Еңбекті қорғау


ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН ЖАРАҚАТТАНУ



бет12/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
treatise36891

2.3. ЭЛЕКТР ТОГЫМЕН ЖАРАҚАТТАНУ

Электр тогымен жарақаттанудың нәтижесі, адамға ток көзінің әсер ету уақытына байланысты болады. Сондықтан алғашқы көмек көрсетудің негізгі мақсаты - адамды тез арада ток көзі әсерінен босату. Зертхана орнында электр энергиясын жалпы рубильникті ажырату арқылы тез өшіруге болады. Сонымен қатар, токтан зақым тудырған жабдықты ажырату жолымен де босатады.


Электр тізбегін ажыраттырпай, зақымданған адамның денесінің ашық жерінен жалаңаш қолмен ұстауға тиым салынады. Ток әсерінен босатқанна кейін зақымданған адамға мідетті түрде медициналық көмек көрсетілуі тиіс. Зақымданған адам аз уақытқа болсын есінен танып қалған жағдайда дәрігер шақырылу керек.
Егер зақымданған адам талып қалғаннан кейін, есін жиса, оны жылы жерге жатқызып, жылы сусын беріп, кеудесін ашып дәрігер келгенше оны тыныштандыру қажет. Зақымданған адамды қараусыз қалдыруға болмайды.
Егер зақымданған адам есінен танған кезде , ең бірінші оның тамыр соғысы мен демін тексеру керек. Тамыр сғысы мен демі анықталғанна кейін, оны арқасымен жатқызып, басын бұрып қояды. Ары қарай оны есіне келтіру шараларын жасайды – бетіне суық су шашады, нашытр спирті жағылған мақтаны иіскетеді. Осыдан есін жинағаннан кейін, оған валериан тұнбасын (15-20 тамшы) және ыстық шәй ішкізу керек.
Егер тыныс алуы баяу және бірқалыпты болмаса, жасанды тыныс алдыру мен жүрек массажын жасайды.
Егер тыныс алуы мен тамыр соғысы жоқ болған кезде, оны ешқашан өлген адам ретінде санамау қажет. Мұндай кезде тез арада, зақымданған адам клиникалық өлім жағдайында қанша уақыт жатқанына қарамастан, үздіксіз жасанды тыныс алдыру мен жүрек массажын, тамыр соғысы мен демі қалпына келгенше жасайды. Реанимациялық шараларды тоқтатудың негізі - тек дәрігердің қорытындысы немесе дененің сіресіп қалуы мен температурасының қоршаған ауанікіне дейін төмендеуі болып саналады.
Егер зақымданған адам денесінде күйген жер бар болса, онда термиялық күюде қолданатындай алғашқы көмек көрсетілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет