Еңбекті қорғау



бет24/62
Дата19.05.2023
өлшемі1,15 Mb.
#95245
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
treatise36891

4.4. ЫДЫСТАРДЫ ЖУУ

Ыдыс жуу оңай болып көрінгенімен, жарақаттың көбі осы процедураның үлесіне тиеді. Сондықтан ыдыс жуудың қауіпсіздік мәселелерін жеке қарауды талап етеді.


Негізгі қауіпсіздік шаралары.
1. Ыдысты мүмкіншілік болса, пайдаланып бола салысымен, әйтпесе жұмыс соңында жуу қажет. Ереже бойынша оларды келесі күнге қалдыруға болмайды.
2. Кір ыдыстарды арнайы кювета немесе табаққа салады. Оларды зертханалық жалпыға арналған раковинасына, сорғыш шкафқа немесе жұмыс үстеліне шашылған күйде қалдыруға болмайды.
3. Әр қызметші ыдыстарын өздері жуған дұрыс. Мұндай ұйымдастыру барлық жағынан қауіпсіз болады. Басқа біреуге ыдыс жууды, егер ыдыс былғанышы улы, тітіркендіргіш болмаса және оңай жуылатын болса ғана тапсыруға болады. Егер ыдыс былғанышының қасиеті ыдыс жуатын жай қызметкерге белгісіз болса, онда ол ңақтылы нұсқаумен танысуы қажет.
4. Ыдыс жуғанда міндетті түрде резеңке қолғап кию және тітіркендіргіш заттарды, әсіресе хром қоспасын немесе сұйытылған негіздерді пайдаланылғанда, қорғағыш көзілдірік немесе маска кию қажет.
5. Егер зертханалық ыдыс жуатын жер сорғышпен қамтамасыз етілмесе, онда зиянды, оңай ұшқыш және исі жаман заттармен былғанған ыдыстарды жуу сорғыш шкаф астында жүргізілуі керек.
6. Егер ыдыс былғанышын кетіруге қай әдістің көбірек тиімді екені алдын-ала белгілі болмаса, онда ең оңай әдіс – сабынды ыстық сумен жуудан бастаған дұрыс. Ыдыстың былғанышы сумен кетпеген жағдайда ғана агрессивті және қауіпті жуғыш заттарға – органикалық еріткіштерге, сұйытылған қышқылдар мен негіздерге, хром қоспасына жүгінуге бролады.
Ыстық сумен, сабынды және әлсізнегіздік ерітінділермен жуу. Бұл әдіс - кез-келген химиялық ыдыстарды жууда қауіпсіздік техникасының талаптарына ең жауапты бірінші ұсынылатын әдіс. Ыдысқа жабысқан былғаныштарды механикалық жолмен кетіру үшін және жуғыш затардың жуу қасиеттерін арттыру үшін әртүрлі формадағы ерштар мен жұмсақ щеткалар қолданалынады. Құмды, зімпара қағаздарды, сымнан жасалған щеткаларды, шыны бетінде сызат қалдырып, ыдыстың термиялық тұрақтылығын кемітетіндіктен шыны ыдыстарды жууда пайдалануға болмайды. Зертханада көбіне кір сабын, жуғыш паста мен ұнтағының ерітінділерін, 5-10 % Na2CO3 сода ерітіндісін, 10 % Na3PO4 натрий фосфаты немесе Na6P6O18 натрий гексаметафосфаты ерітінділерін пайдаланылады.
Кішкентай ыдыстарды ыстық сумен шайқағаннан кейін, оларды кастрюльге немесе тостағанға салып жуғыш еріндіде қайнатады да, абайлап шығарып ыстық сумен тағы мұқият шайқайды. Әдетте мұндай өңдеу, әртүрлі органикалық және бейорганикалық былғаныштардан арылтады. Жуғыш ерітіндіні бірнеше рет пайдалануға болады. Бөтелкелерге, үлкен колбала мен стақандарға, және басқа да ыдыстарға ыстық жуғыш ерітіндісін құйып, ерш немесе щеткамен тазалап, содан соң шайқайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет