Қолға ұстайтын ауа-көбікті ОВП-5 және ОВП-10 өрт сөндіргіштері. ПО-1 көбік түзушісінің 4-6 % сулы ерітіндісімен зарядталған. Зарядты корпустан шығару, өрт сөндіргіш корпусының ішінде жеке боллонда орналасқан көміртектің қос тотығының қысымымен іске асады. Корпустың жоғарғы жағындағы жіберу рычагын басқанда, көміртектің қос тотығы бар баллонның мембранасы тесіледі. Корпуста пайда болған 1 МПа қысымның әсерінен көбік түзушісінің ерітіндісі сифонды түтікше арқылы кең қонышты сұғындырмаға түсіп, ондағы ауамен араласып ауа-механикалық көбік түзеді. Жұмыс кезінде өрт сөндіргішті бұрмай және көлбейтпей тек тік ұстайды. Жанып жатқан беттікке көбік ағынымен, шетінен бастап ортаға қарай, барлық жану аймағын қамти жабуға тырысу керек.
Ауа-көбікті және химиялық көбікті өрт сөндіргіштердің қолдану салалары сәйкес келеді.
Қолға ұстайтын химиялық ауа-көбікті ОХВП-10 өрт сөндіргіші.Бұл өрт сөндіргіш - химиялық көбіктіден ауа-көбікті сөндіргіштерге көшу моделі болып табылады. Мұндағы көбік зарядтардың негіздік және қышқылдық бөліктерінің әрекеттесуінен пайда болады. Бірақ мұнда көбік ағыны сыртқа шашқыш арқылы емес, ал кең қонышты сұғындырма арқылы шығады. Бұл өрт сөндіргіш іске химиялық көбікті сияқты қосылады, ал тиімділігі жағынан ауа-көбікті сөндіргішке жақын.
3.2. БАСҚА ӨРТ СӨНДІРГІШ ҚҰРАЛДАР
Су. Судың өрт сөндіруші құрал ретінде құндылығы – кез-келген зертханада үнемі шексіз мөлшерде болуында. Шағын от көзін жақын тұрған құбырдан суды ағызып өшіруге болады.
Сумен әсіресе, кәдімгі қатты жанғыш материалдарды ағаш, қағаз, көмір, резеңке, шүберек, сонымен қатар ацетон, төменгі спирттер, органикалық қышқылдар сияқты жанғыш сұйықтарды өшіру тиімді. Өшіру кезінде су шашыратқыш пайдаланғанда тиімділік артады. Егер жану көзін бастапқы өрт сөндіру құралдарымен тез жоя алмаған жағдайда, айналадағы жақын тұрған материалдарды – мебель, жабдықтар, газ баллондарын, егер оларды шығара алмаған кезде су шашып ылғалдандырады.
Бірақ судың ыңғайлылығына қарамастан, зертхана жағдайында оның қолданылуы шектеулі. Су біршама электрөткізгіш болғандықтан, жанған кернеуге қосылған электр жабдықтарын сөндіруге болмайды. Өрт кезінде сумен күшті реакцияласатын заттар жақында тұрса, сумен өшіруге тиым салынады. Жанған көмірсутектерді және басқа да тығыздығы бірден төмен сумен араласпайтын сұйықтарды өшіруде судың тиімділігі аз. Кейбір жағдайда сумен өшіру керісінше отты күшейтеді, өйткені жанып жатқан сұйық судың бетіне шығып, одан әрі жанып, жану аймағын ұлғайтады.
Әсіресе, май немесе қайнауы жоғары сұйықтар қыздырылып жатқан ыдыстарына немесе қатты зат балқытылып жатқан ыдысқа судың түсуі өте қауіпті.Мұнда түскен судың мөлшері мен сұйықтың температурасына қарай не қатты көбіктенеді, не ыстық сұйық шашырап, сыртқа лақтырылады да, жану қарқынын күшейтіп және от көздерін жан-жаққа шашыратады. Қыздырылып жатқан май жанғанда сумен өшірмекші болған адамдардың қолы, бетінің ауыр күйген жағдайлары көп белгілі.
Сонымен қатар, сумен өшіру кезінде қондырғылар мен жабдықтар зиянға ұшырайтынымен санаспауға да болмайды.
Асбест матасы.Жану ошағы аз жағдайда, ауаның қатысынсыз жана алмайтын заттар мен материалдар жанған кезде пайдаланады. Матаның ұсынылатын өлшемі - 1 х 1 м. Үлкен өлшемді маталар өгшіру кезінде ыңғайсыз болады. Штативке орнатылған қондырғылардан, қиын қол жететін жерден, жабдықтармен толтырылған стөлдің үстінен от шыққан кезде асбест матасымен сөндіру мүмкін емес, бұдан тек жабдықтардың шынылары сынып, зиян шегіледі және жану одан әрі ұлғаюы мүмкін. Жанғыш сұйық заттардың отын өшіргеннен кейін, әбден суығанша асбест матасын