Ұнтақты өрт сөндіргіштермен зертхананың сілтілік металдармен, металл органикалық қосылыстарымен, металл гидридтерімен жұмыс істейтін барлық бөлмелері қамтамасыз етілуі тиіс. Ұнтақты құрамдарды қолданғанда олардың суытқыш қабілетерінің төмендігін ескерген жөн. Егер ұнтақтың себілген қабаты жеткіліксіз болса, оттан қызған заттардың қайта тұтануы мүмкін.
Әр ұнтақты құрамдардың нақтылы қолдану шегін ескеру өте маңызды. Мысалы, натрий бикарбонаты негізіндегі ұнтақтарды сілтілік металдарды сөндіруде пайдалануға болмайды, өйткені бикарбонаттың термиялық ыдырауы кезінде көміртектін қос тотығы мен су бөлінеді:
2NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 +H2O
Олардың ыстық металдармен әрекеттесуі жануды жандандырады.
Алюминийорганикалық қосылыстарды өшіруде қолданатын жалғыз құрал СИ-2 сілтілік металдарды сөндіруде қолданбайды, өйткені оның құрамындағы тетрафторбромэтан сілтілік металмен, әсіресе жанып жатқанда қатты реакцияласуға қабілетті болады.
Барлық қызметкерлер зертханадағы өрт сөндіргіштердің қандай құрамдармен зарядталғанын білуге тиіс. Дұрыс қолданбаудың алдын алу үшін өрт сөндіргіштің тікелей сыртына немесе оның үнемі тұратын жеріне, қолдану саласы тізіліп жазылған кестені жапсырып қою қажет.
Қолға ұстайтын химиялық көбікті ОХП-10 (ОП-5) өрт сөндіргіштері.Өрт сөндіргіш корпусы беттік-активті зат – мия экстрактысы қосылған натрий бикарбонаты ерітіндісімен толтырылған. Жеке полиэтилен стақанына зарядтың қышқылдық бөлігі – темір (III) сульфаты мен күкірт қышқылының қоспасы салынады. Өрт сөндіргішті жұмысқа қосу үшін, корпустың жоғарғы жағындағы тұтқаны 180 -қа бұрып, сөндіргішті төңкереді (еденге ұруға тиым салынады). Бұл кезде зарядтың негіздік және қышқылдық бөліктері араласады және көміртектің қос тотығы бөлінунен пайда болатын көбік, қатты ағынмен түтік арқылы шығады. ОХП-10 сөндіргіші шамамен 90 л көбік шығарады.
Көбікті өрт сөндіргіштердің нәтижелілігі оператордың дұрыс әрекет жасауына көп тәуелді болады. Көбік ағынын оттың тура ортасына емес, жану бетіне көлбеулетіп, жалынның астынғы жағына шетінен бастап орталыққа қарай шашу керек.
Көптеген қатты және сұйық заттар мен материалдардың жануын жақсы өшіретін қасиетіне қарамастан, көбікті өрт сөндіргіштердің зертханадағы қолданылуында шек бар.
Химиялық көбіктер жоғары электрөткізгіш қасиеттерге ие болғандықтан, олармен отты сөндірер алдында, барлық бөлмелердегі ток көзін жалпыға бірдей ажыратқышпен ажыратады. Оператордың токтан жарақат алуы тек, кернеуде тұрған электр жабдығының отын сөндіруден емес, сонымен бірге көбіктің кездейсоқ электр розеткасына немесе элетр щитіне түсуінен болуы мүмкін.
Көбікті өрт сөндіргіштерді сумен қопарылыс беретін, жанғыш немесе ащы газдар бөлетін, көп мөлшерде жылу шығаратын қабілеттері бар заттармен жұмыс істейтін зертханада қолдануға болмайды. Сілтілік және сілтілік жер металдарына, олардың құймалары мен кейбір қосылыстарына, көптеген МОҚ-ға, минералды және органикалық қышқылдар ангидридтері және галогенангидридтеріне су немесе көбіктің тиюі - аса қауіпті.
Көбікті өрт сөндіргіштердің зертханада қолданудың кемшілігі - зарядтың қажет бөлігін ғана пайдалануға мүмкін еместігінде және отты жойғаннан кейін сөндіргіштің әрекетін тоқтата алмайтындығында. Көбік жабдықтарға, қондырғылырға, реактивтерге зиян келтіреді. Сондықтан зертхана бөлмелерінде көбікті өрт сөндіргіштер негізгі емес, тек қосымша өрт сөндіргіш құрал ретінде болуы керек.