Еңбекті қорғау


ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДАҒЫ ӨРТ ПЕН ОТТЫ СӨНДІРЕТІН БАСТАПҚЫ ҚҰРАЛДАР



бет17/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
3. ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДАҒЫ ӨРТ ПЕН ОТТЫ СӨНДІРЕТІН БАСТАПҚЫ ҚҰРАЛДАР

Өрт сөндіруші бастапқы құралдарға әртүрлі от сөндіргіштер, асбест матасы, сонымен қатар құбырдан ағатын су жатады. Химиялық зертханада әртүрлі қасиеттері бар жанғыш заттардың болуына байланысты, өрт сөндіруші бастапқы құралдарды дұрыс және өз кезегінде пайдалана білу өте қажетті. Зертханада бар әрбір бастапқы от сөндіруші құралдардың қолдану саласы мен мүмкіндіктерін білмей, отты ойдағыдай сөндіру мүмкін емес.




3.1. ӨРТСӨНДІРГІШТЕР.

Өрт сөндіргіштердің техникалық сипаттамалары 10-қосымшада көрсетілген.


Көмірқышқылдық өрт сөндіруштер (қолға ұстайтын ОУ-2,ОУ-5, ОУ-8 және жылжымалы УП-1М, УП-2М). Олар көміртектің қос тотығын 6МПа қысыммен сғу арқылы толтырылады. Вентиль маховигін барынша сағат тіліне қарсы бұрағанда сығылған көміртектің қос тотығы боллоннан түтік арқылы шапшып шығады. Шыққан кезде булану салдарынан ағын қатты суып, жанып жатқан жерге қар сияқты түрде түседі.
Химиялық зертхана жағдайында көмірқышқылдық өрт сөндіргіштер қолданған ыңғайлы. Көміртектің қос тотығында су болмағандықтан жабдықтарға зиян келтірмейді. Өрт сөндіргіштер кішкентай жердегі кез-келген отты, соның ішінде кернеуге қосылған электр жабдықтарын, сөндіруге өте ыңғайлы.
Отты сөндіргеннен кейін, вентиль маховигімен СО2 ағынын тоқтатады. Салмағын өлшеу арқылы қанша заряд қаоғандығын біліп, қажет болса оны қайта толтыруға жібереді. Басқа да от сөндіретін құралдардың бар болуына қарамастан, өрт сөндіргіштер әр жұмыс орнында болуы тиіс.
Өрт сөндіргіштерді барлық жағдайда да қолдануға болмайды, мысалы адам киімі жанған кезде, өйткені қар тәріздес масса теріні үсітіп жібереді. Көміртектің қос тотығы сілтілік металдардың, көптеген металлорганикалық қосылыстардың, мысалы алкилаллюминий туындыларының, сонымен қатар қызу кезінде оттек бөлетін жанғыш қосылыстардың (селитра, перхлорат, хлораттар, перманганаттар, пероксидтер т.с.с. негізіндегі) жануын тоқтата алмайды. Ал органикалық еріткіштер осы заттардың қатысымен жанғанда, өрт сөндіргішпен ойдағыдай өшіріп алуға болады. Көмірқышқылдық өрт сөндіргіштер шіріген заттарды сөндіруде де тиімді емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет