануға арналған үзіліс – 13.00 сағаттан 15.00 сағатқа дейін. 
ҚР еңбек заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші демалыс және мереке күндеріндегі, үстеме, түнгі уақыттағы жұмысқа жұмыскердің жазбаша келісімімен тартуға құқылы. 
3. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1Жұмыс берушінің:
3.1.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
3.1.2. жұмыскерлермен еңбек шарттарын Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3.1.3. өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
3.1.4. жұмыскерден еңбек шарты талаптарының, еңбек тәртібі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
3.1.5. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерді көтермелеуге, оған тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерді материалдық жауаптылыққа тартуға;
3.1.6. еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге;
3.1.7. еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
3.1.8. жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге;
3.1.9. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және оның біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
3.1.10. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
3.1.11. жеке еңбек дауын шешу үшін Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен рет-ретімен келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар.
3.2Жұмыс беруші:
3.2.1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
3.2.2. жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3.2.3. жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
3.2.4. жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға;
3.2.5. жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
3.2.6. жұмыскерді еңбек тәртібі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен таныстыруға;
3.2.7. жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға;
3.2.8. жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шарттарына сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
3.2.9. жұмыскерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
3.2.10. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
3.2.11. мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
3.2.12. егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
3.2.13. жұмыскерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
3.2.14. жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
3.2.15. жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
3.2.16. жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
3.2.17. жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
3.2.18. жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге;
3.2.19. жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге;
3.2.20. еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
3.2.21. жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
3.2.22. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет